Спорттық-сауықтыру кешені
- 25х12х1,7м көлеміндегі хауыз
- Фитнес залы
- Төрт фин саунасы
- Инфрақызыл сауна
- Фито-бар
- Спорт залы
Спорттық-сауықтыру кешені
Сейсенбі — Жексенбі
08:00 - 14:00, 15:00 - 20:30
Дүйсенбі
- санитарлық күн
Төрт камералы ванна – Оқжетпес ЕСК-де сумен емдеу әдістерінің бірі, ол әртүрлі температуралы суға тек қол мен аяқты салуға негізделген.
Денеге жалпы әсер етеді, қан айналымын және лимфа айналымын ынталандырады, қолдың және аяқтың тіндеріндегі метаболикалық процестердің белсенділігін арттырады, әсіресе бұл емшара неврологиялық ауруларға оң әсер етеді, ауырсынуды және қабынудың басқа белгілерін азайтады.
Оқжетпес ЕСК-дегі төрт камералы ванна мынадай ауруларды емдеу үшін қолданылады:
«Оқжетпес» ЕСК-дегі ағынды-контрасты ванналар әртүрлі температурадағы су ағындары арқылы аяқ-қолға массаж жасауға арналған. Емшара барысында пациент физикалық және психологиялық толық босаңсуды сезінеді.
Бұл «Оқжетпес» ЕСК-нің жүйке, жүрек-қан тамырлары жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының ауруларын емдеу үшін ұсынатын бірегей мүмкіндігі болып табылады.
Толық ақпаратты +7 (71636) 78 – 101, +7 702 059 20 20 телефондары бойынша алуға болады.
Жүзу адам ағзасында керемет сезімдер туғызады. Төменде жүзу арқылы демалудың пайдасы туралы бірнеше деректер келтірілген. «Оқжетпес» ЕСК-де төрт жолды жүзу хауызы бар.
Ұзындығы – 25 м.
Ені – 12 м.
Тереңдігі – 1,7 м.
Жұмыс кестесі:
Сейсенбіден бастап жексенбі бойынша 08:00-ден 20:30-ға дейін
Түскі үзіліс 14:00 – 15:00.
Дүйсенбі – санитарлық күн.
3 жасқа дейінгі балаларға хауызға кіруге тыйым салынады.
16 жасқа дейінгі балаларға хауызға ата-аналарының қарауымен ғана кіру рұқсат етіледі.
Жүзу — бұл буындар мен сүйектерге артық күш түсірмей дене шынықтырумен айналысудың тамаша мүмкіндігі. Хауызда адам денесі едәуір жеңілдейді. Егер сіз белге дейін суға түссеңіз денеңіз 2 есеге жеңілдейді. Ал, иыққа немесе мойынға дейін терең түскен кезінде сіз дене салмағыңыздың тек 10% ғана сезінесіз, қалған 90% су көтереді. Осыдан шығатын қорытынды – хауыз спорттық жаттығулар үшін, әсіресе артрит немесе артық салмақты адамдар үшін таптырмас орта.
Жүзудің бұлшық ет тонусын нығайтуға және оны мықты етуге көмегі зор. Әсіресе басқа дене шынықтырулармен салыстырғанда. Мысалы, қарапайым жүгіру кезінде жүгірушінің денесіне жалғыз қарсылық – тығыздығы төмен ауа. Судың тығыздығы 12 есе жоғары және кез келген қимыл үлкен күшті қажет етеді, сондықтан жаттығу мейлінше тиімді болып табылады.
Бұдан басқа, жүзу әйел үшін ерекше бағалы, ол етеккірден кейін әлсізденетін сүйектерді нығайтады.
Жүзу кезінде буындар мен сіңір байламдары үнемі жұмыс істейді: қолды айналмалы қимылдату иық буындарын, ал аяқпен созылыңқы қозғалыс тізені және жамбас буындарын жаттықтырады. Бұдан басқа, жүзудің омыртқа жотасына пайдасы зор: жүзу кезінде омыртқалар созылып, жылжып кеткендері орнына келеді, олардың қозғалғыштығы мен икемділігі жақсарады.
Пресс и трицепстен басқа, ағзадағы ең маңызды бұлшық ет жүректі өте жақсы шынықтырады. Бассейнде жаттығу кезінде түсетін күш жүректі нығайтады және оның маңызды қызметі – қанды айдай отырып үздіксіз жиырылуына көмектеседі. Бұл қанның денедегі айналысын жақсартады. Бұдан басқа, зерттеулер көрсеткендей, жүзу көбіне жүрек-тамыр ауруларына әкелетін ішкі қабыну үрдістерімен күресуге көмектеседі. Бұған қоса, жүзу әйелдер арасында жүректің қан тамыр ауруының қатерін 30-40%-ға азайтады.
