Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін
Санаторий Окжетпес

Денсаулықты қыста нығайтамыз

Таза ауа, тамаша көрініс, құнарлы әрі дәмді тағам, қысқы ойын-сауық түрлері, бассейн, SPA, емшаралар…

Бұдан жақсы не болуы мүмкін?

Ал қысқы қар басқан орманда серуендеу – ерекше табиғаттан ләззат алып қана қоймай, Бурабайдың емдік аязды ауасымен дем алып, иммунитеіңізді күшейтуге мүмкіндік береді.

Кез келген ауа-райында көңіл-күйіңіз көтеріңкі және әл-ауқатыңыз мықты болуы үшін денсаулығыңызға қыста екі есе қамқорлық жасаңыз!

«Оқжетпес» шипажайында жолдама құнына кіретін қызметтер:

  • Шипажайлық-курорттық емдеу
  • 4 мезгіл тамақтану + қымыз
  • Бассейн, хамам, сауна
  • Фитнес залы
  • Балалар бөлмесі
  • Бильярд
  • Кинозал

Толық ақпаратты сіз мына телефондар  арқылы ала аласыз:  +7 (71636) 78-101, +7 702 059 20 20.

Алтынбек Қоразбаев «Оқжетпесте» қонақта

Өткен аптада біздің шипажайда қонақта қазақстандық композитор, әнші, танымал әнші Мейрамбек Бесбаев пен «МузАрт» тобының ұстазы, Қазақстанның халық әртісі – Алтынбек Қоразбаев қонақта болды.

Алтынбек Қоразбайұлы жаңа жыл алдындағы демалысын досы, ақын, журналист, қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Жүрсін Ерман мырзамен өткізді.

Сіздерді құрметті қонақтар арасында көргенімізге қуаныштымыз! Бізді таңдағандарыңызға рақмет!

Жаңа жылыңызбен!

«Оқжетпес» ЕСК АҚ баршаңызды келіп жеткен Жаңа жылмен шын жүректен құттықтайды! Жаңа жылда, ең бастысы, мықты денсаулық, толағай табыстар мен әр бастамаңызға сәттілік тілейміз!

Біздің шипажайды таңдап, сенім артқан Сіздерге шексіз алғыс! Иммунитетіңіз жоғары, деніңіз сау болсын! Жарқын жүздесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен оң шешімдер дәл осы жылы молынан орын алсын!

«ОҚЖЕТПЕСТЕН» ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ БАҒДАРЛАМА

Егер сіз Жаңа жыл алдындағы мерекелерді өткізу үшін идеялар іздестіріп жүрген болсаңыз, онда «Оқжетпес» Сізге жақындарыңызбен пайдалы, жағымды және денсаулық үшін қауіпсіз демалыс өткізуді ұсынады.

Жаңа жылды адам көп шоғырланған жерлерде атап өту денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін, вирустық ауруларды жұқтыру қаупі бар екенін бәрі біледі. Жабық жерлерде адамдар көп болатын бар, клуб пен мейрамханалар тіпті қауіпті. Алайда, «Оқжетпестегі» демалыс сізге қауіпсіз демалуға кепілдік береді.

Біздің қонақтар бөтен адамдардан оқшауланған және ғимаратта тек ПЦР-тестін тапсырғандармен бірге орналастырылады. Бізде сіз вирустан оқшауланып қана қоймай, емделесіз, өйткені біз бірқатар медициналық қызметтерді ұсынамыз!

Жаңа жылды «Оқжетпес» жаңа жылдық пакетімен бірге қарсы алыңыз!

Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы ала аласыздар: +7 (71636) 78-101, +7 702 059 20 20.

«Оқжетпес» жаңа жағдайға қалай бейімделе алды

Өтіп бара жатқан жыл біздің еліміздегі көптеген емдеу-сауықтыру кешендері үшін нағыз сынға айналды және біз де бұдан тыс қалмадық. Жаһандық коронавирустық пандемия басталғаннан кейін, наурыз айының ортасында елде барлық медициналық ұйымдарға санитарлық-шектеу шаралары енгізілді.

Осылайша, біздің «Оқжетпес» шипажайы осы кезеңде қонақтарды қабылдауды тоқтатты. Біз шипажайға келуді жоспарлаған барлық қонақтарымызға қоңырау шалып, сауықтыру демалысын шегерудің ең ыңғайлы нұсқаларын ұсындық.

1 маусымда біздің есіктеріміз қонақтарға қайта ашылып, Біз барлық сақтық шараларын қарастырдық.

  • Шипажай аумағында жаңадан келген қонақтар үшін дезинфекциялық туннель ұйымдастырылды;
  • Асханада қауіпсіздік үшін кезекпен отырғызу қарастырылған;
  • Бассейнге бару 15 адамнан аспайтын топтар бойынша қамтамасыз етілді;
  • Биылғы жыл бізге, ең бастысы, денсаулықты және белсенді өмір сүру мүмкіндігін бағалауды үйретті.⠀

Сіздің демалысыңыздың қауіпсіздігі – біздің міндетіміз!

Сіздерді сауықтыру демалысына күтеміз!

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН!

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ Сіздерді ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтайды!

Тәуелсіздік – сан ғасырлар бойы халқымыз аңсаған ұлы күн. Туған жерге деген сеніміңіз, үмітіңіз және сүйіспеншілігіңіз, өз күшіңізге деген  сеніміңіз бен қуат көзіңіз таусылмасын, игі істеріңіз Ұлы Отанымыздың даңқын арттыра берсін!

