with the terms of the booking rules agree

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІ

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ барлық қазақстандықтарды мемлекеттік мереке – ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтайды!

Республика жетістіктері Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты. Мемлекет басшысының елдің саяси егемендігін нығайту, әлемдік қоғамда әлеуметтік әділдік пен саяси егемендікті қамтамасыз ету, халықаралық саяси әріптестермен неғұрлым терең және берік байланыстар құру жөніндегі қызметі – осының барлығы біздің Президентіміздің шынайы көшбасшылығының нақты мысалы болып табылады.

Жас елдің болашағы үшін жауапкершілікті өз мойнына ала отырып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев оның тұрақты дамуының маңызды басымдықтарын – тұрақтылық пен бірлікті айқындады.

Қазақстан – түрлі ұлттардың жылы, достық қарым-қатынасы, қоғамдық өмірде келісім, экономика, ғылым және мәдениет тұрақты дамып келе жатқан мемлекет. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні-Ұлт Көшбасшысының халықпен бірлігінің нышаны.

Бұл күні Сіздерге мықты денсаулық, отбасылық амандық, кәсіби қызметте табыс, бейбітшілік пен жақсылық тілейміз!

29.11.2018

ҚР ДМ «ҚР ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ» РМК СЕМИНАРЫ

2018 жылдың 22-23 қарашасы аралығында «Оқжетпес» ЕСК» АҚ конференц залында Спид, туберкулез бен безгекке қарсы Жаһандық қордың Қазақстандағы ҰМҚ бойынша 2017-2019 жылдарға арналған жобасы шеңберінде «Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның туберкулезді жоюдағы рөлі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті.

 

Таныстырылымға 150 тыңдаушы қатысты. Бұл семинар туберкулезге қарсы қызметті реформалау және туберкулезге қарсы нормативтік құқықтық базаны қайта қарау үшін қажетті және пайдалы болды.

 

Іс-шараны ұйымдастыруға көмектесу – бұл іс-шараларды жоғары деңгейде өткізу кепілі, өйткені біздің мамандарымыздың арқасында сіз керемет нәтижеге қол жеткізе аласыз. Біздің қызметкерлер әрқашан клиенттің тілектерін тыңдайды және ең жақсы нұсқаларын ұсынады.

Сізге іс-шараны ұйымдастыруға көмектесеміз! Сізді қайта көруге қуаныштымыз!

Сұрақтарыңызбен біздің брондау бөліміне хабарласа аласыз:

+7 (716 36) 7-81-01

+7 (702) 059 20 20

23.11.2018

NATIONAL TOURISM AWARDS

Дорогие друзья и гости ЛОК Окжетпес!

Мы принимаем участие в NATIONAL TOURISM AWARDS в номинации “Лучший Санаторий”. Это номинация для оздоровительных центров с наиболее комфортными условиями пребывания, квалифицированным персоналом и современным оборудованием.

Если у вас есть желание нас поддержать и минута свободного времени, то просим за нас проголосовать во втором этапе – этапе Народного Голосования. Это абсолютно бесплатно и очень просто:

  1. Пройдите по этой ссылке: https://tourismawards.kz/nomination/sanatorium/Winb8gW8NSYTEdE8r
  2. Пролистайте страницу до конца.
  3. Нажмите на зеленую кнопку “Проголосовать”.
  4. ВВедите свой номер телефона (это бесплатно и необходимо для того, чтобы не накручивались голоса и один человек не мог проголосовать дважды).
  5. Подтвердите, что вы не робот.
  6. Введите в поле код из SMS, поступившего на ваш телефон.

Спасибо за поддержку! Мы очень ценим ваше доверие!

22.11.2018

Өңіраралық форум аясында туристік көрме

8-9 қарашада Петропавл қаласында Қазақстан, Ресей мен Татарстан мемлекеттері Елбасыларының  қатысуымен «ҚР мен Ресейдің туризмін дамытудың жаңа тәсілдері мен үрдістері» тақырыбында ҚР мен Ресей Өңіраралық ынтымақтастық 15-ші форумы өтті.  Іс-шара барысында ҚР ПІБ Медициналық орталығы біріккен санаторийлерінің таныстырылымы өткізілді. Санатоийлердің таныстырылымында «Оқжетпес» ЕСК» АҚ президенті Қайрат Шерәліұлы Беркінбаев сөз сөйледі. Форумға қатысушылар мен келушілер санаторийлердің бірыңғай бағдарламалары мен қызметтеріне ерекше көңіл бөлді.

Көрме Ресей мен Қазақстанның жетекші туроператорларымен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берген елдер арасындағы көпірді нығайтатын тиімді диалог алаңы болды.

Форумның қорытындысы бойынша Қазақстанның туроператорларымен келісімдер жасалды, одан әрі ынтымақтастық үшін Ресейдің туроператорларымен келіссөздер жүргізілді, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының Туризм басқармасымен туроператорларға ақпараттық турларды ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Ресейдің ірі туроператорларымен ынтымақтастыққа ықпал ететін туризмді дамыту жөніндегі Халықаралық қазақ-ресейлік комитетімен байланыс орнатылды.

12.11.2018

Үстел теннисі бойынша турнир

Отанымыздың астанасы Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық ұйымдары арасында үстел теннисі бойынша турнир өтті. Турнирге барлығы 7 команда қатысты. Қиын, бірақ әділ күрес кезінде орындар төмендегідей бөлінді:

  • 1 орын – МОА
  • 2 орын – «Оқжетпес» ЕСК» АҚ
  • 3 орын – Медициналық орталық.

