Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

Жолдама құнына кіретін медициналық қызметтер

Біздің шипажайда демалушыларға арналған емдеу курсы 6, 10 және 14 күнді құрайды. Дәрігер демалушының денсаулық жағдайын ескере отырып, жеке бағдарлама жасайды және оған келесі емдік және сауықтыру рәсімдері кіреді:

  • Аппараттық физиотерапия
  • «Майбалық» минералды суымен стоматологиялық суландыру
  • Гидротерапия
  • Бальнеотерапия
  • Минералды су
  • Фитотерапия
  • Оттегі коктейлі
  • Тамақтану
  • Қымызбен емдеу
  • Емдік гимнастика
  • Терренкур бойынша емдік серуендер
  • Ингаляция
  • Таза ауа
  • Қарағай орманы
  • Балпаш-Сор көлінің лайлы балшығы
  • Радон суы, «Оқжетпес» ЕСК аумағындағы бұлақ

Жолдама құнына кіретін медициналық қызметтердің толық тізімін, сондай-ақ ақылы медициналық қызметтердің тізімін www.okzhetpes-burabay.kz сайтыынан таба аласыздар.

Толығырақ ақпаратты сіз келесі телефондар бойынша ала аласыз:

+7 (71636) 78 – 101,

+7 (702) 059 20 20.

«Qai aimaq» «Оқжетпес» шипажайында қонақта!

Ағымдағы жылдың ақпан айында «Qai aimaq» жаңа бағдарламасының командасы «Оқжетпес» шипажайында қонақта болып, қысқы демалысты қалай өткізуге болатынын және қыста Бурабай қонақтарын не күтіп тұрғанын көрсеткен еді.

Бурабай аумағында көптеген табиғи көрікті жерлер кездеседі. Сондықтан курорттың айналасындағы экскурсиялар қыста екі есе қызықты. Туристер үшін қысқы балық аулау, шаңғы тебу, сырғанау ұйымдастырылады. Бурабайдың ауасы емдік қасиеттерге ие, ол денсаулыққа және жалпы көңіл-күйге жағымды әсер етеді.

Шипажай аумағы қыста қалай көрінетіні туралы қысқаша ақпаратты “Qai aimaq” бағдарламасының шығарылымынан көре аласыздар.

Тікелей сілтеме: https://youtu.be/ovJ_js8XyqQ

Қысқы демалыс жақын! Өз жоспарыңызға «Оқжетпес» шипажайын қосуды ұмытпаңыз!

Біздің емдеу-сауықтыру кешені туралы 5 қызықты ақпарат

  1. Біздің емдеу-сауықтыру кешеніміз 50 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. 1965 жылы Әулиекөл (Бурабай) көлінің жағасында, қарағайлы орманда Оқжетпес тауының етегінде Целинный крайисполкомының және сол кездегі Тың өлкесінің аудандық мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері үшін шағын демалыс үйі салынды. Бір жылдан кейін ол климаттық санаторий ретінде танымал бола бастады. Қызықты дерек –  шипажай Президенті емдеу-сауықтыру кешенімен құрдас.
  2. Шипажайдың ең алғашқы атауы «Ясная поляна». 2011 жылдан бастап ол Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені АҚ» атауын алды.
  3. Ресей Федерациясының бұрынғы Президенті Борис Ельцин біздің шипажайда қонақта болған.
  4. Қазіргі уақытта «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің үш филиалы бар.
  5. 2006 жылы Андоррадағы сумен және климатпен емдеу Дүниежүзілік федерациясының Бас ассамблеясы санаторлық-курорттық емдеуді ұйымдастырудағы жетістіктері мен белсенді ғылыми қызметі үшін «Оқжетпес» шипажайына «Әлемнің ең үздік курорты» марапатын табыстады.

Шипажайдағы сауықтыру бағдарламасының басқа тексеруден айырмашылығы неде?

Сауықтыру – бұл кез келген аурудың асқынуын алдын алу, оңалту және шипажайдағы емшараларды қамтитын тексеруден кейінгі шипалық шаралар жиынтығы.

