with the terms of the booking rules agree
праздники в Боровом

8 НАУРЫЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ

Ардақты аналар мен арулар! «Оқжетпес» ЕСК» АҚ сіздерді ең керемет және ең жарқын көктем мерекесі – 8 наурызбен шын жүректен құттықтайды!

Табиғат әйелдерге ғажайып сұлулық пен сарқылмас күш-қуат, шынайы нәзіктік пен адалдық, өмірлік даналық пен керемет табандылық сыйлаған.

Сіздер отбасының ұйытқысы болып, бала тәрбиелеп, кәсіби және әлеуметтік қызметте де табысқа қол жеткізесіздер, сонымен бірге әрдайым жас және әдемі болып қала бересіздер.

Осы көктемгі күнде сіздерге тамаша мерекелік көңіл-күй, отбасылық бақыт,  жақын-туыстарыңызға зор денсаулық тілейміз! Барлық тілектеріңіз бен армандарыңыз орындала берсін, отбасыларыңыз гүлденіп, амандық болсын! Әрқашан шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйлеріңізден жылылық кетпесін.

06.03.2018

Зімбірден жасалған 6 түрлі шырын

Зімбір вирустық аурулардың алдын-алу үшін ең жақсы халықтық құралдардың бірі болып саналады, сонымен бірге вирустық аурулардан кейін иммунитетті қалпына келтіруге көмектеседі. Біз сіздермен 6 түрлі зімбір шырынының қалай жасалу жолымен бөлісеміз.

  1. Зімбірлі эль (квас). Суды қайнатыңыз, қайнаған суға қант салып ерітіңіз. Жалбызды сығып, витаминдерін жойып алмау үшін қайнатпаңыз. Суды 43 градусқа салқындатыңыз. Ыстық сумен шыны ыдыста бұрын еріген ашытқыны қосыңыз. Зімбірдің қабығын мүмкіндігінше жұқа етіп тазалаңыз. Қабығының астында көптеген дәрумендер бар. Тамырды үгітіп, сусынға қосыңыз.Лимонның жартысын кесіп, оны да қысыңыз. Ыдыстың қақпағын жауып, 2-3 сағат бойы ашу үшін қоспаны қалдырыңыз. Содан кейін шыны банкке құйып, резеңке қақпақпен жабыңыз. Екі күнге қалдырыңыз. Сусын дайын болғанда пластик немесе шыны бөтелкелерге ​​құйып, тоңазытқышта 24 сағат ұстаңыз. Содан кейін ішуге болады.
  2. Үнді масалашайы. Кәстрөлге 3 стакан суық су құйып орташа отқа қойыңыз. Аршылған зімбірді ұсақтап кесіп, кәстөлге салып, су құйыңыз. Пышақ жүзінің жалпақ жағымен кардамон қабығын езіп, дәндерімен бірге кастрюльге салыңыз. Сұйықтық 1 минут қайнағаннан кейін шай қосыңыз. 30 секундтан кейін сүт қосып, қайнатыңыз. Қант қосып, тағы да 30 секунд пісіріңіз.
  3. Даршын қосылған бал қатқан сусын. Зімбірдің тамыры тазаланады. 1 литр суды қайнатыңыз, оған даршын, зімбір мен қалампырды салыңыз. Қант пен бал қосыңыз. Көпірігін ала отырып, 7-10 минут бойы қайнатыңыз және төменгі температурада пісіріңіз. Содан кейін оттан түсіріңіз. 30 минут суытыңыз. Содан кейін сүзіп, қажетті температураға дейін жылытыңыз. Ыстықтай қабылдаңыз.
  4. Лимон қосылған зімбірлі тодди. Зімбірдің тамырын жуып, тазалап және ұзыншалап жұқалап кесіңіз. Лимонды жартылай кесіңіз. Бір жартысынан кружка жасаңыз, екінші жартысының шырынын сығыңыз. Шәугімге зімбір кеспелерін салыңыз, лимон шырынын құйыңыз, ыстық сумен араластырыңыз және оны 20 минут қайнатыңыз. Бал қосыңыз, дөңгелетіп кесілген лимон бөліктерін салыңыз, ақырын араластырыңыз да шыныаяқтарға құйыңыз.
  5. Зімбір шайы. Лимонды жуып, ыстық су қосыңыз және жұқалап дөңгелектеп кесіңіз. Зімбірдің қабығын тазалап, жіңішкелеп кесіңіз. Лимон мен зімбірді шәугімге салыңыз. Ыстық қайнаған су құйыңыз да қақпағын жауып, 5 минут қайнатыңыз. Содан кейін бал қосып, араластырыңыз. Жылы орамалмен немесе шәлімен жабыңыз және 15 минутқа қалдырыңыз. Шыныаяқтарға құйыңыз.
  6. Итбүлдірген сусыны. Зімбірді тазалап, ірі бөліктерге кесіңіз. Итбүлдіргенді жуыңыз да ыдысқа салып езіңіз. Сүзгіш арқылы сүзіп, шырынын бөлек ыдысқа құйыңыз. Итбүлдіргеннің қалған жомына 2 литр қайнаған су құйып, оған зімбір қосыңыз да 5 минут қайнатыңыз. Содан кейін сусынды сүзіңіз. Алдын ала қалдырған итбүлдірген шырыны мен бал қосып, жақсылап араластырыңыз. Салқындай немесе ыстықтай қабылдаңыз.

