with the terms of the booking rules agree

ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСТЫ «ОҚЖЕТПЕСТЕ» ӨТКІЗ!

Желтоқсан айы мерекелік күндерге толы ай. Олардың ішіндегі ең сиқырлы әрі ұмытылмас әсер сыйлайтыны, әрине, Жаңа жыл.

Егер сіз жаңа жыл алдындағы мерекелерді өткізу үшін идеялар іздесеңіз, онда «Оқжетпес» Сізге жақындарыңызбен пайдалы және жайлы демалыстың келесі нұсқаларын ұсынады:

Қысқы ойын-сауық. «Оқжетпес» ЕСК-де сауықтырудан бөлек әр қонағымыз өз уақытын белсенді өткізе алады. Шаңғымен сырғанау, скандинавиялық серуендеу, әткеншек, терренкурмен серуендеу және тағы басқалары біздің әр қонаққа қолжетімді!

SPA – мерекелік күндерге дейін қалпына келтіру. «Оқжетпес» шипажайында жолдама құнына бассейн, фитнес –зал, фин және инфрақызыл сауналары, фито-бар және спорт залға бару кіреді. Сонымен қатар, жолдама құнына кірмейтін бірқатар басқа да SPA процедуралары бар.

Тұру. Бурабайдың әсем табиғаты,бірегей таза ауасы мен 5 мезгіл тамақтану сіздің тонусыңызды арттырып, хал-жағдайыңызды жақсарта алады! Шипажайдың нөмірлік қоры стандартты, люкс және Отбасылық деп бөлінеді. Жайлы интерьер және тамаша көрініс!

Тұзды шахта. Тұздың ағзаға пайдасы зор, сондықтан процедураны вирустық инфекциялардың алдын алу үшін жүкті әйелдер мен жас балалар да ала алады.

Жаңа жылдық мерекелерді қайда өткізу жайлы ойланып жүрсіз бе? «Оқжетпес» шипажайымен жайлы әрі пайдалы демалысты біріктіріңіз!

Толығырақ ақпаратты сіз келесі телефондар бойынша ала аласыз:

+7 (702) 059 20 20

Booking Online payment operator