Шипажайда емделушілер отадан кейін ағзасын қалпына келтіріп, табиғи ресурстар мен физиотерапиялық процедуралар арқылы денсаулығын нығайтып, иммунитетін көтеріп, толық сауықтыру кезеңінен өте алады.

Сауықтыру әдістерінің басты мақсаты –  асқынуларды алдын алу.

Бурабай баурайында орналасқан «Оқжетпес» шипажайындағы сауықтыру демалысы – бұл қызмет көрсетудің және емдеудің заманауи медициналық әдістемелерінің жоғары деңгейінің үйлесімі.

Біздің кешен әр қонақтың жеке талаптары мен медициналық көрсеткіштерін толық ескеретін тиімді оңалту және емдеу-сауықтыру бағдарламаларын ұсынады.

Сауықтыру демалысында жүздескенше!

Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы ала аласыздар: +7 (71636)78 – 101, +7 702 059 20 20.

«Оқжетпес» сапа саласындағы жоғары жетістіктері үшін марапатталды

Бүгін «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Дүниежүзілік сапа күні қарсаңында «Оқжетпес» ЕСК  сапа саласындағы жоғары жетістіктері үшін марапаттады.

«Сапа көсбасшысы 2020». Жаңа марапат – жақсырақ болуға тағы бір себеп! Баршаңызға сенім мен қолдауыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамыз!

 

Вирустық пневмониядан кейінгі оңалту қаншалықты маңызды? Үй жағдайында өкпені қалай қалпына келтіруге болады? Біздің мамандардан кеңестер.

Вирустық пневмония – бұл өкпеге қатты әсер ететін ауыр ауру түрі. Қалпына келтірудің қажетті компоненттері – толыққанды ұйқы, таза ауада жиі серуендеу және дұрыс тамақтану. Асқазан-ішек жолын қатты жүктемей, тез сіңетін тағамдарды ғана тұтыну керек.

Қалпына келтіру кезеңінде ақуыз тамағы аса қажет. Мәселен: сүзбе, ірімшік, ет, бұршақ дақылдары. Онымен қоса, әрине, жемістермен көкөністер.

Пневмонияның ауыр асқынуларының бірі өкпе фиброзы болуы мүмкін. Өкінішке қарай, өкпеге пневмонияға дейін жұмыс істеуге көмектесетін дәрілер жоқ. Өкпе тінінің өзі қалпына келуі керек, біз оған физикалық қалпына келтіруге көмектесуіміз керек. Оған көп үлесін қосатын – тыныс алу гимнастикасы.

Пневмониямен ауыратындарға спортпен шұғылдануға бола ма?

– Бірден спортпен шұғылдануға болмайды, яғни бірден жүгіруге, жаттығуға, фитнес залға баруға болмайды. Өкпенің зақымдануы міндетті түрде ағзаның физикалық белсенділігі мен науқастың жұмысының төмендеуіне әкеледі. Оның орнына емдік массажы жақсы көмек көрсете алады.

Әсіресе атап өткім келетіні, стресс қалпына келтіруге теріс әсер етеді. Мазасыздық, жағымсыз эмоциялар асқынуды тудырады, қанның тұтқырлығын арттырады. Сондықтан көп нәрсеге алаңдамай, жақсы көңіл-күйде болу маңызды.

Витаминдер мен қосымша қоспаларды қабылдау оңалту процесін тездете ме?

– Қосымша дәрілер мен витаминдердің аса қажеті жоқ. Ең дұрысы, табиғи витамин. Таңқурай, қарақат, қарлыған – дәрумендердің қоймасы.  Олардың пайдасы басқа витаминдерге қарағанда, жақсырақ.

Коноплева Л.В. – «Оқжетпес» ЕСК емдеу-оңалту бөлімінің меңгерушісі.

