8-9 қарашада Петропавл қаласында Қазақстан, Ресей мен Татарстан мемлекеттері Елбасыларының қатысуымен «ҚР мен Ресейдің туризмін дамытудың жаңа тәсілдері мен үрдістері» тақырыбында ҚР мен Ресей Өңіраралық ынтымақтастық 15-ші форумы өтті. Іс-шара барысында ҚР ПІБ Медициналық орталығы біріккен санаторийлерінің таныстырылымы өткізілді. Санатоийлердің таныстырылымында «Оқжетпес» ЕСК» АҚ президенті Қайрат Шерәліұлы Беркінбаев сөз сөйледі. Форумға қатысушылар мен келушілер санаторийлердің бірыңғай бағдарламалары мен қызметтеріне ерекше көңіл бөлді.
Көрме Ресей мен Қазақстанның жетекші туроператорларымен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берген елдер арасындағы көпірді нығайтатын тиімді диалог алаңы болды.
Форумның қорытындысы бойынша Қазақстанның туроператорларымен келісімдер жасалды, одан әрі ынтымақтастық үшін Ресейдің туроператорларымен келіссөздер жүргізілді, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының Туризм басқармасымен туроператорларға ақпараттық турларды ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді.
Ресейдің ірі туроператорларымен ынтымақтастыққа ықпал ететін туризмді дамыту жөніндегі Халықаралық қазақ-ресейлік комитетімен байланыс орнатылды.