with the terms of the booking rules agree

Өңіраралық форум аясында туристік көрме

8-9 қарашада Петропавл қаласында Қазақстан, Ресей мен Татарстан мемлекеттері Елбасыларының  қатысуымен «ҚР мен Ресейдің туризмін дамытудың жаңа тәсілдері мен үрдістері» тақырыбында ҚР мен Ресей Өңіраралық ынтымақтастық 15-ші форумы өтті.  Іс-шара барысында ҚР ПІБ Медициналық орталығы біріккен санаторийлерінің таныстырылымы өткізілді. Санатоийлердің таныстырылымында «Оқжетпес» ЕСК» АҚ президенті Қайрат Шерәліұлы Беркінбаев сөз сөйледі. Форумға қатысушылар мен келушілер санаторийлердің бірыңғай бағдарламалары мен қызметтеріне ерекше көңіл бөлді.

Көрме Ресей мен Қазақстанның жетекші туроператорларымен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берген елдер арасындағы көпірді нығайтатын тиімді диалог алаңы болды.

Форумның қорытындысы бойынша Қазақстанның туроператорларымен келісімдер жасалды, одан әрі ынтымақтастық үшін Ресейдің туроператорларымен келіссөздер жүргізілді, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының Туризм басқармасымен туроператорларға ақпараттық турларды ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Ресейдің ірі туроператорларымен ынтымақтастыққа ықпал ететін туризмді дамыту жөніндегі Халықаралық қазақ-ресейлік комитетімен байланыс орнатылды.

12.11.2018

Үстел теннисі бойынша турнир

Отанымыздың астанасы Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық ұйымдары арасында үстел теннисі бойынша турнир өтті. Турнирге барлығы 7 команда қатысты. Қиын, бірақ әділ күрес кезінде орындар төмендегідей бөлінді:

  • 1 орын – МОА
  • 2 орын – «Оқжетпес» ЕСК» АҚ
  • 3 орын – Медициналық орталық.

Біздің спортшыларымызды осы жарыста  жүлделі орын алғаны үшін құттықтаймыз!

06.11.2018

Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ-да 16-20 қазан аралығында  Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының семинары өткізілді. Семинарға Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының, Біріккен Ұлттар ұйымы басқармасының  және Қазақстан Республикасының 25 өкілі қатысты. Құзыретті мемлекеттік органдар арасындағы халықаралық және ведомствоаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

Семинарда қызықты интерактивті топтық пікірталастар өткізілді. Бірлескен шараның негізгі мақсаты: радикалды идеологияның таралуын болдырмау және тоқтату, барлық сындарлы күштермен өзара тиімді ынтымақтастық орнату.

Біз сіздерге іс-шараны ұйымдастыруда әріптестермен әңгімелесуге, идея алмасуға, жаңа нәрсені үйренуге, кейбір жаңалықтарды талқылауға әрдайым көмектесуге дайынбыз.

Біздің конференц-зал пікірлестермен әңгімелесуге, практикалық түсіністіктермен бөлісуге, сондай-ақ жаңа таныстар табуға жақсы мүмкіндік.

Сұрақтарыңызбен біздің брондау бөліміне хабарласа аласыз:

+7 (716 36) 7-81-01

+7 (702) 059 20 20

22.10.2018

Бурабай МҰТП-ҒА 120 жыл

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ Бурабай Мемлекеттік Ұлттық Табиғи паркін мерейтойымен құттықтайды!

«Бурабай» Ұлттық табиғи паркі – Қазақстанның інжу-маржаны, ғажайып таулы-тасты, қарағайлы орманды, тұнық көлді мекенде  орналасқан.

Парк құрылған 1898 жылдан бері 120 жыл уақыт өтті. Осы жылы Омбы төменгі орман мектебі «Бурабайға» көшіп келді және осы жерде қазынашылық орман құрылды.  Бұл оқиға орман шаруашылығының негізін қалады.

Шын жүректен мерейлі мерекемен құттықтаймыз!

Ерекше қорғалатын аумақты ұйымдастыру және сақтау кәсіби шеберліктің және жетік басқарудың куәсі, сіздердің еңбектеріңіз ерекше бағаланады!

Еліміздің байлығы – табиғатты қорғаудағы еңбектеріңіз бен күш-жігерлеріңіз тек мол табысқа жеткізе берсін деп тілейміз!

19.10.2018

Қызметкерлерімізді де ұмытпаймыз!

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ-да «Халықаралық қарттар күніне»  арналған іс-шара өткізілді. Біздің қызметкерлеріміз еңбек ардагерлері мен мұқтаж қарт адамдарды мерейлі мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті және азық-түлік пакеттерін табыс етті.

Құрметті Ардагерлер мен зейнеткерлер, Сіздердің даналықтарыңыз, үлкен кәсіби және өмірлік тәжірибелеріңіз – біздің Қоғам үшін мол байлық.

Біз Сіздерге  шексіз алғыс айтамыз!

16.10.2018

«ОҚЖЕТПЕС» ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ «жеңіл су»

«Астана» медициналық университетінде 5 қазанда «ҚР БҒМ «Ғылыми қор» АҚ, «Азия Су Компаниясы» ЖШС-нің  қолдауымен «Жеңіл су» – өмір сапасы мен ұзақ өмір сүру негізі. Теория және практика» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Конференцияны ұйымдастырушылары– ҚР Қазақ тамақтандыру академиясының Тамақтану мәселелері институты және «Көкшетау минералды сулары» АҚ болды.

