with the terms of the booking rules agree

Ашық вакансиялар

Дәрігер-терапевт:

 

Талаптар: Жоғары медициналық білім, тиісті бейін бойынша маман сертификаты, еңбек өтілі кемінде 1 жыл, мүмкіндігінше біліктілік санатының болуы (екінші, бірінші, жоғары) және соңғы 5 жылда мамандықтар бойынша жетілдіру курстарынан өтуі.

 

Міндеттері: Емдеу-оңалту қызметтерін сапалы көрсетуді жүзеге асыру. Медициналық құжаттама мен есептіліктің сапалы және уақтылы жүргізілуін қамтамасыз ету.

 

Жұмыс кестесі: 9.00-ден 17.00-ге дейін, аптасына алты жұмыс күні

 

Сенбі  күні 9.00-ден 14.00-ге дейін.

Дәрігер физиотерапевт:

 

Талаптар: Жоғары медициналық білім, тиісті бейін бойынша маман сертификаты, еңбек өтілі кемінде 1 жыл,  соңғы 5 жылда мамандықтар бойынша жетілдіру курстарынан өтуі.

 

Міндеттері:

 

  • Физиопрецедуралардың тиімділігі мен қауіпсіздігін бақылау, аппаратураның әсер ету параметрлерін бақылау
  • Емдеу-оңалту қызметтерін және физиотерапиялық рәсімдерді сапалы ұсынуды жүзеге асыру, оңалтудың жаңа әдістерін тәжірибеге енгізу
  • Медициналық құжаттардың уақтылы жүргізілуін қамтамасыз ету
  • Дәрігерлік этика және деонтология қағидаларын сақтау.

 

Міндетті түрде білу керек:

 

  • «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі
  • Ересектер мен балаларға арналған санаторлық курорттық емдеу, физиотерапия әдістері
  • Организмнің иммунобиологиясы мен реактивтілігінің негіздері
  • Инфекция туындаған жағдайда эпидемияға қарсы іс-шаралар

 

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман

 

Талаптар: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) заң немесе қаржы-экономикалық білімі, мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.

 

Міндеттері:

 

  • Конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, бір көзден алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамаға сәйкес баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастыру үшін құжаттама жасау.
  • Мемлекеттік сатып алу сайттарының мониторингін жүзеге асыру

 

Міндетті түрде білу керек:

 

  • «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң;
  • ҚР нормативтік-құқықтық актілері және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға қатысты жергілікті актілер;
  • Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелері;
  • Мемлекеттік сатып алу мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;
  • шарттарды жасасу және ресімдеу тәртібі;
  • Менеджмент, Маркетинг және экономика негіздері;
  • баға әдістері, баға стратегиясы және тактикасы;

 

Шарттар:

Ресми жұмысқа орналасу

300 000 теңгеден басталатын жалақы

Жұмыс кестесі: бес күндік жұмыс аптасы

Дүйсенбі-жұма 9.00-ден 18.00-ге дейін

Сенбі, жексенбі демалыс

Booking Online payment operator