Жүзу спорттың ең көп қуат жұмсалатын түрі болып танылғандықтан, оны өз салмағын көңіл бөлетін және енді бақылауға алған адамдарға ұсынылады. Осылайша, мысалы, 10 минуттық брасс ішінде орташа 60 калориядан, арқамен жүзу арқылы 80-ге дейін, фристайл арқылы 100, ал баттерфляй арқылы тіпті 150 калориядан сондай уақытта арылуға болады. Артығырақ айтсақ, аптасына үш рет 30 минуттан жүзу ер адамдардың II типті қант диабеті ауруын 10%-ға төмендетеді. Әйелдер арасында өткізілген ғылыми зерттеулер одан да керемет нәтижелерді көрсетті: осы аурудың қатерін 16%-ға төмендету үшін нәзік жандыларға 5-7 күнде жарты сағаттық бір жаттығу жасаса жеткілікті.
Бассейндегі оңтайлы ылғалдылық жүзуді демікпемен ауыратындар үшін қолайлы етеді, сонымен бірге болашақтағы демікпе ұстамасын жеңуге көмектеседі. Ғалымдар жүргізген зерттеулер 6 айлық жаттығудан кейін демікпемен зардап шегетін балалардың көмек сұрауы әлдеқайда сирек болатындығын дәлелдеді. Олардың көпшілігін ұзақ уақыт бойы – бір жыл немесе одан көп демікпе ұстамасы мазаламаған. Тыныс алу жүйесінің ауруларынан зардап шекпесеңіз де, жүзудің өкпе көлемін арттыруға және дұрыс тыныс алуға үйренуге көмектесетінін білгеніңіз жөн.
Таң қаларлығы, ағзаның жағдайы холестеринге, дәлірек айтқанда оның қандағы құрамына тікелей байланысты: «пайдалы» холестериннің деңгейі (ЖТЛП) төмен болған сайын, «зиянды» холестериннің» (ТТЛП) деңгейі жоғары болады және адам өзін қолайсыз сезінеді. Жүзу қандағы липопротеиндердің қалыпты теңгерімін ұстап тұруға көмектеседі және қан мен лимфа тамырларының жағдайын жақсартады.
Бұл – біздің жан дүниеміздегі көңіл-күйді тікелей реттейтін «қуаныш гармоны» эндорфиндердің жоғары деңгейде бөлінуіне байланысты жүзудің тағы бір пайдасы. Бұдан басқа, жүзудің йога тәрізді босаңсыту әсері бар. Бұл әсер бұлшық еттер мен буындардың созылу үйлесімділігі, сондай-ақ дұрыс тыныс алу техникасы арқылы туындайды. Жүзу медитацияға ұқсас, өйткені судың дыбысы тыныштандырады және миды жағымсыз ойлардан тазартады, зейінді жақсартады. Бұдан басқа, жүзу кезінде ағзада үнемі күйзелістің әсерінен жойылған жүйке жасушаларының нейрогенезисі (жаңа нейрондардың түзілуі) белсенді жүреді. Бассейнде жүзу денсаулыққа байланысты көптеген мәселелерді шешеді және сізге сымбатты келбетке келтіреді.
Фитнес – тек әдемілік пен сән үшін ғана емес, бірінші кезекте – денсаулық үшін! Сондықтан Оқжетпес ЕСК-де жылдың кез келген мезгілінде жайлы жаттығу үшін жабдықталған фитнес залы бар.
Спорт залында:
Жаяу жүрісті көбіне жаттығудың патшайымы деп атайды. Өйткені, біріншіден бұл дене шынықтырудың мейлінше қауіпсіз түрі және оған қарсы көрсеткіштер жоқ. Екіншіден, жаяу жүріспен кез келген жаста айналысуға болады. Және үшіншіден оған Сіздің қалауыңыздан басқа ештеңенің қажеті жоқ. Қаланың ішінде, сатымен және пәтерде де жүруге болады.
«Оқжетпес ЕСК» АҚ-да жаяу жүріс үшін ашық ауада әртүрлі қашықтықтағы жаяу жүру жолы салынған, ал қолайсыз ауа-райында жаттығу құрылғысында жүруге болады. Мұндай жаттығудың ұзақтығы мен қарқындылығын дәрігер тағайындайды.