«Оқжетпес» ЕСК-мен бірге дұрыс тамақтаныңыз және әрқашан деніңіз сау болсын!

22.01.2018

«Оқжетпес» ЕСК-дегі лазерлі терапия

Лазерлі терапия қалпына келтіретін, қабынуға қарсы, иммунды түзететін, ағзағадағы ауырсынуды басатын әсері бар. Бұған қоса, науқастардың ұйқысын жақсартып, холестериннің деңгейін төмендейді.

Лазерлі терапия барлық жас санаттарына жарамды, мысалы, балалардағы аденоидтер (тамақ бездерінің ісінуі) кезінде лазерлі терапияның тиімділігі дәлелденген. Жұмсақ нәзік әсері пациенттің жағдайын едәуір жеңілдетуге және ағзаның өмір сүру қабілетін белсендендіруге мүмкіндік береді.

«Оқжетпес» ЕСК-де көптеген ауруларды сауықтыру және алдын-алу үшін лазерлі терапия қолданылады.

Тірек-қимыл аппаратының ауруларын емдеу кезінде төмендегідей әсер етеді:

  • зат алмасу процестері мен тіндердің трофизмін жеделдетеді;
  • физико-химиялық реакциялар саны артып және жасушалардың жалпы қызметі күшейеді;
  • тіндердегі қалпына келтіру процестері бірнеше рет жеделдейді;
  • тіндердің ауруы мен ісінуін азайтады;
  • капиллярлық желіні қалпына келтіру үдерісін ынталандырады;
  • жалпы және жергілікті иммунитетті нығайтады;
  • аутоиммундық жасушалардың  белсенділігі жергілікті төмендейді.

Сонымен қатар, лазерлі терапия оңалту кезеңін бірнеше рет азайтады және көптеген ауруларды емдеу ұзақтығын төмендетіп, оң нәтижеге жеткізеді.

Лазерлі емшара «Оқжетпес» ЕСК-нің физиотерапия бөлмесінде дәрігермен жүргізіледі. Косметикалық ақауларды, тыртықты, тамырлы жұлдыздарды жою үшін тиімді. Ол аллергияға қарсы және қабынуға қарсы әсер етеді, гемопоэзді ынталандырады, қан тамырларын кеңейтеді, иммунитетті және қан құрамын жақсартады, зат алмасу процестерін қалыпқа келтіреді, ми мен тіндердегі қан ағымын жақсартады.

Емшараның барынша тиімділігіне қол жеткізу үшін оны тек кәсіби мамандар ғана жасауы тиіс.

