«Оқжетпес» ЕСК» АҚ-да 2 қарашада осы мәселелерді талқылау және ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысын шығару үшін шығу жиналысы өткізілді. ҚР ПІБ Медициналық орталығының бірінші басшыларының, орынбасарларының және шипажайлардың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының қатысуымен шипажайлардың бірігуі, болашақ жоспарлар және басқа да ұйымдастырушылық мәселелерді жүзеге асыру мәселелері қарастырылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Оқжетпес» ЕСК» АҚ Алматы қаласындағы «Алматы» шипажайын және Ресей Федерациясы Есентуки қаласындағы «Қазақстан» шипажайын қосу арқылы қайта құрылды. Осылайша, кешенді емдеуді қамтамасыз ететін емдеу-сауықтыру мекемелерінің құрылымы мен қызметіне жаңа көзқарас енгізілді. Бірігудің негізгі мақсаты – «Оқжетпес» брендімен қазіргі заманға сай жоғары тиімді емдеу-сауықтыру ұйымдарының желісін құру, оған қоса бекітілген контигенттің және Қазақстан Республикасы мен шет ел азаматтарының қосымша шипажай-курорттық көмек алуларына мүмкіндік береді.
Осылайша, бірінші класты қызмет көрсету және сауықтыру демалысын қамтамасыз ететін «Оқжетпес» шипажайлар желісі құрылды.
Оқжетпес – үздіктерді біріктіреді!