with the terms of the booking rules agree

“Оқжетпес” ЕСК-де емдік тамақтануды ұйымдастыру медициналық қызмет көрсетудің негізгі іс-шараларына жалпы емдеудің бір бөлігі ретінде кіреді.   Кешеннің бейініне сәйкес мекемеде үнемі әрекет ететін №1,4,5,7,9,10,15 емдәмдер, бірақ қажет болған жағдайда медициналық көрсеткіштер бойынша жалпыға ортақ емдәмдердің бірі белгіленеді.

Емдеу-сауықтыру кешенінде төрт мезгіл тамақтану + қымыз беру ұйымдастырылған. Медициналық көрсеткіштер бойынша жиі тамақтануды қажет ететін бөлек тобы үшін дәрігерлердің тағайындауы бойынша қосымша тамақ қабылдау белгіленеді және ерекше жеке кесте тағайындалады.  Бір ауысымда тамақтану ұйымдастырылған. Тамақтану залы 200 адамға арналған. Емдеу-сауықтыру кешенінде тағайындалған емдәм ішінен бөлек тағамды таңдап келесі күнге алдын ала тапсырыс беру жүйесі қолданылады.

Таңдамалы ас мәзірі демалушылардың әдеттенген дәмдерін қанағаттандырады.

Тамақтану жиілігі түріне және диетолог дәрігермен тағайындалған емдәмге байланысты күніне төрт, бес немесе алты рет болуы мүмкін.

Кешенде емдік тамақтану қатаң түрде сараланған және емдеу дәрігерінің бақылауымен жүргізіледі. Әрбір емдәм белгілі бір минералды және витаминді құраммен, сондай-ақ аспаздық өңдеумен ерекшеленеді.

Жұмыс кестесі

Таңғы ас: 09:00 - 10:00

Түскі ас: 14:00 - 15:00

Бесіндік: 17:00 - 17:30

Кешкі ас: 19:00 - 20:00

Қымыз: 12:00 - 12:30

Қосымша қызметтер

«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені қосымша мейрамханалық қызметтер ұсынады.

Симпозиумдар, семинарлар, дәрістер өткізу үшін кофе-брейктер, салтанатты кештер, банкеттер және фуршеттер тағамдарды мерекелік және көркемдеп безендірумен ұйымдастырылады.

Сізге іс-шараға шақырылған қонақтардың кез келген аспаздық таңдауын қанағаттандыратын банкеттік тағамдар мен аспаздық өнімдердің алуан түрі ұсынылады.

"Okzhetpes" provides comprehensive services. In case of any questions or requests, please contact us. With pleasure, we will satisfy your wishes and requests.

For accommodation, you can book a room.

Booking Online payment

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/ao-oqjetpes.kz/okzhetpes-burabay.kz/wp-content/themes/okzhetpes/footer.php on line 36