with the terms of the booking rules agree

«Алтын кезең» акциясы

Достар, күз мезгілінде және қыстың алдында күш-қуат жинау және денсаулықты нығайту қажет! Сіздерді «Алтын кезең» акциясына қатысуға шақырамыз және тұру үшін 20%-ға дейін жеңілдік ұсынамыз.

Акция шарттары:

  • 10% жеңілдік 3 тәулікке дейін тұру кезінде;
  • 15% жеңілдік 4-7 тәулік тұру кезінде;
  • 20% жеңілдік 8 тәуліктен артық тұру кезінде

Акция оң жақтағы брондау нысаны арқылы немесе Оқжетпес ЕСК-нің брондау бөліміне телефон арқылы хабарласып нөмірді брондаған жеке тұлғаларға әрекет етеді;

Балалар жолдамаларына және қосымша ересектер орындарына таралмайды.

Акция басқа жеңілдіктер мен акциялармен бірге  жинақталмайды.

Акцияның жарамдылығы: 20 қыркүйек –  20 қазан 2017 жылғы.

Жайлы демалыңыз!

01.09.2017

Құрбан айт

«Оқжетпес» ЕСК Сіздерді әрбір мұсылман үшін үлкен маңызы бар мейраммен шын жүректен құттықтайды.

Құрбан Айт – адамдардың бірі-біріне ізгі ниеттер тілейтін, әрдайым күш-қуат беретін, оң және нәтижелі жолға ұмтылдыратын мереке.

«Оқжетпес» Сізге мықты денсаулық, бақыт және махаббат теңізін тілейді.Есіңізде болсын, осы өмірде не нәрсе де жайдан жай болмайды, бірақ бәрі де Алланың еркі екенін ұмытпау керек.

Мерекеңізбен! Әрдайым шыдамды, мейірімді және жомарт болыңыз. Мерекені қуанышты да лайықты өткізіңіз!

31.08.2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

«Оқжетпес» ЕСК»АҚ сіздерді басты және шын мәнінде жалпы халыққа ортақ мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен шын жүректен құттықтайды.

1995 жылы қазақ халқы өзінің тарихи таңдауын жасап, мемлекетті одан әрі дамыту жолын анықтады. Бұл барлық қазақстандықтар үшін жаңа қоғамның құрылуына сенімді негіз болған ерекше оқиға болды.

Конституция, егемендік кепілі ретінде, біздің бірлігімізді нығайтты, тұрақтылық пен үйлесімділіктің негізі болды, жаратылыстың символы және ұлы істердің бастауы мен қазіргі жеңістердің көзі болды.

Қазақстан Республикасының Конституция күнімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыз!

Мемлекеттегі демократиялық үдерістерді дамыту мен одан әрі қалыптастыруда жетістіктер мен табыстар тілейміз, олардың ең құндылықтары – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандығы. Мықты денсаулық және бейбіт болашақ тілейміз!

29.08.2017

Корпоративтік клиенттерге

Туристік фирмалар, event-агенттіктер және ұйымдар үшін жеңілдіктер:

Ұйымдар үшін:

  • 5% жеңілдік 1 жылдан кем емес уақыт ішінде сауықтыру еміне 5 000 АЕК-тен кем емес сомаға жолдама сатып алған ұйымдарға ұсынылады.
  • 10% жеңілдік 2 жыл ішінде сауықтыру еміне 10 000  АЕК-тен кем емес сомаға жолдама сатып алған ұйымдарға ұсынылады.

Event- агенттіктер және ұйымдар үшін:

  • 5% жеңілдік топ саны 20-дан 50 адамға дейін семинарлар, конференциялар, жиналыстар, корпоративтік іс-шаралар өткізген ұйымдарға ұсынылады.
  • 10% жеңілдік  семинарлар, конференциялар, жиналыстар, корпоративтік іс-шаралар өткізген ұйымдарға (50-ден аса адаммен) ұсынылады.

Туристік фирмаларға:

  • 10% жеңілдік 10 қаңтардан 20 мамырға дейін және 1 қыркүйектен 20 желтоқсанға дейінгі кезеңде ұсынылады.

Көрсетілген жеңілдіктер бекітілген баға тізбесіне сәйкес әрекет етеді.

Акциялар мен жеңілдіктер жинақталмайды.

01.08.2017
Booking Online payment