with the terms of the booking rules agree

Шипажайдағы топ-5 ерекше процедуралар тізімі

Сіздерге біздің қонақтар арасында үлкен сұранысқа ие топ-5 бірегей емшаралар тізімін ұсынбақпыз:

Тұз шахтасы

Тұз бөлмесіндегі 1 сеанс = теңізде өткізген 1 күнмен тең. Біздің тұз бөлмесіндегі қабырғалар, төбелер мен едендер табиғи тұз блоктарымен қапталған. Тұз бөлмесінің бүкіл құрылымы емдік ауаны біркелкі қамтамасыз етеді.

Радонды су

«Оқжетпестегі» радон ауыз су көзі экзема, нейродермит, псориаз және т. б. сияқты ауруларды тиімді емдеуге көмектеседі.

Инфрақызыл сауна

Инфрақызыл саунада шлактар, майлар мен токсиндер әдеттегіден 4 есе тез шығады. Бұл терлеудің жоғарылауын тудырады, соның арқасында токсиндер мен шлактардан дене тазаруы белсенді жүреді.

Балшықпен емдеу

Емдік балшықпен орау организмнен токсиндерді кетіруге көмектеседі. Тыртықтар мен созылу белгілерін едәуір жақсартады, целлюлитті “дақтарды” жоюға және терінің серпімділігі мен нәзік реңін қайтарады.

Терренкур (емдік серуен)

Терренкурлар арқылы Бурабай көлінің бойымен, көрікті жағалаумен серуендеп, Кенесары үңгіріне жетуге болатын соқпаққа шығады. Емдік серуен үшін арнайы жол жасалған.

Сіздерді сауықтыру демалысында күтеміз!

+7(716 36) 78-101

+7(702)059 20 20

09.02.2021

«Оқжетпес» шипажайы «Қайырымдылық керуені» акциясын қолдайды

Биыл «Оқжетпес» үшінші рет «Қайырымдылық керуені» байқауының бас демеушісі.

Байқау жыл сайын өткізіледі, ұйымдастырушылар – Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы, ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының “Оқжетпес “ЕСК” АҚ, “Хабар” Агенттігі, республикалық “КТК” телеарнасы.

ІІІ республикалық “Мейірімділік керуені” байқауы – Азаматтық бастамаларды жандандыруға және қайырымдылықты насихаттауға, өзара көмек көрсету дәстүрлерін жаңғыртуға бағытталған. Жақсы істер жасаған немесе қайырымдылық көмек көрсеткен адамдар жыл сайын қатысуға өтініш бере алады.

«Оқжетпес» шипажайының қоғаммен байланыс жөніндегі өкілі төрешілер отырысына қатысып, лауреаттарды бірге таңдады. Жеңімпаздар алғыс айту күнін мерекелеу қарсаңында 26 ақпанда Алматы қаласында марапатталады. Жеңімпаздар 7 номинация бойынша анықталады. Әр жеңімпазға «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешеніне жолдама табыс етіледі.

06.02.2021

Шипажайға өзіңмен бірге не алып келу керек?

Көптеген адамдар сауықтыру демалысына келер алдын өзімен бірге не алуға болатыны жайлы жиі ойланады. Біз сіздерге ең қажетті заттардың тізімін жасадық. Сақтап алуды ұмытпаңыздар!

  1. Құжаттар (жеке куәлік, санаторлы-курорттық карта, ересектер мен 5 жастан асқан балаларға коронавирустық инфекция жоғын растайтын ПЦР-тест анықтамасы (үш күн жарамды).
  2. 5 жасқа дейінгі балалар учаскелік педиатрдан эпидемиологиялық орта туралы анықтама және туу туралы куәлік);
  3. Ыңғайлы киім және аяқ киім (Спорттық костюм, джинсы, кроссовки және бассейнге арналған аяқ киім);.
  4. Мейрамханаға немесе караоке-клубқа баруға арналған сәнді киім (қалауы бойынша)
  5. Гигиеналық керек-жарақтар (тіс пастасы мен тіс щеткасы, сусабын мен кондиционер, сабын, тарақ, ұстара сынды керек-жарақтар);
  6. Ұялы телефон, зарядтау құрылғылары, фотоаппарат (міндетті емес)

Сіздерді сауықтыру демалысында күтеміз!

Толық ақпаратты сіз мына телефон арқылы ала аласыз:

+7 702 059 2020

02.02.2021

Бізге сіздің қауіпсіздігіңіз бәрінен де маңызды!

