Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

Денені қалай сергітуге және жайлы демалуға болады?

SPA – бұл керемет демалудың, толықтай босаңсу, жан-дүниенің үйлесімділігіне жету, күш-қуат пен денсаулықты қалыпқа келтірудің бірегей мүмкіндігі. Сіздердің назарларыңызға «Ай және Күн» – азиялық массаж сфералары бар сергіткіш SPA-күтімін  ұсынасыз.

Бұл процедура тәніңіз бен жаныңызға нағыз рахат сыйлайды әрі теріні қалпына келтіреді. Ол екі түрлі сфераны қолдана отырып, екі массаж әдісін біріктіретін күтім.

Қызғылт сары “Күннің” жылуымен толтырылған сфералар бұлшықет кернеуін жеңілдетеді.

Индиго түсінің «Ай» сфералары үйлесімділік пен тыныштық сезімін қайтарады. Күн мен Айдың бұл одағы әрқайсымызға ерекше күш пен жұмсақтықты символдық түрде біріктіреді.

Нәтижесінде өмірлік энергия мен тері тонусы қалпына келеді, бүкіл денеде сергектік пен жеңілдік сезімі пайда болады. Сонымен қатар, теріні тез ылғалдандыратын әсері бар.

Сіздерді сұлулық пен сауықтыру демалысында күтеміз!

+7(702)059 20 20

Таныс болыңыздар, біздің қызметкерлер!

Көпшіліктің сұрауы бойынша бүгіннен бастап қызметкерлерімізбен танысу айдарын бастаймыз.

Суретте «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің медициналық оңалту бөлімінің меңгерушісі – Любовь Васильевна Коноплева.

Қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастыру мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер және терапевт мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер. Жалпы еңбек өтілі 40 жыл, оның ішінде ҚР ПІБ МО жүйесінде 18 жыл, «Оқжетпес» ЕСК АҚ -да 3,5 жыл.

Көктем мерекесіне арналған ерекше кеш

Кеше біз шипажайдың әдемі жартысын көктемгі мерекемен құттықтап, шағын тосын сый жасадық. Сіздермен ұмытылмас күннің үзінділерімен бөліспекпіз. Видеоның толық нұсқасын https://www.instagram.com/p/CMMDVZxptu3/ сілтемесі арқылы өтіп, көре аласыздар. ⠀

Жарқыраңыз, гүлдей жайнаңыз! Сіздер қашан да ең жақсысына лайықсыздар, қымбатты ханымдар!

Құрметті ханымдар, мерекелеріңізбен!

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ ұжымы Сіздерді жылдың ең нәзік мерекесі-Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды!

Сіздерге барлық армандарыңыздың орындалуын, көңіл-күйіңіздің әрқашан көтеріңкі болуын тілейміз! Сіздердің нұрлы жүздеріңізді ешқашан мұң шалмасын, дендеріңіз сау, бауырларыңыз бүтін, отбасыларыңыз аман болсын.

Көктемнің жарық күніндей өміріңіз сәнді болғай!

«Оқжетпес» ЕСК Check-up бағдарламасы үшін «Медсканер БИОРС-04» жаңа аппаратын сатып алды

Велнесс бағдарламалық кешені медициналық аппараты  – емделушінің денсаулығын толығымен көрсетіп, диагностиканың 10 түрін, терапияның 8 түрін және дәрі-дәрмек тестін жүргізуге мүмкіндік береді. Шипажай жағдайында қолда бар емдеу базасын ескере отырып, оңалту іс-шараларын сапалы өткізуге арналған бірегей аппарат.

Денені тез және толық тексеру әдісі физиотерапиялық процедураларды орындау үшін қолдануға болатын есептерді алуға, таңдалған физиотерапиялық процедураның және қалпына келтірудің немесе емдеу стратегиясының қаншалықты тиімді екенін бақылауға көмектеседі.

Енді емдік шаралары бұрынғыдан да жақсырақ болады!

