5 маусымда Бурабай ауданында аймақтың туристік кластер өкілдерімен Ақмола облысы әкімінің кездесуі өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты Ақмола облысының бірегей туристік әлеуетін алға тарту, Қазақстанның туристік компанияларының өзара іскерлік байланыстарын кеңейту және туристік бизнестің өзекті сұрақтары мен мәселелерін талқылау. Кездесуді Ақмола облысының Әкімі Мәлик Мұрзалин сәлемдесу сөзбен ашты. Өңір басшысы ЩБКА-ны дамыту жоспары мен перспективасы туралы егжей-тегжейлі әңгімеледі.
Бұдан әрі біріккен санаторийлерді таныстырумен «Оқжетпес» ЕСК» АҚ-ның өкілі сөз сөйледі. Осы іс-шараға аймақтың демалыс және орналастыру нысандарының көптеген өкілдері қатысты.