Астанадағы «Алатау» спорт кешенінде салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Қазақстан халықтарының бірлігі күнін мерекелеу қарсаңында Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медицина орталығының ұйымдары арасында «Отанымыздың астанасының 20 жылдығына арналған «волейбол турнирі» өтті.
Бұл жарыстың ұйымдастырушысы «Оқжетпес» ЕСК» АҚ болды. Турнирдің қорытындысы бойынша «Оқжетпес» ЕСК» АҚ командасы құрметті 3-ші орынға ие болды!
Астана қаласында 24-25 сәуірде «Салтанат сарайы» қабылдау үйінде Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Шипажай-2018» үшінші халықаралық ғылыми-тәжірибелік форум өтті.
Бұл оқиға Астана қаласының 20 жылдығына орайластырылған. Бұл іс-шараның бас демеушісі болған «Оқжетпес» ЕСК» АҚ біріккен санаторийлердің брендтік өнімдерінің көрмесін көрсетті.
Талқылау тақырыбы – Қазақстандағы санаториялық-курорттық саланың даму келешектері. Форумға Әзірбайжан, Германия, Македония, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Словакия және Чехиядан келген бальнеология мамандары қатысты. Әркім белгілі бір мәселелерді және оларды шешудегі өз көзқарастарын білдірді.
«ШИПАЖАЙ-2018» форумы санаториялық-курорттық емдеу, медициналық оңалту және туризм саласындағы озық технологияларды дамыту бойынша жыл сайын тәжірибе алмасуға арналған алаң болып табылады.Жұмыс нәтижесінде атқарушы органдармен және қоғамдық бірлестіктермен бірлесе отырып саланы одан әрі дамыту туралы шешім қабылданды.
Сенбілік – корпоративтік рухты көтерудің және ұжымдық бірлікті арттырудың тамаша тәсілі. Сенбілік бейресми байланыс пен өзара әрекеттесу үшін жағдай жасайды, әріптестерге бір-бірімен жақсы танысуға мүмкіндік береді.
Көктемде сенбілік өткізу өте қолайсыз. Дегенмен ауа-райы бізге шуақты күндер сыйлап, іргелес аумақтың санитариялық жай-күйін және қолайлы жағдайын сақтау мақсатында 21 сәуірде «Оқжетпес» АҚ-да осы жылдың бірінші сенбілігі өткізілді, оған 180-нан астам адам қатысты.
«Оқжетпес» ЕСК» АҚ қызметкерлері өткен жылдың қураған шөптері мен жапырақтарын жинап, аумақты тұрмыстық қоқыстардан тазартты және жол жиектерін сырлады. Көктемгі сенбіліктің ұйымдастырылуы бүкіл санаторийдің жақсы дәстүріне айналды.
Көпшіліктің күшімен өткізілген шарадан кейін демалыс аймағы мамыр мерекелерін қарсы алуға толықтай дайын!
ҚР ПІБ «Оқжетпес» ЕСК» АҚ 5-8 сәуір аралығында Hestourex-2018 Халықаралық көрмеге қатысты. Бұл шара әлемнің 150-ден астам елінің өкілдерін жинады.
Көрме әлемдік деңгейдегі медициналық ұйымдардың қызметтерін таныстырудың бірегей алаңына айналды, шетелдік пациенттерді тарту мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік берді.
Hestourex-2018 шарасы қатысушылардың бір-бірімен танысуларына және сәлемдесулеріне мүмкіндік берді. Іс-шара іскерлік байланыстарды орнатуға және тиімді ынтымақтастық үшін жаңа серіктестер табуға мүмкіндік беретін B2B-кездесу форматында барынша мазмұнды өтті.
Бұл көрме біздің еліміздің шетелдік туристерге медициналық және сауықтыру қызметтерін көрсетудегі мүмкіндіктері туралы ақпаратты біріктіреді.
Біз үшін бұл үлкен тәжірибе және шетелдік клиенттерді тарту мүмкіндігі.
«Оқжетпес» ЕСК» АҚ Сіздерді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтайды! Наурыз – барлық қазақстандықтарды бір шаңырақ астында біріктіретін ең көне және құрметті мерекелердің бірі. Жаңа жылды қарсы алу ғана емес, сонымен бірге көктемгі күннің теңесуімен қатар, бұл көктем мерекесі, тіршіліктің оянуы, табиғаттың жаңаруы. Наурыз адамзатты біріктіріп, бейбітшілікке, ізгілік пен өзара көмекке деген ұмтылысты түп-тамырымен жандандырады. Бұл күні басқалардың күнәларын кешіріп, жан-жағымызға қуаныш пен мейірімділік сыйлауымыз қажет.
Наурыз әр үйге бейбітшілік, тыныштық пен амандық әкелсін!
