Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өту аясында «Оқжетпес» ЕСК» АҚ-ның ұжымының салатанатты жиналысы өтті.
Іс-шараны аша отырып, санаторий президенті барлық қатысушыларды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, бұл атаулы күннің әрбір қазақстандық үшін ерекше маңызы бар екенін атап өтті.
” Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің есімімен байланысты. Өз көшбасшысын-Нұрсұлтан Назарбаевты сайлай отырып, Қазақстан халқы басым тұрақтылықты, даму мен кәсібилікті анықтады”.
Салтанатты жиын аясында Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жас, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы рөліне арналған деректі фильмнің тұсаукесері өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының пленарлық отырысында “Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы “ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы”заң қабылданды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Республика алдындағы ерен еңбегін атап өтуге және мойындауға арналған.