«Оқжетпес» ЕСК» АҚ ұжымы сіздерді жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтайды!
Жаңа жыл – ерекше, барлығымыз үшін сүйікті мереке. Біз өткен жылды қорытындылап, келешекке арналған жоспарлар құрып, тілектер тілейміз, армандаймыз. Күнделікті уайымдар мен қобалжуларды ұмытып, жаңа жылда айналамыздағы қымбат жандарға деген ыстық лебізімізді білдіреміз. Келесі жылы Ұлт Көшбасшысының басшылығымен көптеген жаңа биіктерді жеңіп, керемет нәтижелерге қол жеткізе алатынымызға сенімдіміз.
Жаңа Жыл жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, бақытты оқиғаларға толы болсын. Әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар әкелсін. Осы жаңа жылда жоспарларыңыз іске асып, тілектеріңіз орындалсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін!
Көптен күткен Жаңа жыл мерекесі жақындап келеді. Көп ұзамай, әрбір үйге балалық шақтың сүйікті мерекесі келеді. «Оқжетпес» ЕСК» АҚ Сізбен Жаңа жыл түнін қалай сергек және қуанышты қарсы алуға болатыны туралы пайдалы кеңестермен бөліседі.
Күнді жоспарлаңыз: 31 желтоқсанда таңертең қай уақытта ояну қажет және ескі жылдың соңғы күнінде қандай жұмыс атқару керек, қандай сыйлықтар сатып аласыз, қандай салаттар дайындайсыз. Кестеңізде Жаңа жылды сергек қарсы алу үшін ұйқы мен демлысқа да уақыт бөліңіз.
Ақылмен жабдықталған интерьер де көмектеседі
Жаңа жылды атап өтетін бөлмені қызғылт сары, сары және жасыл түсті заттармен, сондай-ақ олардың реңктерімен толтырыңыз. Гүл немесе жеміс-жидек толтырылған ваза осындай жағдайға өте сай болады. Жарқын және бай түстер көңілді күй мен сергектік туғызуға көмектеседі. Айтпақшы, жеміс вазасын кейінірек тәбетпен босатып қоясыз.
Жаңа жылда сергек болуға таза ауа көмектеседі
Мереке кезінде бөлмені желдетуге тырысыңыз. Тымырсық ауада миыңызға оттегі жеткілікті түрде келмейді, бұл ұйқының пайда болуына әкеледі. Егер сіз бәрібір ұйқыңыз келіп тұрса , көшеде серуендеңіз – қармен ойнап, мерекелік отшашуды тамашалап, Жаңа жыл кешінен ләззат алыңыз.
Дивандар мен креслоларға жақындамаңыз
Жаңа жылда жұмсақ жастықтары бар диванда емес, мерекелік үстелде отырыңыз. Өйткені бұл сіздің ұйқыңыз келмес үшін ыңғайлы және қолайлы болады. Ия, Жаңа жыл қарсаңында белсенді болу үшін кейде спарталық ортаны құру қажет.
Дұрыс киімді таңдаңыз
Жаңа жылды отбасыңызбен қарсы алған жағдайда да үйдегі киіміңізден бас тартыңыз. Пижамалар, халат және тәпішке сіздің бірден ұйқыңызды келтіреді және сіздің сергек болуыңызға мүмкіндік бермейді.
Тойымды тамақ ұйқышылдыққа әкеледі
Өзіңізді артық тамақ жеуден шектеңіз. Егер сіз сондай дәмді нәрсені жегіңіз келіп тұрса, онда, мысалы, бимен айналысуға тырысыңыз. Кейбір тағамдар ұйқыны келтіреді. Мысалы, балық эмоциялық белсенділікті көтеруге көмектеседі. Ал киви, алма, мандарин, апельсин, грейпфрут және қызанақ сияқты жемістер мен көкөністер сізді энергиямен қуаттандырып, Жаңа жыл кешінде көңіл-күйіңіздің көтеріңкі болуына көмектеседі.
Өзіңізді хош иістермен сергітіңіз
Иістер әлсіздендіруге де, қуаттандыруға да қабілетті. Хош иісті май шамдарды қолданып, үйіңізді хош иіске толтырыңыз, олар сізге көңіл көтеруге көмектеседі. Сергітетін иістерге кофе, жалбыз, эвкалипт, даршын, апельсин, эвкалипт, магнолия жүзім шырыны, шырша, жалбыз, розмарин және ваниль иістері жатады.