Көңіл-күйіміз шат-шадыман, өміріміз жарқын, болашағымыз сенімді болсын!
Әрбір отбасына кең және мол дастархан тілейміз, өйткені бұл келесі жылдың сәтті де табысты болатындығын білдіреді.
Сіздерге денсаулық, бақыт, адал достар, мықты отбасы, еңбекте жеміс, көктемгі көңіл-күй мен өмірлік қуаныш тілейміз!
Наурыз құтты болсын!
«Оқжетпес» ЕСК» АҚ 35 % жеңілдікпен арнайы сауықтыру емін ұсынады!
Электрокардиограмма (ЭКГ) жүрек ауруларына күдік пайда болған кезде қажетті тексеру әдісі. Электрокардиография жүрек бұлшық етінің ишемиялық өзгерістерін диагностикалау кезінде қолданылады. Бұл рәсім мүлдем қауіпсіз, ешқандай ауырсыну туғызбайды және тиімді де.
Емшараның қолданыстағы бағасы – 1000 тг, жеңілдік бағасы – 650 тг.
Прессотерапия (лимфастим) – бұл лимфалық дренаж аппараты, аппарат лимфа жүйесіне сығылған ауаның көмегімен әсер етеді, сығылған ауа денеге арнайы костюм арқылы жіберіледі. Бұл емшараның ағзаға оң әсері бар, улы заттарды шығаруға, денедегі ісіктер мен целлюлиттен арылуға көмектеседі, тері жамылғысын едәуір қатайтады, оны иілімді және серпімді етеді. Емшара денені толық босаңсытудың тамаша тәсілі болып табылады.
Емшараның қолданыстағы бағасы – 1950 тг, жеңілдік бағасы – 1270 тг.
Акция тек жеке тұлғалар үшін жарамды.
Өту уақыты: 2018 жылғы 15 наурыздан бастап 31 наурызға дейін.
Демалысты тиімді өткізу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Ардақты аналар мен арулар! «Оқжетпес» ЕСК» АҚ сіздерді ең керемет және ең жарқын көктем мерекесі – 8 наурызбен шын жүректен құттықтайды!
Табиғат әйелдерге ғажайып сұлулық пен сарқылмас күш-қуат, шынайы нәзіктік пен адалдық, өмірлік даналық пен керемет табандылық сыйлаған.
Сіздер отбасының ұйытқысы болып, бала тәрбиелеп, кәсіби және әлеуметтік қызметте де табысқа қол жеткізесіздер, сонымен бірге әрдайым жас және әдемі болып қала бересіздер.
Осы көктемгі күнде сіздерге тамаша мерекелік көңіл-күй, отбасылық бақыт, жақын-туыстарыңызға зор денсаулық тілейміз! Барлық тілектеріңіз бен армандарыңыз орындала берсін, отбасыларыңыз гүлденіп, амандық болсын! Әрқашан шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйлеріңізден жылылық кетпесін.
Зімбір вирустық аурулардың алдын-алу үшін ең жақсы халықтық құралдардың бірі болып саналады, сонымен бірге вирустық аурулардан кейін иммунитетті қалпына келтіруге көмектеседі. Біз сіздермен 6 түрлі зімбір шырынының қалай жасалу жолымен бөлісеміз.
«Оқжетпес» ЕСК-мен бірге дұрыс тамақтаныңыз және әрқашан деніңіз сау болсын!
Лазерлі терапия қалпына келтіретін, қабынуға қарсы, иммунды түзететін, ағзағадағы ауырсынуды басатын әсері бар. Бұған қоса, науқастардың ұйқысын жақсартып, холестериннің деңгейін төмендейді.
Лазерлі терапия барлық жас санаттарына жарамды, мысалы, балалардағы аденоидтер (тамақ бездерінің ісінуі) кезінде лазерлі терапияның тиімділігі дәлелденген. Жұмсақ нәзік әсері пациенттің жағдайын едәуір жеңілдетуге және ағзаның өмір сүру қабілетін белсендендіруге мүмкіндік береді.
«Оқжетпес» ЕСК-де көптеген ауруларды сауықтыру және алдын-алу үшін лазерлі терапия қолданылады.
Тірек-қимыл аппаратының ауруларын емдеу кезінде төмендегідей әсер етеді:
Сонымен қатар, лазерлі терапия оңалту кезеңін бірнеше рет азайтады және көптеген ауруларды емдеу ұзақтығын төмендетіп, оң нәтижеге жеткізеді.