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ-ның ұжымы әрбір қазақстандық үшін шынайы бақыт, мықты денсаулық, бейбітшілік, амандық, өзара түсіністік пен келісім, келешекке деген сенім тілейді!

«ОҚЖЕТПЕС» ЕСК» АҚ ПРЕЗИДЕНТІНЕ МЕДАЛЬ ТАБЫСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Юрий Ильинннің бұйрығымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Оқжетпес» ЕСК» АҚ президенті Қайрат Шерәліұлы Беркінбаев «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдағы үздік жетістіктері үшін» медалімен наградталды.

«Оқжетпес»  емдеу-сауықтыру кешенінің атынан барлық марапатталған  азаматтарды айтулы күнмен құттықтаймыз! Зор денсаулық, мол табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!

БІЗДІҢ ЖҰЛДЫЗДЫ ҚОНАҚТАРЫМЫЗДЫҢ ПІКІРЛЕРІ

Жыл сайын «Оқжетпес» шипажайында бізбен бірге сиқырлы мереке – Жаңа жылды тек біздің сүйікті қонақтарымыз ғана емес, баршаға сүйікті әрі танымал тұлғалар да қарсы алады.

Мәселен, Продюсер Жан Мұқановтың отбасы және белгілі тележүргізуші Айгүл Мүкей отбасымен 2020 жылы «Оқжетпес» шипажайында қарсы алды. Пікірлеріңіз бен кері байланыс үшін алғысымызды білдіреміз!

@peris.live:

Әрбір отбасы сияқты біздің де отбасымыздың  өзіндік дәстүрлері бар. Мысалы, біздің отбасымыз бесінші жыл қатарынан жаңа жылды «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінде қарсы алуда.

Таза ауа, дәмді таңғы ас, балаларға арналған ертеңгіліктер, сонымен қатар ең бастысы таза ауа бізді жақын күндері күтеді.

«Оқжетпес» кешеніне керемет ерекше атмосфера үшін алғыс айтқым келеді. Ерекше Жаңа жыл үшін рақмет!

@aigulmukei:

«Оқжетпес» ЕСК-де жаңа жылды қарсы алу өте қызықты. Жаңа жыл қарсаңында көңілді ойын-сауық, би қарастырылған. Шипажайдың тағамы тіпті дәмді, бассейн бар, бірақ ең бастысы, Бурабайда – серуендеу керек! Кеңес беремін!

«ОҚЖЕТПЕСТЕГІ» ҚЫСТЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР

Бет пен денеге арналған процедураларды мамандар қыс мезгілінде жасаған дұрыс деп есептейді. Ыстық мезгілде олар жанама әсерлер мен асқынуларды тудыруы мүмкін, ал қыстың аязында мұндай асқынулар әдетте болмайды. Бүгін біз сіздерге қысқы кезеңде бет пен денеге күтім жасау бойынша «Оқжетпестегі» үздік емшаралар тізімін жинадық.

Балмен жасалатын массаж. Бал организмнен токсиндерді шығарады. Жабысқақ балдың көмегімен жасалатын массаж ағзадағы токсиндерді кетіріп, энергия арналарын тазартуға көмектеседі. Соңғы уақытта бұл массаж түрі сауықтыру құралы ретінде танымал бола бастады. Осындай массаждың нәтижесінде терінің серпімділігі артады және тері астындағы май капсулалары ериді.

Денеге арналған пилинг. Пилинг – бұл косметологиялық процедура. Оның барысында терінің жоғарғы кератинделген қабаты қабыршақтанады. Пиллингтің арқасында тері жас көрініп, жаңарады. «Оқжетпес» шипажайында кофемен, шоколадпен, кокоспен, бананмен жасалатын пилингтің көптеген түрлері бар.

Орау. Бұл процедура бірнеше пайдалы әсер береді. Ол ағзаның жылынуына ықпал етеді, токсиндерді кетіреді және қан айналымын жақсартады. Ең бастысы, әйелдердің нағыз жауы – целлюлитті жоюға көмектеседі. Біздің шиажайды: шоколад, жүзім және балдырлармен жасалатын орау түрлері бар.

Стоун-терапиясы. Тас терапиясы терең релаксацияға қол жеткізуге, ішкі жағдайдың үйлесуіне ықпал етеді. Cоның арқасында, стресс жойылып, нағыз релакстың шыңына шығуға болады. Жылудың арқасында қан айналымы мен метаболизм жоғарылайды және жақсарады. Дене жасушаларына оттегі мен қажетті қоректік заттар көптеп келеді.

Сізге деген қамқорлықпен, «Оқжетпес» шипажайы!

«Оқжетпес» қонақтарының жайлы әрі пайдалы демалысы

Қылқанды орман исімен қаныққан таза ауа, табиғат көркі, айнала толған сұлулық, тыныштық…Бурабай сынды жер жұмағында отбасыңмен өткен сауықтыру демалысынан артық не болуы мүмкін? Бақытты бала – бақытты ата-ана!

Құрметті достар!

Сіздердің «Оқжетпеспен» өткізген сәттеріңізбен бөлісуге қашан да қуаныштымыз! Өз фотосуреттеріңізде бізді белгілеуді ұмытпаңыздар!

Бізді таңдағаныңыз үшін рақмет!

Егер сіздің қандай да сұрағыңыз болса, келесі телефондар бойынша қосымша ақпарат ала аласыз:

+7 (71636) 78 – 101,

+7 (702) 059 20 20.

Брондау Онлайн төлем Оператор