Шипажайдағы тамақтану

Тамақтану – бұл емдеу процесінің маңызды компоненттерінің бірі. Сондықтан біз сіздер үшін дұрыс тамақтануды ұйымдастыруда ерекше назар аударамыз.⠀

Біздің емдеу-сауықтыру кешенінде төрт мезгіл тамақтану режимі, сондай-ақ қымыз қабылдау рәсімі ұйымдастырылған. Медициналық көрсеткіштер бойынша жиі тамақтануды қажет ететін қонақтар үшін дәрігерлердің тағайындауы бойынша қосымша тамақтану белгіленеді немесе жеке тамақтану тәртібі тағайындалады.

Сіздерге ыңғайлы болуы үшін өз таңдауыңыз арқылы келесі күні алдын-ала тапсырыс беру жүйесін қолданамыз. Тамақтану жиілігі емдік кезеңге және диетолог тағайындаған диетаға байланысты төрт, бес немесе алты рет болуы мүмкін.

Тамақтану тұру құнына кіреді, ал мәзір әр түрлі және оны өзіңіз таңдай аласыз.

Сіздерді сауықтыру демалысына күтеміз!

+7(716 36) 78-101

+7(702)059 20 20

Көктемнің алғашқы күнімен!

Көктем — табиғаттың оянып, жаңаратын сәті. Шабыт пен гүлдену уақыты. Бұл мезгіл – сұлулық, тазалық, жылулық, жарық және махаббат сыйлайтын кез. Сондықтан, өзіңіз бен өз денсаулығыңызға ерекше назар аударыңыз!

Баршаңызды көптен күткен көктемнің басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат және көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!

«Оқжетпес» «Қайырымдылық керуені» қайырымдылық байқауының жеңімпаздарын марапаттады

26 ақпан Алматы қаласында «Қайырымдылық керуені» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқау ұйымдастырушылары Нұрсұлтан Назарбаев қоры, Іскер әйелдер қауымдастығы, «Оқжетпес» ЕСК» АҚ, “Хабар” Агенттігі және “КТК” телеарнасы. Іс-шараға Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры Дариға Назарбаева, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев және «Оқжетпес» ЕСК АҚ Президенті Қайрат Беркінбаев қатысты.

Қайырымды іс жасап жүрген жандарды қолдау мақсатында өткен байқау осымен үшінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Жеті номинация бойынша үздік деп танылған жеті жеңімпаздың басты сыйлығы – «Оқжетпес» шипажайына 5 күндік жолдама.

Жобаға қатысушылардың мейірімді жүрегі, жарқын әрекеттері, жанқиярлығы мен қайырымды істері үлкен құрмет пен таңданыс сезімін тудыратыны сөзсіз.

Барша жеңімпаздарды «Оқжетпес» шипажайы атынан шын жүректен құттықтаймыз! Сауықтыру демалысында жүздескенше!

«Almaty Resort» шипажайымен тәжірибе аласу

Өткен аптада «Оқжетпес» Бурабай шипажайының бірнеше қызметкері: Тамақтану қызметінің меңгерушісіЖитниковская Елена Станиславовна, тамақтану қызметі залының меңгерушісі – Жанысбаева Майра Муратовна және қоғаммен байланыс жөніндегі ресми өкіліДина Ораз Алматы қаласындағы «Almaty Resort» филиалында іссапарда болды.

Іссапардың мақсаты: Мейрамхана қызметін ұйымдастыруда және ұсынуда тәжірибе алмасу. Осыған байланысты, ертең (25 ақпан) @okzhetpes.borovoe ресми аккаунты шипажайдың асханасы бойынша онлайн-тур өткізеді. Парақшаға тіркелуді ұмытпаңыз!

БАҚ біз туралы

Тарихи шипажайымыздың 55 жылдығына орай, Stan.kz ақпараттық порталы «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені жайлы ауқымды мақала жариялады. Онда шипажай тарихы мен Президентінің соңғы жетістіктер мен жаңалықтары туралы берген сұхбаты жазылған.

Толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыздар:

https://stan.kz/eurospa-standarti-boyinsha-uzdik-dep-tanilgan-okzhetpes-342495/

Брондау Онлайн төлем Оператор