Лазерлі емшара «Оқжетпес» ЕСК-нің физиотерапия бөлмесінде дәрігермен жүргізіледі. Косметикалық ақауларды, тыртықты, тамырлы жұлдыздарды жою үшін тиімді. Ол аллергияға қарсы және қабынуға қарсы әсер етеді, гемопоэзді ынталандырады, қан тамырларын кеңейтеді, иммунитетті және қан құрамын жақсартады, зат алмасу процестерін қалыпқа келтіреді, ми мен тіндердегі қан ағымын жақсартады.
Емшараның барынша тиімділігіне қол жеткізу үшін оны тек кәсіби мамандар ғана жасауы тиіс.
«Оқжетпес» ЕСК-де лазерлі терапия балшық, минералды су және климаттық емдеу сияқты басқа терапиялық факторлармен бірге қолданылады. Нәтижесінде рәсімдердің әсері айтарлықтай жақсарады. Сіз денсаулығыңызды дәл қазірден бастап қадағалаңыз, біздің мамандарымыз сізге көмектеседі.
Толық ақпаратты +7 (71636) 78 – 101, +7 (702) 059 20 20 телефондары бойынша алуға болады.
Фитотерапия – бұл өсімдіктердің дәрілік қасиеттерін және олардан дайындалған препараттарды қолдануға негізделген ауруларды емдеу әдісі.
«Оқжетпес» фитобарында сіз сауықтыру курсынан өте аласыз. Курсқа әртүрлі емдеу- профилактикалық әсері бар танымал және қол жетімді дәрілік шөптердің тұндырмалары мен қайнатпалары және оттегі коктейлі кіреді. Бір шыныаяқ емдік шөп шай емшарадан кейін толық босаңсуға көмектеседі. Дәрілік өсімдіктерде адам ағзасына әртүрлі және жан-жақты әсер ететін табиғ химиялық қосылыстар жиынтығы бар.
Оттегі коктейлі – дәруменді компоненттерінің қоспасы бар оттегімен қаныққан сусын. Артерия қысымын, асқазан-ішек жолының микрофлорасын қалыпқа келтіреді, бүйрек қанының ағысын жақсартады, улы заттарды және зат алмасу өнімдерін шығарады.
Оттегі коктейлінің пайдасы оның құрамы және бірегей өндірістік технологиясында жатыр. Сусынның негізі шырындар, табиғи жеміс сусыны, шөп қайнатпасы, сүт, жеміс сироптары болуы мүмкін. Дәмін жақсарту және сусынды пайдалы заттармен байыту үшін дәрумендер немесе бал қосылуы мүмкін. Негізгі ерекшелігі – жұмсақ көбік түрінде оттегінің болуы. Оны жасау үшін көбіктендіргіш жұмыртқа сарысы немесе қызылмия тамыры қажет. Асқазан-ішек жолдары оттегіні тамаша сіңіреді. Оттегі денеге коктейлмен түсе отырып қанға тез сіңеді және бұл процесс тыныс алу кезінде оттегінің ағзаға түсуіне қарағанда едәуір жылдамырақ жүреді. Оттегі барлық тіндерге таралады, оларды пайдалы заттармен байытады және гипоксия симптомдарын дереу жояды.
Оттегіне спортшылар жаттығу және денеге жоғары күш түсу кезінде, шылымқорлар, ластанған мегаполис және таза оттегі жетіспейтін өңір тұрғындары, жүкті әйелдер, қарттар мен балалар ерекше мұқтаж болады.
Оттегі коктейлінің құнды артықшылығы – бұл адамды гипоксиядан (оттегінің азаюы) құтқару қабілеті. Бұл сусынды қабылдаудың бір сеансы орманда үш сағаттық серуендеумен тең. Өкпені оттегімен қанықтырады, жүрек соғу жылдамдығы мен қан қысымын қалыпқа келтіреді.
Бұл оттегі коктейлін ішкеннен кейін асқазан-ішек жолдары толық жұмыс істей бастайды, ас қорыту жақсарады, бүйрек және ұйқы безі белсенді жұмыс істейді. Осындай пайдалы қасиеттерге байланысты оттегі коктейлдері көмекші терапия ретінде түрлі асқорыту патологияларын емдеу кезінде қолданылады.
Фитотерапияның нәтижесі оны қолданудан бірнеше күн өткеннен кейін байқалуы мүмкін, одан әрі емдеуді жалғастыру маңызды. Терапияның нәтижесін бекіту үшін және созылмалы, ауыр аурулардан құтылу үшін тағайындаған фито препараттары ұзақ және жүйелі түрде қабылдау қажет.
Осылайша, «Оқжетпес» ЕСК-де фитотерапия емдеудің ыңғайлы және қолжетімді тәсілі болып табылады, шөппен емдеу ағзаға емдік әсер етіп, жалпы денсаулықты нығайтады.
Толық ақпаратты +7 (71636) 78 – 101, +7 702 059 20 20 телефондары бойынша алуға болады.