Біз қонақтарымыздың арасында сауалнама жүргізіп, біздің кешенде сұранысқа ие әрі көпшіліктің ең сүйікті медициналық процедураларын анықтадық. Үздік бестікке мына емшаралар кіреді:
Айтпақшы, бұл процедураның «жұлдызы» – медбике Күлия ханым. Сол кісінің арқасында емшара ерекше сұранысқа ие. Ол туралы тіпті танымал БАҚ-та бірнеше мақалалар бар.
Емшаралар бойынша қосымша сұрақтарыңыз болса, +7702-059-2020 нөміріне хабарласуға болады.
Бүгін Халықаралық мейірбикелер күні. Барша еліміздің медбикелері мен шипажайымыздың барша медбикелерін кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Біздің кешенде 23 медбике жұмыс істейді. Біздің медицинамызды медбикесіз елестету қиын, өйткені адамның өмірі, денсаулығы – баршамыз үшін басты құндылықтар. Олар дәрігердің барлық тағайындауларын орындайды, олардың әрбір сөзі әрқайсысының қалпына келу процесінде маңызды рөл атқарады.
Кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, керемет көңіл-күй, шыдамдылық, қуаныш пен бақыт тілейміз! Еңбектеріңіз абыроймен бағаланып, қанағат, ризашылық пен құрмет әкелсін!
Демалыс күндеріне арналған пакетке 10% жеңілдік бар екенін еске саламыз.
Жолдама құнына жұмадан жексенбіге дейінгі емдеу-сауықтыру бағдарламасы кіреді.
Брондау бөлімінің байланыс нөмірі: +7 (702) 059 2020
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 222 қатысушысы тұрады екен. Бүгін біз «Оқжетпес» шипажайы атынан Щучинск қаласындағы 4 ардагерді мерекемен құттықтап, шағын сыйлықтарымызды табыстадық.
Олардың ерліктеріне тек мереке күндері емес, мәңгілік есімізде. Жеңіс пен бейбіт күніміз, ашық аспанымыз үшін мың алғыс!
Отан қорғаушылар әрдайым құрмет пен ерліктің, батырлық пен қайсарлықтың, патриоттық және өз халқына мінсіз қызмет көрсетудің көрінісі болған.
Қазақстандықтар біздің Отанымыздың еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін өмірін қиған барлық батырлардың ерліктерін мәңгі есте сақтайды.
«Оқжетпес» ЕСК » АҚ ұжымы барлықтарыңызға мықты денсаулық, төзімділік пен табандылық, күш-қуат пен мейірімділік, ерлік пен шыдамдылық, барлық істеріңізге жетістіктер тілейді!
Ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасында әрдайым тыныштық болсын, еліміз өкендей берсін!
Сіздердің әрқайсыларыңыз – өз Отанын, өз отбасын, өз ошағын қорғайтын азаматсыздар. Сіздердің қаруларыңыз – ақыл, кәсібилік пен қолдау көрсете алу! Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын!
Заманауи медицина соңғы жылдары қарқынды алға жылжып, ағзаны емдеудің көптеген түрлері пайда болды. Бүгін біз сіздерге ультрадыбыспен емдеу туралы ақпарат дайындадық.
Ультрадыбыстың адам ағзасына қабынуға қарсы, анальгетикалық, қалпына келтіретін, десенсибилизаторлық әсері бар.
Ультрадыбысты қолдана отырып, теріге ультрафонофорез препараттарын енгізуге болады.
Біздің шипажайда ультрадыбыстық емдеу ағзаның көптеген ауруларына қарсы қолданылады, мысалы, артрит немесе артроз, гинекологиялық, урологиялық аурулар, жарақаттар, перифериялық жүйке жүйесінің аурулары және т.б.
Өз денсаулығыңызға қамқор болыңыз, сауықтыру демалысында кездескенше!
Елордада көктемгі экологиялық айлық басталды. Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша экологиялық іс-шара 6 мамырға дейін жалғасады.
«Жасыл Астана» экологиялық айлық аясында жалпықалалық сенбілікке «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің 200-ге жуық қызметкері қатысты.
Інжу ваннасы – емдеу-сауықтыру кешендегі ең танымал және жағымды гидромассаж процедураларының бірі.
Қарапайым сөзбен айтқанда, бұл інжу тәрізді ұсақ оттегі көпіршіктерімен денеге массаж жасау. Ол бүкіл дененің релаксациясын қамтамасыз етеді және ұйқысыздықты емдейді.
Ваннаны жылдың кез келген уақытында қолдануға болады. Олар әсіресе қыста, суық мезгілде тиімді.
Ваннаның бұл түрі жиі кездесетін стресстік жағдайлардан, тамақтанудың бұзылуынан, ұйқысыздықтан арылу үшін тағайындалады.
Інжу ваннасы ағзадағы қан айналымын жақсартады, теріні жақсартады, метаболизмнің бұзылуы қалпына келеді.
«Оқ-Жетпес» ЕСК демалушылары інжу ванналарын бірнеше рет мақтап, өзгерістердің нәтижелері бірнеше сессиядан кейін байқалатыны туралы пікірлерін айтты.
«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені денсаулықты оңалтуға арналған 10 сауықтыру бағдарламасын ұсынады.
Оның бірі, «Антикүйзеліс» сауықтыру бағдарламасы.
Қарбалас тіршілікте күйзеліске бой алдырмау қиынның қиыны. Кейде бәрінен бір сәтке алыстап, ағза мен миға жай ғана тыныштық сыйлаудың өзі күйзелістен шығудың бір жолы. Эмоциоционалды жағдайды ретке келтіру үшін «Оқжетпес» ЕСК күйзеліске қарсы бағытталған сауықтыру бағдарламасын ұсынады.
Кешенді сауықтыру бағдарламасының ұзақтығы – 10 күн.
Егер сізде:
– созылмалы шаршау синдромы;
– вегато-тамырлық дистония:
– астено-невротикалық синдром байқалса, осы бағдарлама аясындағы емшаралардан өтуге кеңес береміз.
Әсері:
-көңіл-күйді жақсарады;
-жұмыс қабілеттілігін арттырады;
-вегетативті жүйке жүйесін қалпына келтіреді;
-барлық органдар мен жүйелердің жұмысын оңтайландырады.
Брондау бөлімінің байланыс нөмірі:
+7(702)-059-2020
Біздің шипажайда:
Қазір «Демалыс күндеріне арналған пакет» бойынша акция жүріп жатыр. Барлық нөмірге 10% жеңілдік қарастырылған.
Брондау бөлімімен байланысу үшін: +7702 059 2020