Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

НАФТАЛАНМЕН ЕМДЕУ

«Оқжетпес» ЕСК оңалтудың 10 бағыты бойынша қызмет көрсетеді. Олар жүрек-қан тамыры, тыныс алу мүшелері, тірек-қозғалыс аппараты, жүйке жүйесі, қан тамыры аурулары сияқты дерттер. Дегенмен, басым бағыт – тірек-қозғалыс аппараты мен жүрек-қан тамыры жүйесі. Қазіргі уақытта емдеудің жаңа түрін енгізіліе жатыр. Ол – Нафталанмен емдеу. Бұл мұнай өнімі және бұрындары Қазақстанда қолданылған емес. Әзербайжаннан әкелінген Нафталанмен емдеуді біздің шипажаймыз ең бірінші болып қолға алды.

70-тен астам ауруға ем бұл дәріні адамдар 12 ғасырдан бері емдік бағытта қолданып келеді. Ол қанның тұтқырлығын төмендетеді, иммунитетті көтереді. Өкпенің жұмысын жақсартады. Ағзадағы қабыну процестерін тоқтатады. Анальгетикалық әсері бар. Буын, тірек-қозғалыс жүйесіне әсері мол. Экзема, псориаз сияқты әлемде кездесетін кез келген дерматит ауруларын емдейді. Әзербайжан кеңес заманынан-ақ осы Нафталанмен емдеу жүйесін жолға қойған. Қазақстан азаматтары дәл осы емді алу үшін сол елге баратын. Ал біз Нафталанмен емдеуді осыдан жарты жыл бұрын қолға алдық. Алғашқы уақытта ем алушылар саны аз болатын. Бүгінде күніне кемінде 10 адам осы емді алып жатыр. Сұраныс артуда.

Одан бөлек, шипажайда физикалық терапевтикалық кабинеттер, типтік сумен емдеу орны және себезгі залы, балшықпен емдеу орны, урология, стоматология, массаж және ем-шаралар кабинеттері, ішекті мониторлық тазалау кабинеті, ингалятор, фитобар, зертханалық-диагностикалық бөлімше, косметологиялық кабинет, дәріхана орналасқан. Емдеу ғимаратында өткізілген терапияның тиімділігі мен қауіпсіздігін бақылауға мүмкіндік беретін қуатты аспаптық база бар.

Брондау бөлімімен байланысу үшін: +7702-059-2020

 

МЕРЕКЕЛІК ДЕМАЛЫСТЫ «ОҚЖЕТПЕСТЕ» ӨТКІЗ!

Мамыр мерекелерін қайда өткізсем екен деп ойланып жүрсіз бе? Жайлылық пен ағзаға пайдалы демалысты бізбен бірге өткізуге шақырамыз!

Стандарт нөмірі бір адамға тәулігіне 55 мың теңге, екі адамға тәулігіне 78 мың теңге тұрады.

Жолдама құнына: тұру, 4 реттік тамақтану + қымыз, дәрігердің тағайындауымен емдеу, бассейн, хаммам кіреді

Брондау бөлімінің байланыс нөмірі: +77020592020

Егер сіз бізбен байланыса алмасаңыз, онда сіз өзіңіздің телефон нөміріңізді жекеге қалдыра аласыз, біздің менеджер хабарласып, егжей-тегжейлі түсіндіріп береді

Кездескенше!

 

АТА-АНА ҮШІН ЕҢ БАҒАЛЫ СЫЙЛЫҚ – САУЫҚТЫРУ ДЕМАЛЫСЫ

Әр перзент үшін ең маңыздысы – ата-ана денсаулығы.

Сәуір айында ата-анаңызға, ата-әжеңізге 10% жеңілдікпен сауықтыру демалысын сыйлаңыз! Одан бөлек, шипажайда жеңілдікпен демалыс күндеріне арналған арнайы пакетпен өзіңіз де келіп, денсаулығыңызды нығайтыңыз.

Өзіңізге және ата-анаңызға арналған ең жақсы сыйлық – сапалы әрі пайдалы демалыc.

Толық ақпарат алам десеңіз: +7(702)-059-2020

 

 

ӨКПЕГЕ АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУ

Коронавирус белең алғанда адамдар өкпенің маңызын түсінгендей. Жүрек қағысы, ас қорыту, ми жұмысы мен өзге де маңызды мүшелердің қызметі тікелей дұрыс тыныс алумен байланысты.

Тыныс алған сайын ағзаға миллиардтаған маңызды жасушалар еніп, дем шығарғанда қажетсіз заттардан арыламыз. Мыңдаған жыл бойы ғалымдар мен дәрігелер дұрыс дем алудың формуласын жасауға тырысқан. Біздің қонақтарымыз үшін біз де өкпеге арналған жаттығуларды енгіздік.

Жұмыс күндері күніне 3 мезгіл шипажайдың жаңа фитнес-залында білікті маманмен өкпеге арналған арнайы жаттығулар өтеді.

