with the terms of the booking rules agree

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз

Құрметті қазақстандықтар!

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ Сіздерді ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтайды!

1991 жылы Қазақстан өзін алғаш рет өзіндік дүниетанымы, жеке әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, сондай-ақ болашақ даму пайымдамасы бар республика ретінде жариялады және осы жылдар ішінде біздің еліміз егемендік пен тәуелсіздікке деген өзінің құқығын дәлелдеді. Айқын анықталған, кезеңдік жоспарлар бірқатар экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың негізі болды, оны табысты жүзеге асыру қазіргі межеге жетуге мүмкіндік берді.

Тәуелсіздіктің әр жылы сайын біз жетіліп, сенімді және мықты бола түсеміз. Біз өз тарихымызды есте сақтаймыз, атқарылған істер мен бастан кешкендерді бағалаймыз, елдегі оң өзгерістер мен саяси тұрақтылықты көреміз.

Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан бүгінгі күні экономиканы табысты дамытып, әлеуметтік саланы нығайтып, демократиялық өзгерістерді жалғастыруда.

Тәуелсіздік жылдарында «еркіндік», «таңдау құқығы», «демократиялық құндылықтар» деген сөздерді тек заңдық терминдер ғана емес, өмір сүру тәсілі деп түсінетін ұрпақ өсіп келеді.

Ежелгі грек философы Аристотель былай деген: «Мемлекет тек өмір сүру үшін емес, негізінен бақытты өмір сүру үшін құрылады». «Оқжетпес» ЕСК» АҚ-ның ұжымы әрбір қазақстандық үшін шынайы бақыт, мықты денсаулық, бейбітшілік, амандық, өзара түсіністік пен келісім, келешекке деген сенім тілейді. Сіздердің туған жерге деген сеніміңіз, үмітіңіз және сүйіспеншілігіңіз, өз күшіңізге деген  сеніміңіз бен қуат көзіңіз таусылмасын, игі істеріңіз Ұлы Отанымыздың даңқын арттыра берсін!

Booking Online payment operator