«Оқжетпес» ЕСК-де лазерлі терапия балшық, минералды су және климаттық емдеу сияқты басқа терапиялық факторлармен бірге қолданылады. Нәтижесінде рәсімдердің әсері айтарлықтай жақсарады. Сіз денсаулығыңызды дәл қазірден бастап қадағалаңыз, біздің мамандарымыз сізге көмектеседі.

Толық ақпаратты +7 (71636) 78 – 101, +7 (702) 059 20 20 телефондары бойынша алуға болады.

«Оқжетпес» ЕСК-дегі фитотерапия

Фитотерапия – бұл өсімдіктердің дәрілік қасиеттерін және олардан дайындалған препараттарды қолдануға негізделген ауруларды емдеу әдісі.

«Оқжетпес» фитобарында сіз сауықтыру курсынан өте аласыз. Курсқа әртүрлі емдеу- профилактикалық әсері бар танымал және қол жетімді дәрілік шөптердің тұндырмалары мен қайнатпалары және оттегі коктейлі кіреді. Бір шыныаяқ емдік шөп шай емшарадан кейін толық босаңсуға көмектеседі. Дәрілік өсімдіктерде адам ағзасына әртүрлі және жан-жақты әсер ететін табиғ химиялық қосылыстар жиынтығы бар.

Оттегі коктейлі – дәруменді компоненттерінің қоспасы бар оттегімен қаныққан сусын. Артерия қысымын, асқазан-ішек жолының микрофлорасын қалыпқа келтіреді, бүйрек қанының ағысын жақсартады, улы заттарды және зат алмасу өнімдерін шығарады.

Оттегі коктейлінің пайдасы оның құрамы және бірегей өндірістік технологиясында жатыр. Сусынның негізі шырындар, табиғи жеміс сусыны, шөп қайнатпасы, сүт, жеміс сироптары болуы мүмкін. Дәмін жақсарту және сусынды пайдалы заттармен байыту үшін дәрумендер немесе бал қосылуы мүмкін. Негізгі ерекшелігі – жұмсақ көбік түрінде оттегінің болуы. Оны жасау үшін көбіктендіргіш жұмыртқа сарысы немесе қызылмия тамыры қажет. Асқазан-ішек жолдары оттегіні тамаша сіңіреді. Оттегі денеге коктейлмен түсе отырып қанға тез сіңеді және бұл процесс тыныс алу кезінде оттегінің ағзаға түсуіне  қарағанда едәуір жылдамырақ жүреді. Оттегі барлық тіндерге таралады, оларды пайдалы заттармен байытады және гипоксия симптомдарын дереу жояды.

Оттегіне спортшылар жаттығу және денеге жоғары күш түсу кезінде, шылымқорлар, ластанған мегаполис және таза оттегі жетіспейтін өңір тұрғындары, жүкті әйелдер, қарттар мен балалар ерекше мұқтаж болады.

Оттегі коктейлінің құнды артықшылығы – бұл адамды гипоксиядан (оттегінің азаюы) құтқару қабілеті. Бұл сусынды қабылдаудың бір сеансы орманда үш сағаттық серуендеумен тең. Өкпені оттегімен қанықтырады, жүрек соғу жылдамдығы мен қан қысымын қалыпқа келтіреді.

Бұл оттегі коктейлін ішкеннен кейін асқазан-ішек жолдары толық жұмыс істей бастайды, ас қорыту жақсарады, бүйрек және ұйқы безі белсенді жұмыс істейді. Осындай пайдалы қасиеттерге байланысты оттегі коктейлдері көмекші терапия ретінде түрлі асқорыту патологияларын емдеу кезінде қолданылады.

Фитотерапияның нәтижесі оны қолданудан бірнеше күн өткеннен кейін байқалуы мүмкін, одан әрі емдеуді жалғастыру маңызды. Терапияның нәтижесін бекіту үшін және созылмалы, ауыр аурулардан құтылу үшін тағайындаған фито препараттары ұзақ және жүйелі түрде қабылдау қажет.