Құрметті сайт қонақтары, сіздермен жақсы жаңалықтарды бөлісуге асығамыз!
Енді «Оқжетпес» республиканың үздік емдеу-сауықтыру кешендерінің желісіне айналды, оның құрамына Бурабай курорттық аймағында «Оқжетпес», Алматыдағы Алматы резорты (қазіргі Оқжетпес) және Ресейдің Ессентуки қаласындағы «Қазақстан» санаторийі кірді.
Бүгінгі күні біздің мақсатымыз Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығында «Оқжетпес» брендімен заманауи жоғары тиімді емдеу-сауықтыру ұйымдарының желісін құру болып табылады, бұл Қазақстан Республикасы мен шетел азаматтарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті мүмкіндіктер береді.
«Оқжетпес» ЕСК» АҚ Щучье-Бурабай курорттық аймағында орналасқан жыл бойына қызмет көрсететін климаттық-бальнеологиялық емдеу-сауықтыру кешені.
Санаторийдің негізгі емдеу факторы климаттық терапия болып табылады.
«Бурабай» курорттық аймағы – Қазақстандағы бірегей аймақ, мұнда кешенді емдеудің маңызды құрамдары жинақталған: «Май-Балық» көлінің бірегей минералды суы, Балпаш-Сор көлінің балшығы, меншікті радонды бұлақ көзі, оның ішінде ауыз су, қымызбен емдеу пантамен емдеу.
Оқжетпесте төмендегі аурулар сәтті емделеді және оңалтылады:
Нөмірлердің саны – 173 орынға арналған 121 орын.
«Оқжетпесте» халықаралық стандарттарға сәйкес сапа менеджментінің жүйесі бар.
2014 жылы жыл сайын растайтын «4 жұлдызды қонақ үй» және «Жоғары сапалы мейрамхана» санатына сәйкестік сертификатын алды.
«Алматы» санаторийі Іле Алатауының етегінде орналасқан.
Қазіргі уақытта бұл әлемдік стандарттар бойынша заманауи медициналық жабдықпен жабдықталған бірегей емдеу-сауықтыру кешені. Табиғи сауықтырудың негізгі факторлары – таза және тұнық тау ауасы, саябақ аймағы, құрамында табиғи йод және кремний қышқылының концентрациясы бар хлоридті-кальцийлі-натрийлі әлсіз сілтілі асхана минералды су шығатын меншікті артезиан ұңғымасы.
Емдеу факторының негізгі бағыттары жүрек-қантамыр жүйесі аурулары және тірек-қимыл аппараты болып табылады.
Кешенде 260 орынға арналған 135 нөмір бар.
«Алматы» санаторийі «5 жұлдызды қонақ үй» санатына сәйкестігі туралы сертификат, сондай-ақ Дүниежүзілік сумен және Климатпен емдеу федерациясының (FEMTEC) мейрамханалық және қонақ үй бизнесі сертификаттарын алды.
Санаторий «Казахстан» (Российская Федерация) «Ессентуки курорттық аймағында, «Ессентуки» минералды су көздерінен 10 минуттық жерде орналасқан, Ресейдің танымал бальнеологиялық және балшық шипажайы, Кавказ минералды суларының бір бөлігі.
Жетекші емдеу факторлары – таза тау ауасы, аралас және қылқан жапырақты ормандар, 30 түрлі минералды сулар мен 130-дан астам бұлақ көздері, әлемге танымал «Ессентуки-4.17, жаңа» және құрамы Өлі теңіздегі балшыққа ұқсас сульфидті-лайлы Тамбукан көлінің балшығы.
186 орынға арналған 111 нөмір бар.
Емдеу кешенінде түрлі ауруларға санаторийлік-курорттық ем алуға болады:
«Қазақстан» санаторийі «4 жұлдызды қонақ үй» санатына сәйкестік сертификатын және «Жоғары санатты санаторий» медициналық қызмет көрсету сертификатын алды.
Барлық санаторийлерде емдеу шараларына қосымша бірқатар денсаулық сақтау бағдарламалары мен SPA рәсімдері әзірленді.
Мәзір-тапсырыс жүйесі бойынша ұйымдастырылған тамақтану қалпына келтіру үдерісі үшін маңызды болып табылады.
Жоғарыда аталғандардың бәріне қосымша демалушыларға келесі қызметтер ұсынылады:
Біз брондау жүйесін жетілдіру бойынша үнемі жұмыс істеп жатырмыз және бүгін сіздерге бірнеше брондау тәсілдерін ұсынамыз:
Оқжетпеске қош келдіңіздер!