«Оқжетпес» шипажайындағы қысқы демалыс

«Оқжетпес» шипажайы өз қонақтарын ұмытылмас қысқы демалысты бірге өткізуге шақырады! Шаңғы мен шанамен сырғанау, скандинавиялық серуендеу, терренкурдағы серуен және басқа да қысқы емдік шаралар демалушылар үшін қол жетімді.

Бурабай аумағында көптеген табиғи көрікті жерлерді кездестіруге болады. Сондықтан курорт айналасындағы экскурсиялар қыста екі есе қызықты. Туристер үшін қысқы балық аулау, аң аулау және квадроциклге міну сияқты іс-шаралар жиі ұйымдастырылады.

Күздің соңында Бурабай ақ қарға оранып, нағыз ертегідегідей курортқа айналады! Бурабайдың ауасы емдік қасиеттерге ие, ол денсаулыққа және жалпы көңіл-күйге жағымды әсер етеді.

Таза ауа, әдемі көрініс және тыныштық…Қызыққа толы қысқы демалыс және тамаша көңіл-күй! Сіздермен қауышуға асықпыз!

Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы ала аласыздар: +7 (71636) 78-101, +7 702 059 20 20.

«Хабар» арнасы Біз туралы!

Күні кеше (31 қазан, 10:20-да) «Хабар» телеарнасының жаңа жобасы «Q-Brand» бағдарламасының кезекті шығарылымы «Оқжетпес» шипажайындағы сауықтыру демалысына арналды.

«Q-Brand» бағдарламасы тек өз елімізде емес, өзге де елдер арасында танымал әрі ең табысты қазақстандық брендтер туралы әңгімелейді.

Біз туралы жасалған бағдарламаға шипажай Президенті, демалушылар және емдеу-сауықтыру кешенінің қызметкерлері қатысты.

Егер сіз Біздің шипажаймен танысып, бәрін өз көзіңізбен көргіңіз келсе, онда бұл бағдарлама сіз үшін тамаша мүмкіндік!

Тікелей сілтеме: https://youtu.be/p59fJmxOZ9s

Ақын Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылық кеші

Кеше біздің емдеу-сауықтыру кешеніміздің конференц-залында белгілі қазақ ақыны және қоғам қайраткері Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылық кеші өтті.

Ақұштап Бақтыгереева – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының және басқа да көптеген мемлекеттік марапаттар мен медальдардың лауреаты.

Шығармашылық кеште Ақұштап Бақтыгерееваның танымал өлеңдері оқылып, қонақтармен қоғамдағы біршама мәселелері талқылады. Шипажай қонақтары да белсенді қатысып, ақынмен естелік суретке түсті.

«Оқжетпес» шипажайы несімен ерекше?

  • Ең бірінші – Қазақстанның інжу-маржаны Бурабайдың жүрегінде, Щучье-Бурабай курорттық аймағының ең әдемі көлінің жағасында орналасуы.
  • Радонды терапия. Меншікті бұлақтың радонды суын пайдалану арқылы жаңа медициналық қызмет көрсетуімен;
  • 173 демалушыға арналған нөмірлік қоры бар. Жыл бойы жұмыс істейді, бұл дегеніміз, сіздің бізбен бірге сауықтыру демалысын өткізуіңіз үшін 365 күніңіз бар!
  • Физиотерапевтік кабинеттер, балшықпен емдеу, урологиялық, стоматологиялық, массаж және емшара кабинеттері бар;
  • Әр терапияның тиімділігі мен қауіпсіздігін бақылауға мүмкіндік беретін қуатты аспаптық негізге ие;
  • Мониторингтің ең маңызды әдістері – ультрадыбыстық, функционалды, электрокардиографиялық, зертханалық диагностиканы ұсынады;

Онымен қоса, «Оқжетпес» шипажайы Еуропалық стандарттарға сәйкес, жоғары сапалы қызмет көрсетуге ұмтылысы үшін «Еуропалық сапаға лайықты» халықаралық марапатына ие болған.

Сіздерді «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінде күтеміз!

Брондау Онлайн төлем Оператор