«Almaty Resort» шипажайының медбикелері сыбырлап мейірімді дыбыспен, концерт ұйымдастырып, ұлттық аспаптардың дыбысымен, сосын… сосын ультра дыбыспен емдейді!
Ультрадыбыспен емдеу – ультрадыбыс деп аталатын ультра жоғары жиіліктің (800-3000 кГц) механикалық тербелістерімен емдеу шарасын жасау.
Емдік әсері: ауырсынуды басады, әбден жіңішкерген тамырларын кеңейтеді, ісікті басып, таратады, қабынуды тоқтатып, қалпына келтіреді, бронхолитикалық, бактерицидтік әсері де бар.
Денедегі ем-шара жүргізу ауданы ересектерде 250 см2, балаларда 100-150 см2 аспайды. Дәрілік заттардың ультрафонофорезі дегеніміз ағзаға ультрадыбысты теріге немесе шырышты қабыққа жағылған дәрілік май арқылы жеткізу. Ультрафонофорез үшін гормональды препараттар, анальгетиктер, спазмолитиктер, антибиотиктер, қантамыр реттеуіштері және бірқатар өзге дәрілік құралдар пайдаланылады.
Көрсетілімдері:
– омыртқа остеохондрозының неврологиялық көріністері (түбірлік синдром, қантамырлық-түбірлік синдром, миелопатия және т.б.);
– перифериялық нерв жүйесі аурулары мен жарақаттарының салдарлары, нейропатиялар, невралгиялар, ганглиониттер, радикулиттер, омыртқа мен жұлын жарақаттары, шашыраңқы склероз, Рейно ауруы, буын, бұлшықет, сіңір, қалта-байлам аппаратының аурулары мен жарақаттары,
– бронх пен өкпенің созылмалы спецификалық емес қабыну аурулары (бронхообструктивтік синдром, тыныс алу жетіспеушілігі, созылмалы бронхит, бронх демікпесі, созылмалы пневмония), өкпенің кәсіби аурулары, өкпе туберкулезы;
– ас қорыту мүшелерінің аурулары (созылмалы гастрит, асқазан мен ұлтабардың ойық жаралы ауруы, созылмалы колит, холецистит, панкреатит, ішек дискинезиясы);
– тері аурулары (склеродермия, аллергиялық процестер, гиноидтық липодистрофия);
– ЛОР мүшелерінің аурулары, ағзаның төмен реактивтілігі фонында науқастың ауыз қуысы шырышты қабығының, көздің аурулары, жарақаттар мен операциялардың салдарлары, стоматологиялық аурулар;
гинекологиялық және урологиялық аурулар (бедеулік, аднексит, мастит, простатит).
Ауа-райы салқындаған сайын адам ағзасының жұмыс режимі айтарлықтай ерекшеленеді. Тамақтану – біздің ағзамыздың жұмысының маңызды бөлігі. Осыған орай, суық мезгілде тамақтану туралы бірнеше кеңестер ұсынамыз.
Кеңес №1. Аштыққа жол бермеңіз!
Қысқы тағамның калория мөлшері жазға қарағанда жоғары болуы керек. Бұған ауыр ақуыздар көп балық, құс еті, ет тағамдарын тұтынуды көбейту арқылы қол жеткізу қажет. Қыста онымен қоса, көмірсудан бас тартпағаныңыз жөн. Оларды диета үшін тамақтану рационынан алып тастау иммунитеттің төмендеуіне және вирустық ауруларды оңай қабылдауға қауіп төндіреді.
№2 Кеңес. Витаминдер мен дәрумендер!
Тамақтану тәртібіне дәрумендерге бай тағамдарды қосу керек. Қыста олар өте үлкен рөл атқарады. Атап айтқанда, Е дәрумені теріні ауа-райынан және аяздан қорғауға көмектеседі.
№3 Кеңес. Су ішуді ұмытпаңыз!
Тіпті қыста сіз кем дегенде 1.5 литр сұйықтық ішуіңіз керек. Кем дегенде бір литр таза су! Қалған сұйықтық компот немесе жылы шай түрінде болуы мүмкін.
№4 Кеңес. Ыстық тамақ!
Ыстық тағамдарды немесе жылы сусындарды ішуді ұмытпаңыз. Егер сіз жолда тамақтануыңыз керек болса, онда тағамды ыстық шаймен ішкен жөн.
№5 кеңес. Әртүрлі рацион!
Мәзіріңіздің барынша алуан түрлі болуын қамтамасыз етіңіз. Өнімдерді күн сайын ауыстырған жөн. Ыдыс-аяқтың әртүрлілігі және тамақтанудың бөлшек қағидасы сіздің денеңізге қыс мезгілінде белсенді өмір сүру үшін жеткілікті қуат береді.
Сіздің денсаулығыңызға деген қамқорлықпен «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені.