Құрметті қонақтар! Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін біз барлық сақтық шараларын қарастырдық:

Шипажай аумағында дезинфекциялық туннель ұйымдастырылған. Барлық қонақтар шипажайға кірер алдын туннель мен тепловизормен тексеруден өтеді. Мейрамханада қашықтықты сақтай отырып, қауіпсіз отырғызу қарастырылған, ал бассейнге бару 15 адамнан аспайтын топтар бойынша қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, біздің шипажай EuropeSpa бірегей сертификаттауынан өтіп, еуропалық курорттық қауымдастығының (ESPA) сапа белгісін алған. Сертификаттау шипажайдың, курорттардың және спа-қонақ үйлерінің: қауіпсіздік, қызмет көрсету, гигиена және инфрақұрылым сынды қызмет салаларын қамтиды.

Демалысқа келген бойда жеке сақтық шараларын сақтауыңызды сұраймыз. Бізге сіздің денсаулығыңыз бәрінен де маңызды!

Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы ала аласыздар:

+7 (71636)78 – 101

+7 702 059 20 20

Сіздерді сауықтыру демалысында күтеміз!

27.01.2021
раннее бронирование

Туған күніңмен, «Оқжетпес»!

Биыл аты аңызға айналған «Оқжетпес» шипажайына 55 жыл! Тарихы сонау 1965 жылдан бастау алатын шипажай ең алғаш 1966 жылдың 14 қаңтарынан бастап,  «Ясная поляна» Климаттық санаторийі ретінде танымал бола бастады. Мерейтойлық күндерге орай, бүгін сіздермен емдеу-сауықтыру кешенінің тарихымен қысқаша бөлісуді жөн көрдік:

  • 1965 жылы Әулиекөл (Бурабай) көлінің жағасында, қарағайлы орманда Оқжетпес тауының етегінде Целинный крайисполкомының және сол кездегі Тың өлкесінің аудандық мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері үшін шағын демалыс үйі салынды.
  • 1966 жылы «Ясная поляна» шипажайы ретінде бір мезгілде 75 адамды демалуға қабылдай алатын климаттық шипажай ретінде танымал бола бастады.
  • 2000 жылдардың басында санаторий толығымен қайта құрылып, жаңартылды.
  • Ал 2011 жылдан бастап ол Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені» акционерлік қоғамы атауын алды.
  • 2006 жылы Андоррадағы сумен және климатпен емдеу Дүниежүзілік федерациясының Бас ассамблеясы санаторлық-курорттық емдеуді ұйымдастырудағы жетістіктері мен белсенді ғылыми қызметі үшін «Оқжетпес» санаторийіне “Әлемнің ең үздік курорты” марапатын берді.
  • 2017 шипажайда «Шипажай-2017» ІІ Халықаралық форумы өтті
  • 2017 жылдың 27 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының емдеу-сауықтыру кешендері “Оқжетпес” брендімен бірыңғай желіге бірікті, оның құрамына Бурабай курорттық аймағындағы “Оқжетпес”, Алматы қаласындағы “Алматы Резорт” (қазіргі уақытта “Алматы” Оқжетпес”) және РФ Ессентуки курорт қаласындағы “Қазақстан” санаторийі кірді
  • 2019 жылы «Оқжетпес» шипажайы «2019 жылдың үздік шипажайы» деген марапат алды.

«Оқжетпес» 55 жылдан астам тарихы бар бірегей шипажай. Кешен әр мерейтойын құрметпен қарсы алуға және әрі қарай шарықтап, дамуға дайын.

Мұның бәрі, әрине, біздің сүйікті қонақтарымыздың арқасында! Бізді таңдап,  сенім артқандарыңызға мың алғыс!

14.01.2021

COVID-19-ДАН КЕЙІНГІ ОҢАЛТУ

«Оқжетпес» шипажайында 1 тамыздан бастап Covid-19 және пневмониядан кейінгі арнайы оңалту бағдарламасы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта оңалту ниет білдірушілер үшін әлі де қолжетімді.

10-14 күнге есептелген бағдарламаға (таңдау бойынша) кіретін қызметтер:

  • Төрт мезгіл тамақтану. Әрбір қонақ келесі күнге алдын ала тапсырыс беру жүйесі бойынша 4 түрлі тағамнан бір күнге ас мәзірін таңдай алады;
  • Күнделікті қымыз;
  • Минералды суды күнделікті қабылдау;
  • Гидротерапия;
  • Фито-бар;
  • Климатотерапия;
  • Ингаляция;
  • Тұз шахтасы;
  • Қысқы сауықтыру бағдарламалары;
  • Емдік дене шынықтыру;
  • Терапевт, отоларинголог, диетолог, ультрадыбыстық диагностика дәрігері, зертханашы, сонымен қатар қажет болған жағдайда басқа мамандармен кеңесуге болады.

Күн сайын таңертең тыныс алу жаттығуларынан басталады – бұл дененің толық қалпына келуіне ықпал етеді, өйткені оңалту бағдарламасы өкпенің жұмысын қалпына келтіруге бағытталған.

