with the terms of the booking rules agree

Дұрыс тамақтану – денсаулықтың басты кепілі

Дұрыс тамақтану мықты денсаулық кепілі деп бекер айтылмаған, өйткені барлық зат алмасу үрдістері дұрыс және тез жүре бастағанда ғана қоректік заттардың көп бөлігі сіңіріледі, ағза тұрақты және қалыпты жұмыс істейді.

Иммунитетті күшейтудің ең тиімді және жеңіл әдісі теңдестірілгентағам болып табылады. Күнделікті тамақтану рационы жаңа піскен көкөністер мен жемістерге бай болса, сіз дәрумендердің тапшылығынан зардап шекпейсіз.Жемістерде, жаңғақтарда және өсімдіктерде жеткілікті мөлшерде кезедесетін микроэлементтер адам ағзасына өте пайдалы: мырыш, йод, селен, кальций, темір жетіспесе жақсы иммунитет болуы мүмкін емес. Күнделікті тағамға  көкөністерді көбірек жиі қосып отырсаңыз ағзадағы микроэлементтердің деңгейі жоғарылайды. 

«Окжетпес» ЕСК» АҚ демалушылардың мәзіріне ерекше назар аударады. Біздің аспаздарымыз сіздің ағзаңызды барлық қажетті калория, қоректік заттар және биологиялық белсенді заттармен қамтамасыз етуге тырысады. Бізде 4 мезгіл тамақтану ұйымдастырылған. Медициналық көрсеткіштер бойынша жиі тамақтануға мұқтаж жеке топтар үшін дәрігерлердің тағайындауымен қосымша тамақтану белгіленеді немесе ерекше, жеке тамақтану кестесі тағайындалады.  Сондай-ақ, сіздің ағзаңыздың ерекшелігін ескере отырып тиімді мәзір жасайтын біздің диетолог дәрігерімізден жеке кеңес алуыңызға болады.

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ-да емдік тамақтануды ұйымдастыру емдеу үрдісінің бір бөлігі ретінде жалпы медициналық қызмет көрсетудің негізгі шараларының бірі.

Өз денсаулығыңызға қамқор болыңыз, көңіл-күй – денсаулық кепілі, сондықтан әрдайым жақсы көңіл-күйде жүріңіз.

Толық ақпаратты +7 (71636)78 – 101, +7 702 059 20 20 телефондары бойынша алуға болады.

Booking Online payment operator