Менингит – бұл мидың жұмсақ қабыршағының қабынуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Менингит бактериялық, вирустық, саңырауқұлақ, протозоидтық немесе паразиттік – әр түрлі инфекциялық қоздырғыштар арқылы туындайды.
Менингит бір мезгілде ауа-тамшы және жанасу арқылы (лас қолдар мен заттар арқылы) тасымалданады. Менингит тыныс алу жолдары мен ЛОР мүшелерінің аурулары кезінде жиі пайда болады.
Қазақстан Республикасындағы менингит бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты «Оқжетпес» ЕСК» АҚ-да менингиттің алдын алу және аурудың пайда болуын болдырмау үшін күшейтілген шаралар жүргізілуде. Жұқтыру жағдайында нақты әрекеттер алгоритмі әзірленді. Емдеу-оңалту бөлімшесінің дәрігерлерімен демалушылар арасында менингит симптомдары, таралу жолдары және ең бастысы менингиттың алдын алу туралы әңгімелесулер күнделікті жүргізіледі.
Емделушілерге арналған демалыс аймақтарында (холдар, фитобар) тақырыптық бейнероликтер көрсетіледі, ақпарат пен оқу материалдары (АОМ), «Менингит» тақырыбындағы буклеттер, парақшалар таратылады.
«Оқжетпес» ЕСК»АҚ емдеу-оңалту бөлімшесінде «Өзіңді және балаларды менингиттен қорға!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Қатысқан демалушыларға АОМ таратылды, мәселелерді талқылау барысында туындаған сұрақтарға түсініктеме берілді.