Біздің спортшыларымызды осы жарыста  жүлделі орын алғаны үшін құттықтаймыз!

06.11.2018

Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ-да 16-20 қазан аралығында  Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының семинары өткізілді. Семинарға Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының, Біріккен Ұлттар ұйымы басқармасының  және Қазақстан Республикасының 25 өкілі қатысты. Құзыретті мемлекеттік органдар арасындағы халықаралық және ведомствоаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

Семинарда қызықты интерактивті топтық пікірталастар өткізілді. Бірлескен шараның негізгі мақсаты: радикалды идеологияның таралуын болдырмау және тоқтату, барлық сындарлы күштермен өзара тиімді ынтымақтастық орнату.

Біз сіздерге іс-шараны ұйымдастыруда әріптестермен әңгімелесуге, идея алмасуға, жаңа нәрсені үйренуге, кейбір жаңалықтарды талқылауға әрдайым көмектесуге дайынбыз.

Біздің конференц-зал пікірлестермен әңгімелесуге, практикалық түсіністіктермен бөлісуге, сондай-ақ жаңа таныстар табуға жақсы мүмкіндік.

Сұрақтарыңызбен біздің брондау бөліміне хабарласа аласыз:

+7 (716 36) 7-81-01

+7 (702) 059 20 20

22.10.2018

Бурабай МҰТП-ҒА 120 жыл

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ Бурабай Мемлекеттік Ұлттық Табиғи паркін мерейтойымен құттықтайды!

«Бурабай» Ұлттық табиғи паркі – Қазақстанның інжу-маржаны, ғажайып таулы-тасты, қарағайлы орманды, тұнық көлді мекенде  орналасқан.

Парк құрылған 1898 жылдан бері 120 жыл уақыт өтті. Осы жылы Омбы төменгі орман мектебі «Бурабайға» көшіп келді және осы жерде қазынашылық орман құрылды.  Бұл оқиға орман шаруашылығының негізін қалады.

Шын жүректен мерейлі мерекемен құттықтаймыз!

Ерекше қорғалатын аумақты ұйымдастыру және сақтау кәсіби шеберліктің және жетік басқарудың куәсі, сіздердің еңбектеріңіз ерекше бағаланады!

Еліміздің байлығы – табиғатты қорғаудағы еңбектеріңіз бен күш-жігерлеріңіз тек мол табысқа жеткізе берсін деп тілейміз!

19.10.2018

Қызметкерлерімізді де ұмытпаймыз!

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ-да «Халықаралық қарттар күніне»  арналған іс-шара өткізілді. Біздің қызметкерлеріміз еңбек ардагерлері мен мұқтаж қарт адамдарды мерейлі мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті және азық-түлік пакеттерін табыс етті.

Құрметті Ардагерлер мен зейнеткерлер, Сіздердің даналықтарыңыз, үлкен кәсіби және өмірлік тәжірибелеріңіз – біздің Қоғам үшін мол байлық.

Біз Сіздерге  шексіз алғыс айтамыз!

16.10.2018

«ОҚЖЕТПЕС» ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ «жеңіл су»

«Астана» медициналық университетінде 5 қазанда «ҚР БҒМ «Ғылыми қор» АҚ, «Азия Су Компаниясы» ЖШС-нің  қолдауымен «Жеңіл су» – өмір сапасы мен ұзақ өмір сүру негізі. Теория және практика» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Конференцияны ұйымдастырушылары– ҚР Қазақ тамақтандыру академиясының Тамақтану мәселелері институты және «Көкшетау минералды сулары» АҚ болды.

ҚР ПІБ Медициналық орталығы басшысының орынбасары А.Н. Дөкенов, ҚР Қазақ тамақтандыру академиясының Тамақтану мәселелері институтының директоры Е.Д. Даленов, сондай-ақ ҚР ДМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Санитариялық-гигиеналық қадағалау басқармасының басшысы М.Т. Рахымжанова сөз сөйледі.

Конференция барысында Ресей Федерациясының, Венгрияның отандық және шетелдік ғалымдары баяндамалар жасады. Тұсаукесерлердің негізгі тақырыбы ауыз суға арналған дейтерийдің маңызы, организмнің биологиялық процестеріне төменгі детерийлі заттардың әсері, ВЖТД ауруларының дамуына әсері және т.б.

Конференцияға біріккен санаторийлерді таныстырумен, медициналық оңалту бөлімінің меңгерушісі Коноплева Любовь Васильевна қатысып, Бурабай кентіндегі «Оқжетпес» ЕСК» АҚ-ның радон мен минералды бұлақтарының пайдалы қасиеттеріне ерекше назар аударды.

6 қазанда конференцияның шетелдік қонақтары Бурабайдағы «Оқжетпес» сауықтыру кешенінде болды, онда шипажай қызметі, меншікті радонды бұлақпен таныстырылды. Сондай-ақ қонақтар үшін Щучинск-Бурабай курорттық аймағының көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды.

08.10.2018

КҮЗГІ СЕНБІЛІК

Жапырақты күзде «Оқжетпес» ЕСК қызметкерлері дәстүрлі күзгі сенбілікке шықты.

Санаторий ұжымы белсенді және көңілді жұмыс істеді. Өйткені сенбілік  – бұл тек еңбек ету мен тазалау ғана емес. Бұл қарым-қатынас, эстетика, жақсы көңіл-күй, қоршаған ортаға қамқорлық, қонақтарымыздың жайлылығы және жас ұрпаққа керемет үлгі!

Осы іс-шараға қатысқандардың барлығына алғысымызды білдіреміз!

01.10.2018
Booking Online payment operator