«Оқжетпес» ЕСК» АҚ Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтайды!
1991 жылғы 16 желтоқсанда Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен біз демократия мен заңдылықтың, бірлік пен төзімділіктің қағидалары бойынша өмір сүретін күшті, тәуелсіз мемлекеттің белсенді құрылысшылары бола отырып, гүлдену жолын таңдадық.
Бүгінде біздің еліміз этникалық топтың әр өкілінің өзіндік ерекшелігін, тілдердің, мәдениеттер мен дәстүрлердің дамуы мен қызметінің тең құқықтылығын сақтау үшін бірдей мүмкіндікті қамтамасыз ететін, ұлтаралық және дінаралық келісімді нық орнатудың үлгісі болып табылады.
«Оқжетпес» ЕСК»АҚ Сіздерге денсаулық пен амандық, тұрақтылық пен гүлдену, отбасыңыз бен достарыңызға қолдау көрсетуді тілейді! Бұл мереке әрдайым бізге күш-қуат, болашаққа деген сенімділік беріп, елімізге жарқын болашақ сыйласын! Туған жеріміз – Қазақстан Республикасында бейбітшілік пен тыныштық мәңгі бола берсін!
Дұрыс тамақтану мықты денсаулық кепілі деп бекер айтылмаған, өйткені барлық зат алмасу үрдістері дұрыс және тез жүре бастағанда ғана қоректік заттардың көп бөлігі сіңіріледі, ағза тұрақты және қалыпты жұмыс істейді.
Иммунитетті күшейтудің ең тиімді және жеңіл әдісі теңдестірілгентағам болып табылады. Күнделікті тамақтану рационы жаңа піскен көкөністер мен жемістерге бай болса, сіз дәрумендердің тапшылығынан зардап шекпейсіз.Жемістерде, жаңғақтарда және өсімдіктерде жеткілікті мөлшерде кезедесетін микроэлементтер адам ағзасына өте пайдалы: мырыш, йод, селен, кальций, темір жетіспесе жақсы иммунитет болуы мүмкін емес. Күнделікті тағамға көкөністерді көбірек жиі қосып отырсаңыз ағзадағы микроэлементтердің деңгейі жоғарылайды.
«Окжетпес» ЕСК» АҚ демалушылардың мәзіріне ерекше назар аударады. Біздің аспаздарымыз сіздің ағзаңызды барлық қажетті калория, қоректік заттар және биологиялық белсенді заттармен қамтамасыз етуге тырысады. Бізде 4 мезгіл тамақтану ұйымдастырылған. Медициналық көрсеткіштер бойынша жиі тамақтануға мұқтаж жеке топтар үшін дәрігерлердің тағайындауымен қосымша тамақтану белгіленеді немесе ерекше, жеке тамақтану кестесі тағайындалады. Сондай-ақ, сіздің ағзаңыздың ерекшелігін ескере отырып тиімді мәзір жасайтын біздің диетолог дәрігерімізден жеке кеңес алуыңызға болады.
«Оқжетпес» ЕСК» АҚ-да емдік тамақтануды ұйымдастыру емдеу үрдісінің бір бөлігі ретінде жалпы медициналық қызмет көрсетудің негізгі шараларының бірі.
Өз денсаулығыңызға қамқор болыңыз, көңіл-күй – денсаулық кепілі, сондықтан әрдайым жақсы көңіл-күйде жүріңіз.
Толық ақпаратты +7 (71636)78 – 101, +7 702 059 20 20 телефондары бойынша алуға болады.
Минералды су бұл әдеттегі химиялық заттардан басқа көп мөлшерде минералдар мен микроэлементтерден тұратын табиғи текті су. Мұндай су өте пайдалы және оны шығаратын ұңғыма неғұрлым тереңірек болса, ол таза әрі құнды болып есептеледі. Адам ағзасында жетіспеген микроэлементтерді минералды судың көмегімен толтыруға болады. Минералды судың химиялық құрамы хлор (Cl), натрий (Na), магний (кальций), кальций (Ca), сульфат (SO4) және гидрокарбонат (HCO3), осы 6 негізгі компоненттен құралған әртүрлі комбинациядан тұрады. Сондықтан минералды сулар гидрокарбонатты, сульфатты, хлоридті және басқа да минералды суларға бөлінеді.
