Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

Осы сенбі сағат 10: 00-де бізді «Хабар» телеарнасынан көре аласыздар!

«Хабар» телеарнасында «Tangy Fresh» таңғы бағдарламасында ертең «Оқжетпес» шипажайы туралы сюжет көрсетіледі.

«Tangy Fresh» -қызықты қонақтармен және денсаулық туралы түрлі айдарлармен 60 минутқа созылатын ақпараттық-танымдық бағдарлама.

«Хабар» телеарнасының журналистері «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенін таңдап, «Отбасылық демалыс» айдарында қай жерде демалып, сауықтыру емінен өтуге болатынын және Covid-19-дан қалпына келтіруге арналған арнайы бағдарлама жайлы айтып берді.

Тікелей сілтеме:

https://youtu.be/xHezYpVNmZg

Жеңімпазды құттықтаймыз!

Тікелей эфирдің толық нұсқасын мына сілтеме бойынша көре аласыздар: https://www.instagram.com/p/CNHTPaXHoK3/  Тікелей эфир IGTV-де сақталып тұр.

Барлық шарттар мұқият тексерілді. Жеңімпазды құттықтаймыз! @abildaevy_2015

Белсенді оқырмандарымызға мың алғыс! Сіздерді сауықтыру демалысында күтеміз!

Тікелей эфирде жеңімпазды жариялаймыз!

Құрметті достар! Ертең (15 сәуір) сағат 16:00-де instagram парақшамыздың тікелей эфирінде жеңімпазды жариялаймыз! Қосылуды ұмытпаңыздар!

Суретте жалпы мәселелер жөніндегі вице-президент – Яков Васильевич Стерлигов және Басқарушы директор – Нұрсұлтан Жұмабекұлы Иманбердиев.

Тікелей эфирде жүздескенше!

Қасиетті Рамазан айы құтты болсын!

Қасиетті Рамазан айының басталуымен баршаңызды құттықтаймыз!

Рамазаннан Рамазанға, оразадан оразаға есен-саулықпен жете берейік!

Ниет қабыл болсын!

Қонақтарымыз біз туралы

«Міне, менің «Оқжетпес» шипажайындағы демалысым аяқталды. Ұйымның барлық қызметкерлеріне үлкен алғысымды білдіремін!

Емдеу блогының медицина қызметкерлеріне, дәрігер Г.К. Азбаеваға, «Шарко» душ кабинетінің мейірбикесі – Күлия Сүлейменоваға, сумен емдеу емшарасындағы – Айгүл Әлімбетоваға, массаж кабинетіндегі – Жазираға кәсібилігі мен игілікті еңбегі үшін шын жүректен алғысымды білдіремін!

Мейрамхана аспаздарына дәмді тағамдары үшін, даяшыларға жеделдігі мен нақты жұмысы үшін алғысымды білдіремін!

Сондай-ақ, супервайзерлерге тазалық пен жайлылық, бассейн қызметкерлеріне демалушыларға ықыласты қарым-қатынасы үшін алғыс айтамын.

Әсіресе, демалушылардың өтініштеріне жедел жауап бергені үшін Instagram парақшасының әкімшісіне алғысымды білдіремін!

Сіздерге шын жүректен денсаулық,бақыт және амандық тілеймін! Құрметпен, демалушы Бағжан Мұхаметбек!»

Кері байланыс үшін көп рақмет! Сізді тағы да сауықтыру-демалысында күтеміз!

«Хабар» телеарнасы шипажайда қонақта

Бүгін біздің шипажайда «Хабар» телеарнасына арналған түсірілім өтті. Сюжет тақырыбы: «Tańǵy fresh» бағдарламасына арналған «Отбасылық демалыс».

«Tańǵy fresh»  – қызықты қонақтармен және креативті сюжеттермен 60 минутқа созылатын ақпараттық-танымдық бағдарлама.

Сюжеттің шығу уақыты мен күнін кейінірек жазамыз.

Күніңіз сәтті өтсін!

«Оқжетпес» шипажайының кешкі көрінісі

Көптен күткен көктемнің жақындағаны сезіледі! Қонақтарымызға керемет кешкі кадрлар үшін алғысымызды білдіреміз! Сіздерді сауықтыру демалысында тағы күтеміз!

Сауықтыру-демалысындағы бос уақытта сіз:

* Бильярд ойнауыңызға болады; Біздің шипажайла 4 бильярд үстелі бар.

* Фильм көре аласыз; Кинозал кестесі: мультфильмдер 17:00-де, 20:00-де фильмдер көрсетіледі.

* Кітап оқи аласыз; Шипажайда кітапхана бар. Күн сайын 9:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді.

* Терренкурда серуендей аласыз;

* Бассейнге жазылып, жүзіп үйренсеңіз болады;

* SPA-процедураларына жазыла аласыз.

Сіздерді сұлулық пен сауықтыру демалысында күтеміз!

+7(702)059 20 20

Сауықтыру демалысы кезінде қандай емшаралар тағайындалады?

📌Барлық емшаралар шипажайға келген кезде емдеуші дәрігердің тексеруінен кейін жеке тағайындалады. Егер сіз жақында қандай да бір тесеруден өткен болсаңыз, анализ нәтижелерін өзіңізбен бірге алып келуді ұмытпаңыз (тексерулер 6 айдан аспаған болу керек).

Суретте: Check-up бағдарламасына арналған “Медсканер БИОРС-04” жаңа аппаратының көмегімен өтетін дәрігердің қабылдауы. Аппарат денсаулық жағдайын толығымен көрсетеді және диагностиканың 10 түрін, терапияның 8 түрі мен дәрі-дәрмек тестін өткізуге мүмкіндік береді.


Толық ақпарат алу үшін:

📞 +7 702 059 2020

Байқау! Ең үздік емдеу-сауықтыру кешеніне 2 жолдама ұтып алғың келсе, қатыс та, жеңіп ал!

EuroSpa халықаралық сертификатын алған үздік шипажайға 5 күнге 2 жолдама ұтып алғыңыз келе ме? Олай болса, шарттарды орындап, бақ сынап көріңіз!

Байқау шарттары:

* @okzhetpes.borovoe парақшасына жазылыңыз;

* Осы посттың астына 5 досыңызды белгілеңіз; Сілтеме: https://www.instagram.com/p/CNHTPaXHoK3/

(жалған парақшалар қабылданбайды)

* Соңғы 10 суретке лайк басыңыз;

* Парақшадағы кез келген суретті өз stories-іңізге жүктеңіз;

Байқау кезінде парақшаңыз ашық болуы керек. Жеңімпазды 15 сәуір  кездейсоқ сандар генераторының көмегімен тікелей эфирде анықтаймыз.

Сәттілік!

Инстаграм желісінде сауалнама

Аты аңызға айналған «Оқжетпес» шипажайының 55 жылдығына орай сіздер үшін @okzhetpes.borovoe Instagram-аккаунтында байқау ұйымдастырғымыз келеді.

Шипажай тарихындағы ең ауқымды инста-байқау басталмас бұрын, жазылушылар арасында сауалнама ұйымдастыруды жөн көрдік.

1) Әлеуметтік желідегі байқауға қатысар ма еді?

2) Жеңімпазды қалай таңдаған дұрыс, кездейсоқ сандар генераторы арқылы немесе жеке таңдау?

Өз жауабыңызды төмендегі сілтеме бойынша жолдай аласыз: https://www.instagram.com/p/CNCO-ttHn2n/

Толығырақ білу үшін және брондау үшін:

+7(702)059 20 20

Брондау Онлайн төлем Оператор