ҚР ПІБ «Оқжетпес» ЕСК» АҚ 5-8 сәуір аралығында Hestourex-2018 Халықаралық көрмеге қатысты. Бұл шара әлемнің 150-ден астам елінің өкілдерін жинады.
Көрме әлемдік деңгейдегі медициналық ұйымдардың қызметтерін таныстырудың бірегей алаңына айналды, шетелдік пациенттерді тарту мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік берді.
Hestourex-2018 шарасы қатысушылардың бір-бірімен танысуларына және сәлемдесулеріне мүмкіндік берді. Іс-шара іскерлік байланыстарды орнатуға және тиімді ынтымақтастық үшін жаңа серіктестер табуға мүмкіндік беретін B2B-кездесу форматында барынша мазмұнды өтті.
Бұл көрме біздің еліміздің шетелдік туристерге медициналық және сауықтыру қызметтерін көрсетудегі мүмкіндіктері туралы ақпаратты біріктіреді.
Біз үшін бұл үлкен тәжірибе және шетелдік клиенттерді тарту мүмкіндігі.