Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

17 қыркүйек – Дүниежүзілік пациенттердің қауіпсіздігі күні

2019 жылдың мамыр айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ассамблеясының 72-ші жыл сайынғы сессиясында 17 қыркүйек «Дүниежүзілік пациенттер қауіпсіздігі күні» деп бекітілді. Осы күннен бастап жыл сайын бүкіл әлемде пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету күні атап өтіледі.

COVID-19 пандемиясы қазіргі уақытта әлем мен адамзат алдында тұрған ең үлкен проблемалар мен қауіптердің бірі. Осының салдарынан денсаулық сақтау ұйымдары пациенттердің қауіпсіздігі саласындағы ең үлкен дағдарысты бастан кешіруде.

Біздің ЕСК-де короновирустан емделген кез келген адам COVID-19-дан кейінгі оңалтудан өте алады. Біз үшін әрбір демалушының денсаулығы маңызды! Өзіңізге және жақындарыңызға абай болыңыз! Сіздерді сауықтыру демалысында күтеміз!

Ата-ана үшін ең бағалы сыйлық – сауықтыру демалысы

Әр перзент үшін ең маңыздысы – ата-ана денсаулығы. Бізді таңдап, бізге сенгеніңіз үшін рақмет!

Қонақтарымыздың пікірі:

«Анам ауруханадан шыққаннан кейін, қал-жағдайы туралы сұрақтарыңызға жиі жауап беретінмін. Жасы да жетпіске жақындап қалды. Қант диабетін қоса алғанда көптеген аурулары бар және де коронавирустың ағымы өте қиын болды.

Ауруханадан шыққаннан кейін екі айдан соң анам әлсіздік пен тыныс алудан зардап шекті. Ол үйден шықпады, тек кейде үлкен ағасына қонаққа баратын. Сонда үйде оңалту жеткіліксіз екені түсінікті болды.

Созылмалы аурудан қалпына келтіруге қандай шипажай көмектесе алатындығын зерттей бастадым және таңдау @okzhetpes.borovoe емдеу-сауықтыру кешеніне түсті. Дәл сол жерде, менің ойымша, қажетті мамандар мен заманауи жабдықтардан бастап, емдік ауаға дейін қарастырылған. Осы жерде анам тез арада қалыпты өмірге оралуы үшін қажет нәрсенің бәрі бар екенін түсіндім.

Әкемді серік үшін қоса жібердік, оған да көптеген процедуралар кедергі болмайды. Өзі сондай жерлерге барғанды ұнатады. Таңертең өзі серуендеп, үйректерді бақылап, маған видео жібереді. Ата-аналарымызды аялайық. Өзім толығырақ білгеннен кейін қалпына келтіру туралы мәліметтерді кейінірек жазамын, өйткені қалпына келтіру курсы енді басталды!»⠀

Әлішер Елікбаев.

Белгілі қазақстандық PR-маман және кәсіпкер.

Жайлы сауықтыру демалысы

Күз езгілінде күн салқындап бастаған соң бәріміз жылулық пен жайлылықты аңсаймыз!

Салқын ауа-райында ыстық саунада жылынудан жақсы не болуы мүмкін? Онымен қоса, сергітетін бассейнде жүзу мен түрлі процедуралмен толықтырсаңыз ше? Фитобардағы шөптен жасалған емдік шаймен жылыну тіпті бөлек әңгіме.

Сіздің жайлы демалысыңыз үшін біздің шипажайда:

  • Бассейн
  • Фитнес-зал
  • Төрт түрлі фин саунасы
  • Инфрақызыл сауна
  • Фито-бар
  • Спорт залы бар.

Сіздерді сауықтыру демалысында күтеміз!

Отбасы күні

2013 жылы ҚР Президенті жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні» деп бекітілді. Биыл бұл мереке 13 қыркүйекке келіп тұр. «Оқжетпес» ЕСК ұжымы баршаңызды құнды мерекелердің бірі – отбасы күнімен шын жүректен құттықтайды!

Отбасы – мейірім мен махаббаттың бастауы, жанашырлық пен бауырмалдықтың қайнар көзі, тәлім-тәрбиенің ортасы, сыйластық пен жан тыныштығының ордасы. Отбасы – шағын мемлекет. Сол мемлекеттің әр тұрғыны аман, дені сау, жүзі жарқын болсын!

Арқаны тік ұстау – сау омыртқа

Күні бойы отыру, аз қимылдау, жарақаттар біздің денемізге теріс әсер етеді. Әдемі қалыпта болу эстетикалық тұрғыдан ғана емес, денсаулықты жақсы жағдайда ұстау үшін де маңызды.

«Сау омыртқа» –  біздің  «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешеніндегі сауықтыру бағдарламаларының бірі.

Егер сізде:

  • жатыр мойны, кеуде және бел остеохондрозы;
  • радикулит;
  • дискілердің жарығы;
  • буындардың деформациялық артрозы;
  • невриттер;
  • плекситтер;
  • невралгия болса, осы бағдарламадан өтуге кеңес береміз.

Сауықтыру бағдарламасынан қандай нәтиже күтуге болады?

