with the terms of the booking rules agree

Пантамен емдеу

Пантамен емдеу – ерте қартаюдың алдын алу, иммундық жүйені нығайту, күйзелісті жою және жүйке жүйесін қалпына келтіру, ағзадан улы заттарды шығару, сондай-ақ құяң – тұз жиналу, қан тамырларының бітелуі, қозғалыс қиындығы және жыныстық әлсіздік, жүрек ауруына қарсы күресте тиімділігі жоғары табиғи құралмен емдеу әдісі.

Панта – жас марал мүйізінің жұмсақ затынан алынған жоғары биологиялық белсенді табиғи өнім, 2000 жылдан бері әлемге танымал және Оңтүсітк-Шығыс Азия елдерінде халық медицинасында қолданылады.

Пантаның пайдалы қасиеттері

  • ұйқыны қалыпқа келтіреді, ойлау қабілетін және ауыр науқастанудан кейін, сондай-ақ қатты арықтау кезінде еңбекке қабілеттілікті жоғарылатады;
  • қартаюды баяулатады;
  • қан тамырларының бітелуі, жүрекке қан келмеу ауруы, шеткі қан айналымының бұзылуы, омыртқа жіктерінің жылжуы, буын аурулары кезінде жалпы жағдайды жақсартады;
  • ауруларға және салқын тию ауруларына қарсы тұрушылықты белсендіреді;
  • жыныстық қызметті жақсартады (белсіздік, қуық алды безінің қабынуы);
  • жүйкенің тозуына бейім аурулардың жағдайын жақсартады (жүйкенің жұқаруы, жара ауруы);
  • тірек-қимыл жүйесінің қызметін және күш-қуатты  тез қалпына келтіреді;
  • теріні ұзақ уақытқа жасартады;
  • адамның тұлғалық түріне және бастапқы жағдайына қарамастан жан-жақты әсер етеді.

Баға тізбесі

Панталы бастырмалар

Панталы бастырмалар бұл панталы ерітіндіге батырылған жылы мата компресі. Бастырма ауыратын буындарға, зақымдалған жерлерге және дененің басқа да ауыратын жерлеріне бастырылады.

Бағасы – 1 100 тг.

Панталы ванналар

Панталы ванналар –бұл сауықтыру SPA-емшарасы, пантаға жиналған барлық пайдалы заттар ванна арқылы адамның денесіне енеді.  Нәтижесінде иммунитет жоғарылап, күйзеліске қарсы тұрушылық пайда болады, еңбекке қабілеттілік жоғарылайды, зат алмасу қалпына келеді, қартаю баяулайды, жыныс жүйесінің бұзылыстары емделеді, буын аурулары жоғалады, ағза қалпына келіп, жасарады, созылмалы шаршау белгілері жойылады.

Бағасы – 4 800 тг.

Панталы бу саунасы

Панталы бу саунасы, панталы бөшке деп аталады – бұл ағзаны жалпы сауықтыруға арналған емшара. Ол марал пантасы сығындысының буымен толтырылған ағаш бөшкеде, көбінесе балқарағай бөшкесінде жүргізіледі.

Бағасы – 3 100 тг.

Панталы ерітіндімен шағын клизма

Панта қайнатпасымен емдік шағын клизма кіші жамбас мүшелерін емдеуге қолданылады.

Бағасы – 2 100 тг.

Қосымша ақпарат
Пантовые процедуры назначает врач-терапевт ЛОК Окжетпес.
Booking Online payment

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/ao-oqjetpes.kz/okzhetpes-burabay.kz/wp-content/themes/okzhetpes/footer.php on line 36