Толық ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: +7 702 059 2020

12.01.2021

Ішекті ТАЗАЛАУ

Бүкіл ағзаның денсаулығы ішектің дұрыс жұмысына байланысты. Метаболизммен байланысты ауытқулар, аллергия, әлсіреген иммунитет, безеу, жаман тыныс, қан айналымы жүйесінің бұзылуы – осы және басқа да жағымсыз көріністер ішектің шөгуі мен ластануынан туындаған функционалды ақауларға байланысты пайда болуы мүмкін.

«Оқжетпес» шипажайы осы тұрғыда «Гидроколонотерапия» деп аталатын процедураны ұсынады. Бұл дегеніміз – жинақталған токсиндерді кетіру, детоксикация және ішек флорасын қалпына келтіру үшін тоқ ішекті жұмсақ жуу.

Гидроколонотерапияның әсері:

  • тоқ ішекті тазарту
  •  тоқ ішектің бұлшықет талшықтарын жаттықтыру
  • ішек пішінін қалпына келтіру – тоқ ішекті жуу
  • ағзаның су балансын қалыпқа келтіру

Сіздерге зор денсаулық және көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!

Толық ақпарат алу үшін, мына байланыс номерлеріне хабарласа аласыз: +7 (71636) 78-101, +7 702 059 20 20.

Өз таңдауыңды «Оқжетпесте» жаса

Бүгін Қазақстан Республикасында парламенттік сайлау басталды. Біздің емдеу-сауықтыру кешеніміздің қонақтары мен қызметкерлері шипажай ішінде орналасқан №339 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасай алады.

10.01.2021

Ұйқысыз түндерден кейін қалай сергек жүруге болады?

Мереке күндері артта, алда демалыс күндері келе жатыр. Бұл дегеніміз, ұйқы тәртібі бұзылып, ағза үшін күн мен түннің ауысыуына алып келеді.

Сіз түнімен ұйықтай алмадыңыз немесе тіпті әлі ұйқыға да жатқан жоқсыз, бірақ таңертең ерте сізді шұғыл жұмысқа шақырып қалды не бір жерге дереу жету керек болдыңыз. Мұндай кезде жағдайдан шығудың бірнеше тәсілі бар.

Сол тәсілдің бес түрімен бүгін сіздермен бөліспекпіз. Кәдеңізге жарап қалар, сақтап алуды ұмытпаңыз!

Жарықты көбейтіңіз

Қараңғыда біздің денемізде ұйқыны реттеуде маңызды рөл атқаратын мелатонин гормоны бөлінеді. Жарық мелатонин өндірісін тоқтатады және ағза автоматты түрде ояна бастайды.

Контрастты душ қабылдаңыз

Ыстық және суық судың ауысуы организм үшін стресс, сәйкесінше, ол оның жасырын қорларын белсендіреді және оятуға көмектеседі. Әсерді күшейту үшін душтан кейін денені сүлгімен сүртіп, бетіңізді мұз текшелерімен сүртуге болады.

Таңғы ас ішу

Біздің ағзамызға машина сияқты отын қажет. Энергияның толқуын сезіну үшін баяу көмірсулармен “жанармай құю” керек. Кез келген ботқа, ірі нан, бидайдан жасалған макарон, жемісті жеуге болады. Бастысы, майлы және крахмалды тағамнан бас тарту керек, өйткені дене оны сіңіруге көп күш жұмсауға мәжбүр болады.

Серуендеу

Неліктен жұмысқа жаяу бармасқа? Егер тым алыс болса, жолдың кем дегенде бір бөлігін өтуге болады. Таңертеңгі салқындық қуаттандыратын әсерге ие болады, ал ми оттегімен қанығады, бұл жұмыс ырғағына тезірек енуге көмектеседі.

Музыканың даусын қаттырақ қосыңыз

Музыка мидың ұйқысыз бөліктерін оятып, жүйке жүйесін белсендіреді. Әрине, тыныш классика бұл мақсаттарға жарамайды, жігерлі рок таңдаған дұрыс. Егер сіз сонымен бірге ән айтсаңыз немесе билесеңіз, екі есе әсерге кепілдік береді.

Әдеттегі жұмыс ырғағына тезірек оралуыңызды тілейміз! Сізге деген қамқорлықпен, «Оқжетпес» шипажайы!

08.01.2021

Жарқын да ізгі мереке – Рождество мейрамымен!

«Окжетпес» шипажайы еліміздің барша православ христиандарын Рождество мейрамымен шын жүректен құттықтайды! Әр отбасыға баянды бақыт, ұзақ ғұмыр, амандық пен молшылық, сүйіспеншілік пен береке, бейбітшілік пен бақыт тілейміз!

07.01.2021
Booking Online payment operator