  • ауырсынуды жою;
  • қозғалу белсенділігін қалпына келтіру;
  • ремиссия кезеңін ұзарту.

Омыртқаның қисықтығы, бүкірею сынды диагнозы бар адамдар ауырсынуды жеңілдету үшін, сондай-ақ қозғалысты арттыру үшін омыртқаға әсер ететін бұлшықеттерді ұзарту және нығайтуы керек.

Сіздерді сауықтыру демалысында күтеміз! Толық ақпаратты  +7 (71636) 78-101, +7 702 059 20 20 телефоны арқылы алуға болады

Қонақтарымыздан кері байланыс. Пневмония мен Covid-19 індетінен кейінгі оңалту

«Оқжетпес» шипажайында 1 тамыздан бастап, Covid-19 індетінен кейінгі арнайы оңалту бағдарламасы іске асып келеді. Бағдарлама 14 күнге лайықталған және оған:

  • Ақуызға бай тамақтану;
  • Күнделікті қымыз қабылдау;
  • Шипалы минералды суды қабылдау;
  • Гидротерапия;
  • Фитотерапия;
  • Тыныс алу жаттығулары;
  • Климатотерапия;
  • Ингаляциялар;
  • Тұзды шахта кіреді.

Онымен қоса, терапевт, отоларинголог, диетолог, ультрадыбыстық диагностика мен зертханашы дәрігерінің қабылдауы жүргізіледі. Қажет болған жағдайда басқа мамандардан кеңес алу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ тамақтану тәртібі мен құрамына ерекше назар аударылады. Әр қонақтың ағзасы мен қалауына қарай жеке мәзір, жеке емдеу курсы қарастырылған.

Физиотерапия жаттығулары, оның ішінде тыныс алу жаттығулары – бұл оңалту бағдарламасының негізгі бөлігі әрі денсаулығыңыздың толық қалпына келуіне ықпал ететін тағы бір фактор.

Төмендегі сілтеме бойынша өтіп, Covid-19 бойынша оңалтудан өткен қонақтарымыздың пікірін көре аласыздар.

https://www.instagram.com/p/CETqqohHdSP/

https://www.instagram.com/p/CEvXawBneOO/

Біз үшін әрбір пікір маңызды! Емдеу-сауықтыру демалысына сізді де күтеміз!

Бағдарлама бойынша толық ақпаратты +7(716 36) 78-101 нөмірі бойынша алуға болады.

«Оқжетпес» ЕСК қызметкері «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мереке қарсаңында марапатталды

ҚР президентінің 2020 жылғы 20 тамыздағы жарлығы бойынша «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен «Оқжетпес» ЕСК бас есепшісі Тюлюпова Исинбике Жақиқызы марапатталды.

Исинбике Жақиқызы «Оқжетпес» ЕСК» акционерлік қоғамында  2011 жылдан бері қызмет етеді. Кешеннің бас есепшісі Исинбике Жақиқызын  жоғары марапатпен шын жүректен ұжым атынан құттықтаймыз! Бұл біздің шипажай мамандарының жоғары біліктілігінің тағы бір дәлелі. Еңбектеріңіз бағалана берсін!

1 қыркүйек – Білім күні

«Оқжетпес» ЕСК баршаңызды білім күнімен шын жүректен құттықтайды!  Жаңа оқу жылы жаңа белестер, пайдалы білім мен жақсы дағдыларды, берік достық пен сенімді достарды әкелсін!

Жаңа шыңдарды бағындыру жолында сіздерге мықты денсаулық тілейміз!

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

«Оқжетпес» ЕСК тәуелсіз еліміз үшін бүкілхалықтық айтулы мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен баршаңызды құттықтайды!

Тәуелсіздіктің теңдессіз тартуы  – мемлекетіміздің Ата Заңы. Осыдан 25 жыл бұрын халқымыз өзінің тарихи таңдауын жасап, мемлекетті одан әрі дамыту жолын анықтады. Адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандығы – Ата заңның ең құнды қағидасы.

Елімізге тыныштық, амандық, жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!

праздники в Боровом

Жастықты қалай сақтауға және ұзартуға болады?

Жас ұлғайған сайын ағзада да көп өзгеріс болады. Метаболизм нашарлап, склеротикалық және дистрофиялық өзгерістер ішкі органдар орын алып, созылмалы аурулар қосылады.

Мұндай өзгерістер көбіне дұрыс тамақтанбау, физикалық белсенділіктің жеткіліксіздігінен, жаман әдеттердің және басқа да қолайсыз факторлардың болуымен жүреді.

Нәтижесінде дене мерзімінен бұрын қартаяды, физикалық ұтқырлық төмендейді, өмір сүру ұзақтығы қысқарады.

Біздің шипажайда «ерте қартаюдың алдын алу» бірегей сауықтыру бағдарламасы бар.

Бағдарлама арқасында өзіңізді жеңіл сезініп, сергектік пен бүкіл ағзаның тонусы артады. Нәтижесінде – жасару процессі қосылады.

Сізді сауықтыру демалысында күтеміз!

Бағдарлама бойынша толық ақпаратты +7(716 36) 78-101 нөмірі бойынша алуға болады

Брондау Онлайн төлем Оператор