Осылайша, «Оқжетпес» ЕСК-де фитотерапия емдеудің ыңғайлы және қолжетімді тәсілі болып табылады, шөппен емдеу ағзаға емдік әсер етіп, жалпы денсаулықты нығайтады.

Толық ақпаратты +7 (71636) 78 – 101,  +7 702 059 20 20 телефондары бойынша алуға болады.

12.01.2018

ЖАҢА ЖЫЛДАРЫҢЫЗБЕН!

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ ұжымы сіздерді жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтайды!

Жаңа жыл – ерекше, барлығымыз үшін сүйікті мереке. Біз өткен жылды қорытындылап, келешекке арналған жоспарлар құрып, тілектер тілейміз, армандаймыз.  Күнделікті уайымдар мен қобалжуларды ұмытып, жаңа жылда айналамыздағы қымбат жандарға деген ыстық лебізімізді білдіреміз. Келесі жылы Ұлт Көшбасшысының басшылығымен көптеген жаңа биіктерді жеңіп, керемет нәтижелерге қол жеткізе алатынымызға сенімдіміз.

Жаңа Жыл жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, бақытты оқиғаларға толы болсын. Әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар әкелсін. Осы жаңа жылда жоспарларыңыз іске асып, тілектеріңіз орындалсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін!

27.12.2017

Жаңа жыл түнін қалай сергек қарсы алуға болады

Көптен күткен Жаңа жыл мерекесі жақындап келеді. Көп ұзамай, әрбір үйге балалық шақтың сүйікті мерекесі келеді. «Оқжетпес» ЕСК» АҚ Сізбен Жаңа жыл түнін қалай сергек және қуанышты қарсы алуға болатыны туралы пайдалы кеңестермен бөліседі.

Күнді жоспарлаңыз: 31 желтоқсанда таңертең қай уақытта ояну қажет және ескі жылдың соңғы күнінде қандай жұмыс атқару керек, қандай сыйлықтар сатып аласыз, қандай салаттар дайындайсыз. Кестеңізде Жаңа жылды сергек қарсы алу үшін ұйқы мен демлысқа да уақыт бөліңіз.

Ақылмен жабдықталған интерьер де көмектеседі

Жаңа жылды атап өтетін бөлмені қызғылт сары, сары және жасыл түсті заттармен, сондай-ақ олардың реңктерімен толтырыңыз. Гүл немесе жеміс-жидек толтырылған ваза осындай жағдайға өте сай болады. Жарқын және бай түстер көңілді күй мен сергектік туғызуға көмектеседі. Айтпақшы, жеміс вазасын кейінірек тәбетпен босатып қоясыз.

Жаңа жылда сергек болуға таза ауа көмектеседі

Мереке кезінде бөлмені желдетуге тырысыңыз. Тымырсық ауада миыңызға оттегі жеткілікті түрде келмейді, бұл ұйқының пайда болуына әкеледі. Егер сіз  бәрібір  ұйқыңыз келіп тұрса , көшеде серуендеңіз – қармен ойнап, мерекелік отшашуды тамашалап, Жаңа жыл кешінен ләззат алыңыз.

Дивандар мен креслоларға жақындамаңыз

Жаңа жылда жұмсақ жастықтары бар диванда емес, мерекелік үстелде отырыңыз. Өйткені бұл сіздің ұйқыңыз келмес үшін ыңғайлы және қолайлы болады. Ия, Жаңа жыл қарсаңында белсенді болу үшін кейде спарталық ортаны құру қажет.

Дұрыс киімді таңдаңыз

Жаңа жылды отбасыңызбен қарсы  алған жағдайда да үйдегі киіміңізден бас тартыңыз. Пижамалар, халат және тәпішке сіздің бірден ұйқыңызды келтіреді және сіздің сергек болуыңызға мүмкіндік бермейді.