Біздің сауықтыру кешенінде 10 емдеу бағдарламасы бар:
⦁ Covid-19 және пневмониядан кейін науқастарды оңалту. (Емдеу курсы – 7-14 күнді құрайды)
⦁ Тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу – 10-14 күн
⦁ Жүрек-тамыр жүйесі ауруларын емдеу – 10-14 күн
⦁ Әйел денсаулығы – 10 күн
⦁ Ерлер денсаулығын нығайту – 10 күн
⦁ Буындарды нығайту – 10-14 күн
⦁ Артропатия: подагра – 10-14 күн
⦁ Ағзаны шлактардан тазарту және бұзылған функцияны қалпына келтіру – 6 күн
⦁ Сау омыртқа бағдарламасы – 10 күн
⦁ Тамыр аурулары – 10 күн
Жолдама құнына кіретін медициналық қызметтердің толық тізімін, сондай-ақ ақылы медициналық қызметтердің тізімін біздің сайтымыздан таба аласыз.
Шипажайға келген күні сізді міндетті түрде емдеуші дәрігердің қабылдауына жібереді. Дәрігер сіздің денсаулығыңызға қатысты ақпарат арқылы емшаралар тізімін тағайындайды.
⦁ Ол тізімге міндетті түрде жолдама құнына кіретін қызметтер де кіреді.
⦁ Уақыты мен күні сіздің санаторлық-курорттық картаңызда көрсетілген.
Емдеу-сауықтыру кешенінде жүздескенше! Қосымша сұрақтарыңыз болса, +7702 059 2020 номеріне хабарласуға болады.
Қатты су қысымымен жүзеге асырылатын, су астында жүргізілетін гидромассаж түрлерінің бірі. Су асты душ-массажының мақсаты жалпы ағза жұмысын қалпына келтіру және көптеген ауруларды емдеу.
Су асты душ-массажы перифериялық қан тамырларының атеросклеротикалық зақымдануымен күреседі, науқастың жағдайын жақсартады, нерв жүйесін тыныштандырады, жарақаттан соң физикалық оңалтады, салмақты азайтуға көмектеседі.
Көрсетілімдері:
Жалпы әсер ету ем-шарасының ұзақтығы 15-30 минутты құрайды. Емдеу курсына 8-10 реттен бастап 15-20 ретке дейін ем-шара тағайындайды, олар күн сайын немесе күнара қолданылады. Су температурасы 35-36 градустан аспауы, атмосфералық қысым 1,5-тен 3-ке дейін болуы тиіс.
Фанго-парафин – шығу тегі вулкандық, жылуды ұзақ сақтайтын
қасиеті бар, құрамында бұлшықет және сүйек тіндері үшін маңызды
минералды заттары бар, қанайналымды жақсартуға, ауырсыну сезімдерін төмендететуге ықпал ететін және босаңсыту әсері бар минералды балшық.
Емдік әсерлері:
қанайналымды жақсартады, ауырсыну сезімдерін төмендетеді және
ісікті тарататын әсері бар.
Көрсетілімдері:
– буын аурулары, бұлшықеттер мен байламдардың (сіңірдің) үзілуі,
артриттер, артроздар;
– перифериялық нерв жүйесінің аурулары: радикулит, невралгия,
неврит;
– тыныс алу органдарының аурулары: созылмалы бронхит,
пневмония;
– асқазан-ішек жолының аурулары;
– зәр шығары жүйесінің аурулары: созылмалы пиелонефрит, несеп-
тас ауруы, созылмалы цистит, несеп қышқылды диатез;
– тері аурулары: нейродермит, дерматоздар;
Фанго-парафинді массаж сеансы алдында дайындау шарасы (құрысқан бұлшықеттерді босату және жылыту, жалпы релаксикация) ретінде,
косметологияда теріні тиімді жұмсарту, май бездерінің өзектерін ашу, терді қаттырақ шығару үшін тағайындайды.
LOC “Okzhetpes” heartily congratulates all students and parents with the beginning of a new school year! May it bring new useful knowledge and skills, strong friendship and reliable friends!
Strong health for conquering new heights!
Today is the Day of the Constitution of Kazakhstan. Symbol of independence and freedom, unity and stability – the Basic Law, first of all, reflects the will of the people.
JSC “LOC “Okzhetpes” congratulates all Kazakhstanis with one of the most important holidays for our country – Constitution Day of the Republic of Kazakhstan and wishes you and your families health, peace, success in labor and new achievements for the benefit of our homeland!
Share the material in social networks:
The medical and recreational complex “Okzhetpes” of the Medical Center of the Presidential Affairs Directorate was recognized by the National Resort Association as the “Best Sanatorium of the Year”.
Our main weapon is your health and love!
Please spread the information among your acquaintances. Recently, there has been an increase in fraud. Fraudsters sell fake “vouchers” to our sanatorium.
Book vouchers by phone: +7(702)-059-2020
If you have not managed to call us, you can leave your contacts in direct, we will contact you!
With respect, your “Okzhetpes”!