ҚР ПІБ Медициналық орталығы басшысының орынбасары А.Н. Дөкенов, ҚР Қазақ тамақтандыру академиясының Тамақтану мәселелері институтының директоры Е.Д. Даленов, сондай-ақ ҚР ДМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Санитариялық-гигиеналық қадағалау басқармасының басшысы М.Т. Рахымжанова сөз сөйледі.

Конференция барысында Ресей Федерациясының, Венгрияның отандық және шетелдік ғалымдары баяндамалар жасады. Тұсаукесерлердің негізгі тақырыбы ауыз суға арналған дейтерийдің маңызы, организмнің биологиялық процестеріне төменгі детерийлі заттардың әсері, ВЖТД ауруларының дамуына әсері және т.б.

Конференцияға біріккен санаторийлерді таныстырумен, медициналық оңалту бөлімінің меңгерушісі Коноплева Любовь Васильевна қатысып, Бурабай кентіндегі «Оқжетпес» ЕСК» АҚ-ның радон мен минералды бұлақтарының пайдалы қасиеттеріне ерекше назар аударды.

6 қазанда конференцияның шетелдік қонақтары Бурабайдағы «Оқжетпес» сауықтыру кешенінде болды, онда шипажай қызметі, меншікті радонды бұлақпен таныстырылды. Сондай-ақ қонақтар үшін Щучинск-Бурабай курорттық аймағының көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды.

08.10.2018

КҮЗГІ СЕНБІЛІК

Жапырақты күзде «Оқжетпес» ЕСК қызметкерлері дәстүрлі күзгі сенбілікке шықты.

Санаторий ұжымы белсенді және көңілді жұмыс істеді. Өйткені сенбілік  – бұл тек еңбек ету мен тазалау ғана емес. Бұл қарым-қатынас, эстетика, жақсы көңіл-күй, қоршаған ортаға қамқорлық, қонақтарымыздың жайлылығы және жас ұрпаққа керемет үлгі!

Осы іс-шараға қатысқандардың барлығына алғысымызды білдіреміз!

01.10.2018

Жылына 365 күн, аптасына 7 күн емдік шаралар!

«Оқжетпес» ЕСК» өз қонақтарына емдеу және сауықтыру рәсімдерін әрқашан ұсынуға дайын. Енді емдеу бөлімі демалыс күндері де жұмыс істейтінін хабарлаймыз! Тіркелу қай күні түсетініне қарамастан, дәрігер сізді қабылдайды және емдеуді тағайындайды.

Емдеу-сауықтыру кешені төмендегілерді қамтиды:

  • Мамандардың қабылдауы: терапевт, диетолог, отоларинголог.
  • Емдік дене шынықтыру (Стрельников жүйесімен тыныс алу гимнастикасы, бодифлекс, тірек-қимыл аппаратының аурулары бар топ, скандинавиялық серуендеу, жеке жаттығу сабақтары);
  • Минералды сумен, дәрілік препараттармен ингаляция;
  • Ванналар (минералды, радонды, маржанды, төрт камералы, қылқанды);
  • Душтар («Шарко» душы, су асты душ-массаж, өрлемелі душ);
  • Балшықпен емдеу;
  • Озокеритті-парафинді емдеу;
  • Ересектер мен балаларға арналған галокамера;
  • Қызыл иекті стоматологиялық суландыру;
  • Оттегі коктейлі, фитотерапия;
  • Физиотерапиялық емдеу және тағы басқалары.

Біз өзіміздің қонақтарымызға қызмет көрсетуді үнемі жетілдіріп отырамыз! Сіздерді «Оқжетпес» ЕСК-де сауықтыру демалысына күтеміз!

22.09.2018

Бильярд турнирі

Бильярд спортын және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Астанада «Зодиак» мәдени-сауық кешенінде Астананың 20 жылдығына арналған бильярдтан турнир өткізілді. Бұл сайысқа 8 команда, ҚР ПІБ Медициналық орталығының ведомстволық ұйымдарының өкілдері қатысты.

Бильярд – бұл уақытты қызықты өткізуге мүмкіндік беретін спорт, үнемі сергек жағдайда болу, салауатты өмір салтын сақтауға мүмкіндік береді. Өйткені жақсы дене дайындығы табысты және кәсіби жұмыс кепілі болып табылады.

Барлық қатысушылар өз шеберліктерін көрсетті. Қиын және ымырасыз күрес нәтижесінде «Оқжетпес» ЕСК»АҚ құрметті 1 орынға ие болды!

Шын жүректен спортшыларымызды осы жарыстағы жеңісімен құттықтаймыз!

10.09.2018

30 ТАМЫЗ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ КҮНІ

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ барлық қазақстандықтарды еліміздің ең маңызды мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтайды.

Осы күні біз Мемлекет басшысының жүргізіп отырған сындарлы әрі дәйекті саясатының арқасында әлемдік картада -тәуелсіз держава Қазақстан Республикасының, ал әлемдік саясатта – «Қазақстанды дамыту жолындағы» жаңа тұжырымдаманың пайда болғанын түсінеміз.

Біздің Конституция – «Қазақстан-2050» Стратегиясының әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жөніндегі тарихи мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырудың берік іргетасы.

Ұлт көшбасшысы – Н.Ә. Назарбаев бүкіл ел алдында индустриялық-инновациялық даму мен жаңа әлеуметтік саясатты іске асыруға бағытталған ауқымды мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда маңызды міндеттер қойды.

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ ұжымы сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық, бейбітшілік, еңбекте табыс және Отанымыздың игілігі үшін жаңа жетістіктерге жетулеріңізді тілейді!

28.08.2018
Booking Online payment operator