«Жамбыл облысының Байзақ ауданында адам өліміне әкеп соққан қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза тапқан әскери қызметшілер мен құтқарушылар шынайы ерлік пен қайсарлық танытты. Олар халық жадында мәңгі сақталады», — делінген Ақорда сайтында жарияланған Тоқаевтың өкімінде.
Қаза тапқан жандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз…
Бүгін біздің шипажайдың акт залында «Оқжетпес» ЕСК» АҚ президентінің қатысуымен Конституция күніне арналған шағын концерт өтті.
Барлық сүйікті оқырмандарымызды маңызды мемлекеттік мерекемен құттықтаймыз және жайлы демалыс тілейміз!
Бұл туралы БАҚ беттерінде бірнеше мақала жарияланды. Толығырақ төмендегі сілтеме арқылы өтіп оқи аласыздар:
https://www.kazpravda.kz/fresh/view/zhiznenno-neobhodimoe-reshenie
https://atameken.kz/ru/news/44657-ne-povod-rasslablyat-sya
Біз ересек балалардың ата-аналарын сауықтыру демалысына қалай әкелетініне және бірлескен демалыстың әр минутынан ләззат алатынына жиі куә боламыз. Мұндай сыйлыққа сіздің ата-анаңыз да лайық!
Ата-анаңызбен пайдалы уақыт өткізгіңіз келе ме? Бізге келіңіздер!
Бос орындар туралы толық ақпаратты төмендегі байланыс номері арқылы біле аласыздар:
+7 702 059 20 20
Біздің қонақтар түскі асқа дайындалып жатқанда, біздің аспаздар кешкі ас дайындауға кіріседі.
Бүгін кешкі асқа: Картоппен бұқтырылған жылқы еті, «Оқжетпес» фирмалық бәліші.
Десерт: алма қосылған Шарлотка
Тіскебасар: қуырылған баклажан, жазғы көкөніс салаты, мейіз қосылған қызылша салаты.
Асыңыз дәмді болсын!
ҚР Үкіметінің қаулысына сай өткен жылдан бастап 10 тамыз Абай күні болып жарияланған еді.
Дара әрі дана Хәкім Абайдың туғанына биыл 176 жыл. Баршаңызды бүгінгі айтулы мерекемен құттықтаймыз! Абай күнімен!
«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені Kaspi.kz қосымшасы арқылы шипажай қызметтерін төлеу мүмкіндігі туралы қуана хабарлайды.
Төлем үшін:
1. Кешенмен сайт, Instagram немесе +7 (702) 059 20 20 телефон нөмірі арқылы байланысыңыз;
2. Емдеу курсын таңдап, бронь нөмірін алыңыз;
3.Kaspi.kz қосымшасында «Төлемдерге» кіресіз немесе іздеуде “Оқжетпес” жазбасын енгізу жеткілікті;
4. Қызметке өту және бронь нөмірі бойынша төлеу немесе алдын ала төлем жасай аласыз.
Төлем жасау үшін кез келген шотты таңдауға немесе бонустармен төлеуге болады.
Сондай-ақ, сауықтыру кешенінде QR-кодтың көмегімен қызметті төлеуге болады.
Сауықтыру демалысында кездескенше!
«QAZAQ history of the golden man»– бұл Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы деректі таспа. Фильмге қосымша сегіз сериядан тұратын серия бар.
Фильмнің продюсері кино шебері Оливер Стоун, картинаның режиссері Игорь Лопатенок, сонымен қатар продюсерлер Вера Томилова мен Игорь Кобзев. Картинаның ресми тұсаукесері күзде болады. Фильм қазан айында Рим кинофестивалінде де ұсынылады.
Деректі фильм 19 ай бойы еліміздің түкпір-түкпірінде түсірілді. Соның бірі Бурабайдағы «Оқжетпес» сауықтыру кешені.
Қызықты ақпарат: Фильм продюсері түсірілім кезінде Covid-19-бен ауырып, біздің шипажайға оңалтуға келеді. Сауықтыру емі кезінде ол шипажайдың қалыптасу тарихын, емдеу факторларын зерттеп, «Оқжетпес» туралы серияны толықтырған.
Деректі фильмнің трейлерін төмендегі сілтемеарқылы өтіп, көре аласыз: