Адам өміріндегі физикалық белсенділік оның денсаулығына, сыртқы келбетіне және жалпы әл-ауқатына оң әсер етеді.
Жүзу – әмбебап спорт. Жүзумен бұлшықетті нығайту үшін, сондай-ақ әр түрлі ауруларды емдеу және оңалту үшін кез келген жаста айналысуға болады.
«Оқжетпес» ЕСК-де ультразаманауи хлорсыз су тазарту жүйесімен 25 метрлік кең бассейн бар, онда сіз өз уақытыңызды жайлы да пайдалы өткізе аласыз!
«Оқжетпес» ЕСК-де сумен емдеу түрлеріне түрік моншасы, сауна, бассейн және т.б. кіреді. Бассейнде жүзу және жаттығулар кешенін жасау емдеу кезінде қажетті сауықтыру емшараларына жатады.
Бассейнде жүзудің пайдасы омыртқа жотасы аруларын емдеуге көмектеседі, омыртқа аралық жіктерге салмақ түсуді азайтады. Дене мүсінін түзейді. Балаларға кішкентай кезінен бастап, әсіресе егер оған сколиоз (арқа омыртқаның қисаюы) диагнозы қойылған жағдайда, бассейнге бару ұсынылады.
Бассейнде жүзу адамның қан айналым жүйесіне оң әсер етеді, артериялық қан қысымы төмендейді, сондықтан жүрек-тамыр ауруларының қаупін азайтады, қан тамырларының серпімділігін жақсартады, адам организмін қажетті оттегімен қанықтырады.
«Оқжетпес» ЕСК-де бассейнге үнемі бару өкпені және жүйке жүйесін нығайтуға көмектеседі. Жүзуден кейін, баспалдақпен көтерілуден немесе жаяу жүруден кейін тыныс алудың әдеттегі ырғағы бұзылмайды, демікпе жоғалады.Бассейнге бару маусымдық ауруларға қарсы тұратын күшті иммунитетті қалыптастырады.
«Оқжетпес» ЕСК-де жүзу Сізге ләззат сыйласын, ал оның ағзаға оң әсері Сіздің бассейнге жиі баруыңызға себепші болуына тілектеспіз!
Толық ақпаратты +7 (71636) 78 – 101, +7 702 059 20 20 телефондары бойынша алуға болады.