Тойымды тамақ ұйқышылдыққа әкеледі

Өзіңізді артық тамақ жеуден шектеңіз. Егер сіз сондай дәмді нәрсені жегіңіз келіп тұрса, онда, мысалы, бимен айналысуға тырысыңыз. Кейбір тағамдар ұйқыны келтіреді. Мысалы, балық эмоциялық белсенділікті көтеруге көмектеседі. Ал киви, алма, мандарин, апельсин, грейпфрут және қызанақ сияқты жемістер мен көкөністер сізді энергиямен қуаттандырып, Жаңа жыл кешінде көңіл-күйіңіздің көтеріңкі болуына көмектеседі.

Өзіңізді хош иістермен сергітіңіз

Иістер әлсіздендіруге де,  қуаттандыруға да қабілетті. Хош иісті май шамдарды қолданып, үйіңізді хош иіске толтырыңыз, олар сізге көңіл көтеруге көмектеседі. Сергітетін иістерге кофе, жалбыз, эвкалипт, даршын, апельсин, эвкалипт, магнолия жүзім шырыны, шырша, жалбыз, розмарин және ваниль иістері жатады.

25.12.2017

«Оқжетпес» үлкен желіге айналды …

Құрметті сайт қонақтары, сіздермен жақсы жаңалықтарды бөлісуге асығамыз!

Енді «Оқжетпес» республиканың үздік емдеу-сауықтыру кешендерінің желісіне айналды, оның құрамына Бурабай курорттық аймағында «Оқжетпес», Алматыдағы Алматы резорты (қазіргі Оқжетпес) және Ресейдің Ессентуки қаласындағы «Қазақстан» санаторийі кірді.

Бүгінгі күні біздің мақсатымыз Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығында «Оқжетпес» брендімен заманауи жоғары тиімді емдеу-сауықтыру ұйымдарының желісін құру болып табылады, бұл Қазақстан Республикасы мен шетел азаматтарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті мүмкіндіктер береді.

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ Щучье-Бурабай курорттық аймағында орналасқан жыл бойына қызмет көрсететін климаттық-бальнеологиялық емдеу-сауықтыру кешені.

Санаторийдің негізгі емдеу факторы климаттық терапия болып табылады.

«Бурабай» курорттық аймағы – Қазақстандағы бірегей аймақ, мұнда кешенді емдеудің маңызды құрамдары жинақталған: «Май-Балық» көлінің бірегей минералды суы, Балпаш-Сор көлінің балшығы, меншікті радонды бұлақ көзі, оның ішінде ауыз су, қымызбен емдеу пантамен емдеу.

Оқжетпесте төмендегі аурулар сәтті емделеді және оңалтылады:

  • Жүрек-тамыр жүйесі;
  • Тыныс алу органдары;
  • Ас қорыту;
  • Эндокринді жүйе және зат алмасу;
  • Урологиялық және гинекологиялық аурулар;
  • Жүйке жүйесі.

Нөмірлердің саны – 173 орынға арналған 121 орын.

«Оқжетпесте» халықаралық стандарттарға сәйкес сапа менеджментінің жүйесі бар.

2014 жылы жыл сайын растайтын «4 жұлдызды қонақ үй» және «Жоғары сапалы мейрамхана» санатына сәйкестік сертификатын алды.

+7 (716 36) 78 101

«Алматы» санаторийі

«Алматы» санаторийі Іле Алатауының етегінде орналасқан.

Қазіргі уақытта бұл әлемдік стандарттар бойынша заманауи медициналық жабдықпен жабдықталған бірегей емдеу-сауықтыру кешені. Табиғи сауықтырудың негізгі факторлары –  таза және тұнық тау ауасы, саябақ аймағы, құрамында табиғи йод және кремний қышқылының концентрациясы бар хлоридті-кальцийлі-натрийлі әлсіз сілтілі асхана минералды су шығатын меншікті артезиан ұңғымасы.

Емдеу факторының негізгі бағыттары жүрек-қантамыр жүйесі аурулары және тірек-қимыл аппараты болып табылады.

Кешенде 260 орынға арналған 135 нөмір бар.