Минералды судың пайдасы:
Әртүрлі минералды судың өзінің емдік қасиеттері болады.
«Оқжетпес» ЕСК» АҚ-да «Құлагер-Арасан» сульфатты-хлоридті натрийлі-магнийлі минералды су қолданылады. Оның құрамында «арнайы компоненттер» жоқ, аралас анион-катионды, сәл минералданған, емдік-асхана суы ретінде қолданылады. Маңызды артықшылығы – биологиялық белсенді микроэлементтердің жиынтығы: йод, селен, мыс, мырыш, кобальт, марганец, фтор, бром. Терапиялық әсері өттің бөлінуін және өтімділігін белсендіретін сульфатты және магнийлі иондардың болуымен ерекшеленеді. Сульфат иондары асқазанның көп мөлшерде сөл бөлуін айтарлықтай төмендетеді, ішектердің толқи жиырылуын күшейтіп, тағамдық заттардың аш ішектің бойымен сіңірілуін жоғарылатады, асқазандағы шырыш қоюланады. Натрий мен калий иондары су-тұз алмасуын реттейді.
«Оқжетпес» ЕСК» АҚ-да минералды су қабылдау күніне 2 рет және тұру құнына кіреді.
Көрсеткіштері: созылмалы өт жолының қабынуы, созылмалы ұйқы безінің қабынуы, асқазан мен 12 елі ішектің жарасы, асқазан-ішек жолдары қызметінің бұзылуы, зат алмасуының бұзылуы (семіздік), созылмалы шаршау белгілері.
Толық ақпаратты +7 (71636) 78 – 101, +7 702 059 20 20 телефондары бойынша алуға болады.
«Оқжетпес» ЕСК» АҚ Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнімен құттықтайды! 1991 жылғы 1 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев алғашқы бүкілхалықтық сайлаудың нәтижесі ретінде ел Президенті болып жарияланды. Мемлекет басшысы халықтың және мемлекеттік биліктің символы мен кепілі болып табылады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев – біздің заманымыздың көрнекті мемлекет және саяси қайраткері, ол әлеуметтік-экономикасы мен саясаты қарқынды дамыған мемлекеттің бірегей үлгісін құрды. Ұлт көшбасшысы бәсекеге қабілетті мемлекетті құруға бар күш-жігерін салды.
«Оқжетпес» ЕСК» АҚ Сіздерді шын жүректен құттықтай отырып денсаулық, бақыт, әрбір отбасына тыныштық пен амандық тілейді!
Көп ұзамай шаңғы тебу барлық «Оқжетпес» ЕСК қонақтары үшін қол жетімді болады!
Жеңіл аяз, Бурабайдың әдемі қысқы табиғаты тамаша спорт -шаңғы тебудің нағыз уақыты.
Шаңғы серуендері – қыс айларынан ләззат алуының керемет тәсілі, таза ауа өкпенің белсенді түрде жұмыс істеуіне әсер етіп, ағзаны оттегімен қанықтырады. Шаңғы тебу дене сымбатын сақтауға көмектеседі, жүрек-қан тамырлар жүйесін нығайтады, сүйек буындарының жақсы жұмыс істеуіне көмектеседі, барлық бұлшықет топтарын шынықтырып, қан ағысын белсендіреді, осылайша бүкіл денеге оң әсер етеді.
Сілкімелі және сырғымалы қозғалыс есебінен тірек-қимыл аппаратына ерекше рөл беріледі. Кішкентай балалар үшін сүйек қаңқасын дамытуға және қозғалыс үйлесімділігін дамытуға көмектеседі, жас және орта жастағы адамдар үшін артроздың және басқа да буын ауруларының алдын алады. Қарт адамдарда сүйек қаңқасының қозғалысына, сүйек ауруларымен күресуге және сүйектердің морттығын болдырмауға көмектеседі. Иммундық жүйеге әсер етіп, оны айтарлықтай күшейтеді.
Шаңғы тебу – спорт жарысының, демалыстың және саяхаттаудың бір тәсілі.
Қыста шаңғы тебу сияқты оң және оңай қол жетімді спорт жоқ. Шаңғымен сырғанау кез келген жастағы барлық адамдар үшін пайдалы. Біздің қонақтарымызға арналған шаңғы тебу жабдықтары толықтай ақысыз беріледі және «Оқжетпес» ЕСК»АҚ-ның кәсіби нұсқаушылары сіздің жеке ерекшеліктеріңізді ескере отырып, әрқашан дұрыс жабдықтарды таңдауға көмектеседі.