Басталу уақыты:

10:30

12:30

15:30

Сенбі күндері:

10:30 және 12:30-да өтеді.

Жаттықтырушы: Менсұлу Нұрқанова

Жексенбі демалыс. Байланыс үшін: +7702-059-2020

САУЫҚТЫРУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ

Біздің сауықтыру кешенінде 10 емдеу бағдарламасы бар:

Covid-19 және пневмониядан кейін науқастарды оңалту. (Емдеу курсы – 7-14 күнді құрайды)

Тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу – 10-14 күн

Жүрек-тамыр жүйесі ауруларын емдеу – 10-14 күн

Әйел денсаулығы – 10 күн

Ерлер денсаулығын нығайту – 10 күн

Буындарды нығайту – 10-14 күн

Артропатия: подагра – 10-14 күн

Ағзаны шлактардан тазарту және бұзылған функцияны қалпына келтіру – 6 күн

Сау омыртқа бағдарламасы – 10 күн

Тамыр аурулары – 10 күн

Жолдама құнына кіретін медициналық қызметтердің толық тізімін, сондай-ақ ақылы медициналық қызметтердің тізімін біздің сайтымыздан таба аласыз.

 

 

ШИПАЖАЙ БАССЕЙНІ ӨЗ ҚОНАҚТАРЫН КҮТЕДІ

Шипажай бассейні сейсенбіден жексенбіге дейін 08:00-ден бастап кешкі 20:30-ға дейін жұмыс істейді. Түскі үзіліс 14:00-15: 00-ге дейін.

Судың температурасы 27 градус;

Ұзындығы – 25 м;

Ені -12 м;

Тереңдігі – 1,7 м.

3 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға бассейнге ата-анасының қадағалауымен ғана кіруге рұқсат етіледі.

Сіздерді сауықтыру демалысында күтеміз!

Брондау үшін:

+7 702 059 2020

 

 

ТӘНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ

Біздің шипажайда толық жабдықталған фитнес залы бар. Сіздің қолайлығыңыз үшін фитнес зал жылдың төрт мезгілінде де жұмыс істейді.

Спортзалда:

  • Жүгіру жолдары;
  • Power Plate Тренажерлары;
  • Жаттығу велосипеді;
  • Жоғарғы блокты тартуға арналған тренажер;
  • Квадрицепс машинасы;
  • Спорттық құрал-саймандар бар (фитболлар, құрсау, степ платформалар, гантельдер, штангалар және т.б.).

Брондау бөлімімен байланысу үшін 8702-059-2020 номеріне хабарласа аласыз.

 

 

АЯҚҚА АРНАЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ АППАРАТ

Біздің шипажайда аяққа арналған терапия әсерімен «Сапоги» аппараты іске қосылды.

Бұл аяқ денсаулығына арналған бірегей аппарат. Бұлшықет тонусын жоғарылатуға, жүйке жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіруге көмектесетін көптеген функциялары бар. Осындай аппараттың көмегімен лимфа дренаждық массажының әсеріне қол жеткізеді.

Денсаулыққа пайдалы нағыз релаксацияны сезінгіңіз келе ме? Онда біздің шипажайға сауығу үшін келіңіз!

 

 

 

ШИПАЖАЙДАҒЫ ХАМАМ МОНШАСЫ

Хамам моншасының ағаза пайдасы туралы баршаға мәлім. Бұл монша біздің де шипажайлк бар. Ондағы ауа температурасы 35-тен 50 градусқа дейін өзгереді.

Шипажайдағы хамам түрік моншасы жолдама құнына кіреді.

Моншаның тірек-қимыл аппараты үшін үлкен пайдасы бар. Тұз жиналу, артрит, ревматизм, бұлшықет созылуы және басқа аурулар кезінде хамамға 2-3 рет барғаннан кейін ұзақ уақыт бойы сізді мазаламайды. Хамам суық тию ауруларын емдеуге көмектеседі.

Сауықтыру демалысында кездескенше!

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІМЕН!

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ Сіздерді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтайды!

Наурыз – барлық қазақстандықтарды бір шаңырақ астында біріктіретін ең көне және құрметті мерекелердің бірі. Жаңа жылды қарсы алу ғана емес, сонымен бірге көктемгі күннің теңесуімен қатар, бұл көктем мерекесі, тіршіліктің оянуы, табиғаттың жаңаруы.

Наурыз адамзатты біріктіріп, бейбітшілікке, ізгілік пен өзара көмекке деген ұмтылысты түп-тамырымен жандандырады.

Наурыз әр үйге бейбітшілік, тыныштық пен амандық әкелсін!

Сіздерге денсаулық, бақыт, адал достар, мықты отбасы, еңбекте жеміс, көктемгі көңіл-күй мен өмірлік қуаныш тілейміз!

Брондау Онлайн төлем Оператор