Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

САУЫҚТЫРУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ

Біздің сауықтыру кешенінде 10 емдеу бағдарламасы бар:

Covid-19 және пневмониядан кейін науқастарды оңалту. (Емдеу курсы – 7-14 күнді құрайды)

Тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу – 10-14 күн

Жүрек-тамыр жүйесі ауруларын емдеу – 10-14 күн

Әйел денсаулығы – 10 күн

Ерлер денсаулығын нығайту – 10 күн

Буындарды нығайту – 10-14 күн

Артропатия: подагра – 10-14 күн

Ағзаны шлактардан тазарту және бұзылған функцияны қалпына келтіру – 6 күн

Сау омыртқа бағдарламасы – 10 күн

Тамыр аурулары – 10 күн

Жолдама құнына кіретін медициналық қызметтердің толық тізімін, сондай-ақ ақылы медициналық қызметтердің тізімін біздің сайтымыздан таба аласыз.

 

 

ШИПАЖАЙ БАССЕЙНІ ӨЗ ҚОНАҚТАРЫН КҮТЕДІ

Шипажай бассейні сейсенбіден жексенбіге дейін 08:00-ден бастап кешкі 20:30-ға дейін жұмыс істейді. Түскі үзіліс 14:00-15: 00-ге дейін.

Судың температурасы 27 градус;

Ұзындығы – 25 м;

Ені -12 м;

Тереңдігі – 1,7 м.

3 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға бассейнге ата-анасының қадағалауымен ғана кіруге рұқсат етіледі.

Сіздерді сауықтыру демалысында күтеміз!

Брондау үшін:

+7 702 059 2020

 

 

ТӘНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ

Біздің шипажайда толық жабдықталған фитнес залы бар. Сіздің қолайлығыңыз үшін фитнес зал жылдың төрт мезгілінде де жұмыс істейді.

Спортзалда:

  • Жүгіру жолдары;
  • Power Plate Тренажерлары;
  • Жаттығу велосипеді;
  • Жоғарғы блокты тартуға арналған тренажер;
  • Квадрицепс машинасы;
  • Спорттық құрал-саймандар бар (фитболлар, құрсау, степ платформалар, гантельдер, штангалар және т.б.).

Брондау бөлімімен байланысу үшін 8702-059-2020 номеріне хабарласа аласыз.

 

 

АЯҚҚА АРНАЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ АППАРАТ

Біздің шипажайда аяққа арналған терапия әсерімен «Сапоги» аппараты іске қосылды.

Бұл аяқ денсаулығына арналған бірегей аппарат. Бұлшықет тонусын жоғарылатуға, жүйке жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіруге көмектесетін көптеген функциялары бар. Осындай аппараттың көмегімен лимфа дренаждық массажының әсеріне қол жеткізеді.

Денсаулыққа пайдалы нағыз релаксацияны сезінгіңіз келе ме? Онда біздің шипажайға сауығу үшін келіңіз!

 

 

 

ШИПАЖАЙДАҒЫ ХАМАМ МОНШАСЫ

Хамам моншасының ағаза пайдасы туралы баршаға мәлім. Бұл монша біздің де шипажайлк бар. Ондағы ауа температурасы 35-тен 50 градусқа дейін өзгереді.

Шипажайдағы хамам түрік моншасы жолдама құнына кіреді.

Моншаның тірек-қимыл аппараты үшін үлкен пайдасы бар. Тұз жиналу, артрит, ревматизм, бұлшықет созылуы және басқа аурулар кезінде хамамға 2-3 рет барғаннан кейін ұзақ уақыт бойы сізді мазаламайды. Хамам суық тию ауруларын емдеуге көмектеседі.

Сауықтыру демалысында кездескенше!

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІМЕН!

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ Сіздерді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтайды!

Наурыз – барлық қазақстандықтарды бір шаңырақ астында біріктіретін ең көне және құрметті мерекелердің бірі. Жаңа жылды қарсы алу ғана емес, сонымен бірге көктемгі күннің теңесуімен қатар, бұл көктем мерекесі, тіршіліктің оянуы, табиғаттың жаңаруы.

Наурыз адамзатты біріктіріп, бейбітшілікке, ізгілік пен өзара көмекке деген ұмтылысты түп-тамырымен жандандырады.

Наурыз әр үйге бейбітшілік, тыныштық пен амандық әкелсін!

Сіздерге денсаулық, бақыт, адал достар, мықты отбасы, еңбекте жеміс, көктемгі көңіл-күй мен өмірлік қуаныш тілейміз!

САУЫҚТЫРУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ

Біздің сауықтыру кешенінде 10 емдеу бағдарламасы бар:

  • Covid-19 және пневмониядан кейін науқастарды оңалту. (Емдеу курсы – 7-14 күнді құрайды)
  • Тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу – 10-14 күн
  • Жүрек-тамыр жүйесі ауруларын емдеу – 10-14 күн
  • Әйел денсаулығы – 10 күн
  • Ерлер денсаулығын нығайту – 10 күн
  • Буындарды нығайту – 10-14 күн
  • Артропатия: подагра – 10-14 күн
  • Ағзаны шлактардан тазарту және бұзылған функцияны қалпына келтіру – 6 күн
  • Сау омыртқа бағдарламасы – 10 күн
  • Тамыр аурулары – 10 күн

Жолдама құнына кіретін медициналық қызметтердің толық тізімін, сондай-ақ ақылы медициналық қызметтердің тізімін біздің сайтымыздан таба аласыз.

Брондау бөлімінің байланыс нөмірі: +77020592020

 

 

САУЫҚТЫРУ ДЕМАЛЫСЫН АЛДЫН АЛА ЖОСПАРЛАҢЫЗ

Құрметті оқырмандар! 9 наурыздан 22 наурызға дейін шипажайда бос орындардың бар екендігі туралы асыға хабарлаймыз!
Сауықтыру демалысын алдын ала жоспарлау үшін:

  1. Біздің ресми сайтымыз okzhetpes-burabay.kz көмегімен алдын ала брондауға болады;
  2. +7(702)-059-2020 номеріне хабарласып, бос күндерді таңдап, жоспарлай аласыз;
  3. Әлеуметтік желідегі парақшамыздағы direct-те жазып, аты-жөніңіз бен байланыс номеріңізді көрсетіп, брондай аласыз. Сондай-ақ, 10% жеңілдікпен демалыс пакетіне акция жарияланғанын қуана хабарлаймыз.

Толық ақпаратты +7 (71636)78 – 101, +7 702 059 20 20 телефондары бойынша алуға болады.

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ХАНЫМДАР, МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН!

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ ұжымы Сіздерді жылдың ең нәзік мерекесі-Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды!

Сіздерге барлық армандарыңыздың орындалуын, көңіл-күйіңіздің әрқашан көтеріңкі болуын тілейміз! Сіздердің нұрлы жүздеріңізді ешқашан мұң шалмасын, дендеріңіз сау, бауырларыңыз бүтін, отбасыларыңыз аман болсын!

Көктемнің жарық күніндей өміріңіз сәнді болғай!

 

 

 

КӨКТЕМНІҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІМЕН!

Көктем — табиғаттың оянып, жаңаратын сәті. Шабыт пен гүлдену уақыты. Бұл мезгіл – сұлулық, тазалық, жылулық, жарық және махаббат сыйлайтын кез. Сондықтан, өзіңіз бен өз денсаулығыңызға ерекше назар аударыңыз!

Баршаңызды көптен күткен көктемнің басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат және көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!

 

 

 

Брондау Онлайн төлем Оператор