Толық ақпаратты +7 (71636)78 – 101, +7 702 059 20 20 телефондары бойынша алуға болады.
«Оқжетпес» ЕСК-дегі хамам түрік моншасы – демалу үшін ғана емес, сондай-ақ кез келген жаста денсаулықты сақтау үшін тамаша орын. Хамам – бұл буы көп монша, ауа температурасы 35-тен 50 градусқа дейін өзгереді. Түрік моншасының бір ерекшелігі ондағы ауаның жоғары ылғалдылығында. Әдетте бумен ауа 100%-ға дейін ылғалданады. Осының арқасында моншада жұмсақ микроклимат пайда болады. Хамамдағы ағаш төсектердің орнына мәрмәр плиталар қолданылады. Олар бумен қызып, ағзаны жұмсақ, бірақ терең жылытады. Осыған байланысты Хамам әйелдер үшін өте пайдалы.
Хамам салмақты тұрақтандыруға көмектеседі (адам хамамға бір барғанда бір жарым килограмға дейін салмақ жоғалтады). Тірек-қимыл аппараты үшін үлкен пайдасы бар. Тұз жиналу, артрит, ревматизм, бұлшықет созылуы және басқа аурулар кезінде хамамға 2-3 рет барғаннан кейін ұзақ уақыт бойы сізді мазаламайды. Хамам суық тию ауруларын емдеуге көмектеседі. Ұзақ уақыт бойы қыздырыну ағзаның иммунитетін арттырады, бұл жұқпалы ауруларға қарсы тұруға мүмкіндік береді.
Түрік моншасы «Хамам» ағзаның барлық қызметіне жағымды әсер етеді, атап айтқанда:
«Оқжетпес» ЕСК-дегі түрік моншасы хамам сізге қуаттың мол серпінін сезінуге, ағзаңыздың толық босаңсып, демалуына мүмкіндік береді. Сізге денсаулық сыйлап және жастығыңызды ұзартады.
Толық ақпаратты +7 (71636)78 – 101, +7 702 059 20 20 телефондары бойынша алуға болады.
Адам өміріндегі физикалық белсенділік оның денсаулығына, сыртқы келбетіне және жалпы әл-ауқатына оң әсер етеді.
Жүзу – әмбебап спорт. Жүзумен бұлшықетті нығайту үшін, сондай-ақ әр түрлі ауруларды емдеу және оңалту үшін кез келген жаста айналысуға болады.
«Оқжетпес» ЕСК-де ультразаманауи хлорсыз су тазарту жүйесімен 25 метрлік кең бассейн бар, онда сіз өз уақытыңызды жайлы да пайдалы өткізе аласыз!
«Оқжетпес» ЕСК-де сумен емдеу түрлеріне түрік моншасы, сауна, бассейн және т.б. кіреді. Бассейнде жүзу және жаттығулар кешенін жасау емдеу кезінде қажетті сауықтыру емшараларына жатады.
Бассейнде жүзудің пайдасы омыртқа жотасы аруларын емдеуге көмектеседі, омыртқа аралық жіктерге салмақ түсуді азайтады. Дене мүсінін түзейді. Балаларға кішкентай кезінен бастап, әсіресе егер оған сколиоз (арқа омыртқаның қисаюы) диагнозы қойылған жағдайда, бассейнге бару ұсынылады.
Бассейнде жүзу адамның қан айналым жүйесіне оң әсер етеді, артериялық қан қысымы төмендейді, сондықтан жүрек-тамыр ауруларының қаупін азайтады, қан тамырларының серпімділігін жақсартады, адам организмін қажетті оттегімен қанықтырады.
«Оқжетпес» ЕСК-де бассейнге үнемі бару өкпені және жүйке жүйесін нығайтуға көмектеседі. Жүзуден кейін, баспалдақпен көтерілуден немесе жаяу жүруден кейін тыныс алудың әдеттегі ырғағы бұзылмайды, демікпе жоғалады.Бассейнге бару маусымдық ауруларға қарсы тұратын күшті иммунитетті қалыптастырады.
«Оқжетпес» ЕСК-де жүзу Сізге ләззат сыйласын, ал оның ағзаға оң әсері Сіздің бассейнге жиі баруыңызға себепші болуына тілектеспіз!
Толық ақпаратты +7 (71636) 78 – 101, +7 702 059 20 20 телефондары бойынша алуға болады.