Power Plate – жаңа буынның премиум-класс жаттығу құрылғысы, тиімділігі жоғары, әмбебап және барлық ағзаны кешенді жаттықтыруға арналған қауіпсіз құралдар. Олар жаттығу уақытында ағзадағы зат алмасуды бірнеше рет жеделдете отырып, 100% бұлшық ет талшықтарына әсер етеді. Жаттығу құралының платформасы барлық денеге энергетикалық импульстар жібереді, олар бұлшық еттің жиырылуына әсер етеді (25-50 рет/сек.). Осылайша, Power Plate жаттығу құрылғысында азғантай күшпен 15 минуттық жаттығу қарапайым жаттығу құрылғысында бұлшық етке әсер ету бойынша 1 сағаттық қарқынды жаттығумен тең.
Велотренажерде жаттығу – бұл жалпы ағзаға арналған өте жақсы жаттығу. Бұл:
Велотренажерде жаттығу кең таралған ерте жаста қаза болу себептерінің бірі болып табылатын жүрек-тамыр жүйесі патологиясының алдын алады. Сонымен бірге, дұрыс және жүйелі жаттығу қан қысымына қолайлы әсер етеді, гипертония, тромбоэмболия, инфаркт және т.б. ауруларды болдырмайды.
Бұған қоса, ағзаны жалпы жаттықтыру жұқпалы ауруларға қарсы тұрушылықты жоғарылатады.
Жаттығу құрылғысы арқаны, әсіресе жалпақ бұлшық еттерді жаттықтыруға арналған. Бұл бұлшық ет тыныс алу кезінде кеуде қуысын кеңейтуге және қол мен иықтың жүзу кезіндегі күш түсіру сияқты жұмыс жасауына көмектеседі. Бұған қоса шыныққан арқа бұлшық еттері – бұл әдемі дене мүсіні, тік омыртқа жотасы, бас ауыруы азаюы және денсаулық басқа пайдасы да зор.
Жаттығу құралын пайдаланудан бұрын зақым алмау үшін жаттығу нұсқаулықтарымен танысу қажет. Үлкен күш түсіріп айналысуға тырыспаңыз.
Санның 4 басты бұлшық еттері – квадрицепс – бұл адам ағзасындағы ең үлкен бұлшық еттердің бірі. Ол санның барлық алдыңғы бетін алып жатыр. Квадрицепстің негізгі қызметі – балтырды тізеден бүгу және арасында санның бүгілуіне қатысу. Бұл бұлшық ет күні бойына аяқтың буындары мен буын байламдарының қызметіне көмектеседі, сондықтан оны аз күш түсіру арқылы жаттықтыру қажет, әсіресе аяқ сынығынан кейінгі оңалтудан кейін жаттықтыру өте қажет және пайдалы. Бұл бұлшық еттің күшін және созылымдылығын қайтаруға мүмкіндік береді. Осындай жаттығулардың негізі – аз салмақ. Әйтпесе тек қана зақым келтіруге болады.
Фитбол – бұл көптеген дене шынықтыру жаттығуларына арналған арнайы доп. Бастапқыда оны швейцарлық физиотерапевт арқа аурулары бар адамдарға арнап әзірлеген. Фитбол арқа бұлшық еттерін нығайтуға көмектеседі, зақымдардан және отадан кейін қалыпқа келтіреді, дене мүсінін жақсартады. Қазір оны фитнес және үй жаттығуларымен бірлестіріп қолданады.
Бұдан басқа Оқжетпес ЕСК-нің фитнес залы гантельдер, штангілер, шеңберлер және басқа да қажетті спорттық құрал-саймандармен жабдықталған.
Хамамның тарихы ғасырлар тереңінен және рим термінен басталады. Бұл буы көп монша, ауа температурасы 35-тен 50 градусқа дейін түрленеді. Түрік моншасының ерекшелігі ауаның жоғары ылғалдылығында, әдетте бумен ауа 100%-ға дейін ылғалданады. Осының есебінен моншада жұмсақ микроклимат қалыптасады. Хамамда ағаш жантаймалар орнына мәрмәр тас тақтайшалары қолданылады. Олар бумен қызып, денені жұмсақ әрі терең жылытады. Осының нәтижесінде монша әсіресе әйелдерге, сонымен бірге барлық адамдарға да өте пайдалы.
