Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

Челлендж

Бүгіннен бастап біз «Оқжетпес» брендіне кіретін үш шипажай арасында жаңа #челлендж бастағымыз келеді.
Challenge-ге шипажай басшылары мен ұжымы қатысып, өзара қызметімен ауысып, бір-бірінің жұмысын атқарып көреді.
Бұл эксперименттің бірінші кейіпкері – «Оқжетпес» ЕСК АҚ президенті Қайрат Беркінбаев.
Бір күні бойы Қайрат мырза ресепшнге келген қонақтарды жайғастырып, Call-орталыққа түскен сұрақтарға жауап берді.
Мұндай жоба қызметкерлер арасында бір-бірінің қызметін жақсырақ түсініп, қонақтармен жақынырақ байланыс құруға көмектеседі.

Жазушы Айыпберген Балтабаевтың шығармашылық кеші

Кеше шипажайда әлем халықтары жазушылар одағының және Қазақстан журналистер одағының мүшесі, ақын, жазушы мырзаның шығармашылық кеші өтті.
Кеште қонақтарымыз ақыннын өлең-жинақтарымен танысып, қазақ тілінің қадір-қасиетін сөз етіп, рухани байытқан кештен ерекше әсермен қайтты.

Шипажай мамандарының кеңесі

Құрметті оқырмандар мен қонақтар!
Қазгидромет алдағы күндері ауа температурасының көтерілуін жобалады.
Күн мен сәуле соққыларын болдырмау үшін қарапайым ережелерді сақтауға кеңес береміз:
* бас киім киюді ұмытпаңыз, бас киім материалы барынша жеңіл әрі ашық түсті болғаны жөн
* серуендеуге таңертең немесе 16:00-ден кейін шығыңыз
* дене белсенділігінің жоғарылауынан аулақ болыңыз
* судың біркелкі мөлшерін пайдаланыңыз
* қосымша су рәсімдерін енгізіңіз
Сізге және денсаулығыңызға деген қамқорлықпен, «Оқжетпес» шипажайы!

Іс-шаралар кестесі

Біздің шипажайға тек емделу үшін ғана емес, жан мен тәннің демалуы үшін келеді.
Бүгін сіздермен емшаралардан тыс уақытта өтетін іс-шаралар кестесімен бөліскіміз келеді:
Дүйсенбі және бейсенбі күндері біздің музыканттар саксофонда ойнайды.
Сейсенбі, жұма және жексенбіде 17:00-де мультфильмдер мен 20:00-де фильмдер көрсетіледі.
Сондай-ақ, сейсенбіде біздің демалушылар караоке залына бара алады.
Сәрсенбіде сағат 20:30-да біз дискотека өткіземіз!
Әр сенбі сайын сізді концерт күтеді.
Сізге және сіздің денсаулығыңызға деген қамқорлықпен, «Оқжетпес» шипажайы!

Қайықтар мен катамарандар маусымы ашық!

Емшалардан бос уақытта қайық не катамаранмен серуендеп, жағажайда күн сәулесіне қыздырынып, рахаттана аласыз.
Жағажайда демалу мен катамаран жолдама құнына кіреді. Оның үстіне, келесі апта +30 градус. Нағыз жаз болмақ!

Маңызды ақпарат!

Құрметті оқырмандар мен шипажай қонақтары!
Сіздерді бас санитарлық дәрігердің 2022 жылғы 4 шілдедегі жаңа қаулысымен таныстырғымыз келеді.
Шипажайға келер алдын міндетті түрде:
⦁ Вакцина және ревакцинация паспортының болуы;
⦁ Вакцина 6 айдан асқан жағдайда мерзімі 3 күннен аспайтын теріс нәтижелі ПТР-тесті (ПЦР-тест) болуы;
⦁ 5 жасқа дейінгі балаларға эпидорталықтан анықтама;
⦁ Адам көп шоғырланған жерде міндетті түрде маскамен жүру;
⦁ 1,5 метр қашықтықты сақтау керек.
Біз үшін ең бастысы – сіздің денсаулығыңыз

ҚР Президентінің Іс Басқарушысы шипажай ұжымымен кездесті

Бүгін ҚР Президентінің Іс Басқарушысы Айбек Арқабайұлы Дәдебаев шипажай ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында қызметкерлеріміз толғандырған сұрақтарын қойып, ой-пікірлерімен бөлісіп, біршама мәселелерін ортаға салып, басшылық тарапынан жауап алды.
Сонымен қатар кездесуге ПІБ Медициналық орталығының басшысы мен Ақмола облысы әкімінің орынбасары қатысты.
Шипажайымыздың жұмысымен танысып, бізбен жүздесуге келген Президент Іс Басқарушысы Айбек Арқабайұлы Дәдебаев пен басқарманың барша қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз!

Емдік гимнастика

Таңертең сіз денеңізді гимнастикамен «ояту» туралы қаншалықты жиі ойланасыз!?
Біз қонақтарымызды күнделікті 11:00-де (жексенбіден басқа күндері) көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар маман өткізетін емдік гимнастикаға шақырамыз.
Таңертеңгілік жаттығулар әр түрлі жастағы адамдарға, әсіресе, балаларға пайдалы.
Процедура барысында метаболизм процестері белсендіріледі, ісіну тезірек жойылады, қан мен лимфа ағымы жақсарады, дененің бездері мен жүйелерінің жұмысы белсендіріледі.
Біздің санаторийде таңертеңгілік гимнастика қонақтардың денсаулығын ескере отырып өткізіледі,сондықтан ол тек пайдалы және жағымды эмоциялар әкеледі!

Біздің сүйікті оқырмандарымызға!

Құрметті достар, оқырмандар, әріптестер!
Бүгін сіздердің әрбір белсенділіктеріңіз үшін, қалдырған пікірлеріңіз, ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңыз үшін шынайы алғысымызды білдіргіміз келеді.
Сіздердің кері байланыстарыңыз біздің одан да жақсы жұмыс істеуімізге үлкен мотивация.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактика

Шипажайда қызметкерлермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жиі өтеді. Бүгін кезекті жиында жемқорлыққа қарсы әрекеттер мен заңнамалар туралы айтылды.
Жоспарлы кеңесте «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР заңының, бюджет заңнамасының, қаржы тәртібінің талаптарын сақтау мәселелері үнемі талқыланады.
Толығырақ төмендегі құжатта таныса аласыздар.
Сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәжілістің хаттамасы

Брондау Онлайн төлем Оператор