«Алматы» санаторийі «5 жұлдызды қонақ үй» санатына сәйкестігі туралы сертификат, сондай-ақ Дүниежүзілік сумен және Климатпен емдеу федерациясының (FEMTEC) мейрамханалық және қонақ үй бизнесі сертификаттарын алды.

+7 (727) 300 34 00

«Қазақстан» санаторийі (Ресей Федерациясы)

Санаторий «Казахстан» (Российская Федерация) «Ессентуки курорттық аймағында, «Ессентуки» минералды су көздерінен 10 минуттық жерде орналасқан, Ресейдің танымал бальнеологиялық және балшық шипажайы, Кавказ минералды суларының бір бөлігі.

Жетекші емдеу факторлары – таза тау ауасы, аралас және қылқан жапырақты ормандар, 30 түрлі минералды сулар мен 130-дан астам бұлақ көздері, әлемге танымал «Ессентуки-4.17, жаңа» және құрамы Өлі теңіздегі балшыққа ұқсас сульфидті-лайлы Тамбукан көлінің балшығы.

186 орынға арналған 111 нөмір бар.

Емдеу кешенінде түрлі ауруларға санаторийлік-курорттық ем алуға болады:

  • Асқазан-ішек жолдары, бауыр, ұйқы безі;
  • Тірек-қимыл аппаратының жүйесі;
  • Жүйке жүйесі;
  • Урология және гинекология.

«Қазақстан» санаторийі «4 жұлдызды қонақ үй» санатына сәйкестік сертификатын және «Жоғары санатты санаторий» медициналық қызмет көрсету сертификатын алды.

+7 (87934) 48 505

Барлық санаторийлерде емдеу шараларына қосымша бірқатар денсаулық сақтау бағдарламалары мен SPA рәсімдері әзірленді.

Мәзір-тапсырыс жүйесі бойынша ұйымдастырылған тамақтану қалпына келтіру үдерісі үшін маңызды болып табылады.

Жоғарыда аталғандардың бәріне қосымша демалушыларға келесі қызметтер ұсынылады:

  • Жабық және ашық бассейндер, сауналар, ванналар;
  • Спорт және жаттығу залдары;
  • Бильярд, теннис корттары, кинотеатрлар, караоке, кітапханалар;
  • Балалар мен ересектерге арналған концерттік бағдарламалар;
  • Туризм, сондай-ақ маусымдық мәдени және спорттық бос уақыт.

Біз брондау жүйесін жетілдіру бойынша үнемі жұмыс істеп жатырмыз және бүгін сіздерге бірнеше брондау тәсілдерін ұсынамыз:

  1. Санаторийлердің колл-орталықтарында нөмірлерді брондау;
  2. Сайттарда онлайн брондау және онлайн төлем қызметі іске қосылған.

Оқжетпеске қош келдіңіздер!

20.12.2017

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ  Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтайды!

1991 жылғы 16 желтоқсанда Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен біз демократия мен заңдылықтың, бірлік пен төзімділіктің қағидалары бойынша өмір сүретін күшті, тәуелсіз мемлекеттің белсенді құрылысшылары бола отырып, гүлдену жолын таңдадық.

Бүгінде біздің еліміз этникалық топтың әр өкілінің өзіндік ерекшелігін, тілдердің,  мәдениеттер мен дәстүрлердің дамуы мен қызметінің тең құқықтылығын сақтау үшін бірдей мүмкіндікті қамтамасыз ететін,  ұлтаралық және дінаралық келісімді нық орнатудың үлгісі болып табылады.

«Оқжетпес» ЕСК»АҚ Сіздерге денсаулық пен амандық, тұрақтылық пен гүлдену, отбасыңыз бен достарыңызға қолдау көрсетуді тілейді! Бұл мереке әрдайым бізге күш-қуат, болашаққа деген сенімділік беріп, елімізге жарқын болашақ сыйласын! Туған жеріміз – Қазақстан Республикасында бейбітшілік пен тыныштық мәңгі бола берсін!

14.12.2017

Бейнегалерея

12.12.2017

Галерея: Бассейн

11.12.2017
Booking Online payment operator