Түрік моншасы көбіне орыс және фин моншаларынан да пайдалырақ. Біріншіден, булы, жоғары температуралы моншаларға қарсы көрсеткіштер түрік моншасына жоқ. Екіншіден, жоғары ылғалдылық хамамның пайдалы әсерін кеңейтеді. Хамамның ағзаға қолайлы әсері:
Хамамда косметологиялық емшаралардың әсері басқа моншаларға қарағанда қарқынды жүреді. Жоғары ылғалдылықтың нәтижесінде сезімтал тері тез тазарады, ал майлы тері терең тазарады, май бездері тазарып, без бөлінуі қалыпқа келеді. Құрғақ тері қарқынды ылғылданады, серпімділігі артып, тартылады.
Жасартқыш әсері ағзадағы зат алмасу мен тіршілік әрекеттерінің өнімдері – лас және улы заттардан тез тазарту арқылы жүреді.
Түрік моншасының жұмсақ буы тоқырау құбылыстары мен ісіктерді жояды. Будың әсерімен тамырлар мен капиллярлар кеңеяді, лимфа ағысы күшейеді, қан айналысы, ішкі мүшелерден қанның ағып шығуы жақсарады. Осының арқасында тоқырау құбылыстары мен ісіктер толықтай жойылады.
Түрік моншасы тыныс алу жүйесі ауруларымен ауыратын адамдарға өте пайдалы. Мәрмәр тас тақтайшаларында ұзақ уақыт қыздырыну сауығуды тездетеді және иммунитетті нығайтады.
Артрит, ревматизм, остеохондроз және бұлшық еттердің созылып кетуі кезіндегі ауырсынулар түрік моншасына үнемі барып тұрған кезде жойылады. Сондай-ақ, хамамға бару спортшылар үшін бұлшық еттерден сүт қышқылының бөлініп шығуын тездетеді.
Түрік моншасы – бұл сағаттар бойы рахаттану. Физикалық жылудың, будың, атмосфераның және косметикалық емшаралардың әсерінен ағза рахатқа бөленіп, жағымсыз ойлар жоғалады, көңіл-күй көтеріліп, эмоциналдық жағдай жақсарады. Бұдан басқа, хамам бас сақинасы бар әйелдерге ұсынылады.
Бірақ, көптеген пайдалы әрі жағымды әсерлеріне қарамастан хамамға барудың денсаулық жағдайына байланысты бірнеше шектеулері бар. Сондықтан, барлық нәрсенің шегі бар екенін есіңізде сақтаңыз. Оқжетпес ЕСК дәрігерлерінің кеңесін қолданған және нұсқаулықтарын бұзбаған жөн.
Сауна және монша сергектіктің таптырмас көзі және белгілі бір дәрежеде «емдік құрал» болып есептеледі.
Зерттеулер көрсеткендей, 10 минут уақыт саунада болғаннан кейін қозғалыс реакциясы мен координация жоғарылайды, ал 20 минуттан кейін төмендей бастайды. Бұл, жүйке жүйесінің босаңсыңуынан және қалпына келтіру үдерістерінің басталуынан пайда болады. Бұдан басқа сауна ішкі сезімге әсер етеді. Бұл жерде интерьер, сауна жайының ұйымдастырылуы, қосымша емшаралар және серіктестер маңызды рөл атқарады.
Саунада болу жүрекке оң әсер етеді, бірақ ұзақ уақыт болған кезде бас айналып, жүрек соғуы жиілейді. Ал бас миында тамырларға қан құйылу күшеюі байқалады. Саунада дұрыс булану кезінде жүрек-тамыр жүйесі 1 сағат демалыстың ішінде қалпына келеді.
Саунаның жылулық әсері тонусты төмендетеді, онымен бірге бұлшық еттер де босаңсиды, олардың серпімділігі артып, дәнекер тіндері жұмсарады.
Саунада жылудың әсерінен тыныс алу жиілейді және өкпенің көлемі орташа алғанда 100 мл-ге ұлғаяды. Салқын тию аурулары кезінде, әсіресе өкпеде қақырық жиналған кезде сауна қолайлы әсер етіп, адам тез сауығады. Ал, егер буға эвкалипт, қарағай және жалбыз эфирлерін қосса ингаляция тәрізді әсер етеді.
Саунада тері температурасы 41-42 градусқа және одан да жоғарылауы мүмкін. Бұл жылу реттеу механизмін, тер бөлінуін, қан айналысын, терінің сезімталдығын және оның тыныс алу белсенділігін күшейтеді. Жоғарыда аталған үдерістердің барлығы терінің жылу реттелу, тыныс алу, қорғаныш, жанасу, бөлу қызметін жақсартады. Ішкі мүшелердің қызметі жақсарады және ауруларға қарсы тұрушылық жоғарылайды.
Саунада салмақты азайту ылғалдың біршама мөлшерде шығуынан жүреді. Арықтаудың қарқындылығы булануда болу уақытына, температураға және ылғалдылыққа, денсаулық жағдайына және ағзаның жеке ерекшелігіне байланысты. Қазіргі уақытта мамандармен арықтауға және қалыпты салмақты ұстап тұруға қатысты көптеген нұсқаулықтар әзірленді. Бірақ, ең тиімдісі диетадан кейін спортпен айналысу және монша емшаралары. Монша емшаралары кезінде қатты арықтау денсаулыққа зиянды екенін есте ұстаған жөн.
Саунада дұрыс булану кезінде гипертониктердің артерия қысымы төмендейді, бүйрек ауруымен ауыратын адамдардың көңіл-күйі, сонымен қатар зат алмасуы жақсарады. Орталық және шеткі жүйке жүйесін емдеу кезінде, мысалы, остеохондроз, құяң, созылмалы полиартритте массаж жасау арқылы булану тиімді. Сауна шаршағанды басады, мазасыздану төмендейді. Осының арқасында, ағзаның көптеген тіршілік әрекеттері жылдамдайды, зақымдалған жұмсақ тіндер мен буындар тез жазылады.
Саунадан кейін ертеңгі күні өзіңіздің көңіл-күйіңізге назар аударыңыз. Егер өзіңізді жеңіл және сергек сезінсеңіз, яғни сіз емшараны дұрыс қолдандыңыз. Егер, көңіл-күйіңіз өзгермесе немесе бұзылса, онда сіз бір нәрсені дұрыс істемедіңіз немесе нашар булануды таңдадыңыз.
Қарсы көрсеткіштері: кардиоваскулярлық аппараттың кейбір аурулары, жоғары қан қысымы, тыныс алу аурулары, жедел аурулар, жүкітілік және т.б.
Демалыс және саунада болу кезінде емшара пайдалы болу үшін Оқжетпес ЕСК дәрігерлерінің кеңестерін қолдануыңызды сұраймыз.
Инфрақызыл сауна — бұл соңғы кезде танымал болған саунаның жаңа түрі. Сыртынан қарағанда саунаға ұқсайды. Бұл инфрақызыл қыздырғыштармен жабдықталған шағын кабина.
Инфрақызыл саунада қыздырыну инфрақызыл қыздырғыштың жылу сәулеленуі есебінен жүреді. Бұл жұмсақ жылу ауаны емес денені жылытады. Жылу толқындары қарапайым фин саунасына қарағанда денеге 10 есе тереңдікте енеді. Бұл тер бөлінуін күшейтеді, осының арқасында ағза улы және лас заттардан белсенді тазарады. Жай булану кезінде ағзадан 95% су шығады және қалдықтардың тек 5% шығады. Осындай тер бөлінуі кезінде инфрақызыл саунада лас заттар, майлар және улы заттар 4 есе көп шығады.
Зерттеулер көрсеткендей, инфрақызыл саунаның ағзаға оң әсері мол:
Қай нәрсенің де шегі бар, сондықтан кез келген медициналық және сауықтыру емшаралары ұсынылған мөлшерден артық пайдалану кезінде зиянын тигізуі мүмкін, соның ішінде инфрақызыл сауна. Оқжетпес ЕСК дәрігерлері ИҚ саунада 20-30 минуттан артық болмауға кеңес береді. Егер сіз жүрек-тамыр немесе жүйке ауруларымен ауыратын болсаңыз, саунада болу ұзақтығы 5-10 минут. Емшараны аз уақыттан бірнеше реттен қолданған жөн.
Спорт залы – бұл мезгілсіз қартаюдың, иммундық жүйені нығайтудың алдын алу үшін жоғары тиімді әдіс және көңілді де белсенді ойын-сауықтарды өткізу орны.
Оқжетпес ЕСК спорт залы волейбол торы, шағын футболға арналған қақпа, баскетбол кәрзеңкесі және осы спорт түрлеріне арналған доптармен жабдықталған. Спорт алаңы спорттың барлық түріне қарай белгіленген.
Залдың көлемі:
Оқжетпес ЕСК спорт залында жылдың кез келген мезгілінде корпоративтік тимбилдингтер мен жарыстар өткізуге болады.