with the terms of the booking rules agree

Туризм күнімен!

Туризм күні – көңілді туристердің өздері сияқты оң және жарқын мереке.

Туристер, әріптестер, гидтер және туризм әуесқойлары, Сіздерді «Оқжетпес» ЕСК» АҚ Туризм күнімен шын жүректен құттықтайды!

Бұл күні сіздерге жаңа мүмкіншіліктер, қуанышты оқиғалар, жарқын сәттер, ұмытылмас саяхаттар мен жорықтар тілейміз! Бүкіл дүние сіздердің алдарыңызда алақандағыдай ашық болсын! Өмірлеріңіз мәнді, ерекше, теңдесіз болсын! Сіздерді кез-келген жаңа орын жылылықпен және мейірімділікпен қарсы алсын, жүректеріңіз сүйіспеншілік пен ынта-жігерге толы болсын деп тілейміз!

27.09.2017

БАЯНҒАЛИ ТОҚАНҰЛЫ ӘЛІМЖАНОВ

Қазақ ақыны, драматург, прозалық жазушы, суырып салма ақын, жырау-әңгімеші, сықақшы, режиссер, сценарийші және кинорежиссер – Баянғали Әлімжанов «Оқжетпес» АҚ-да демалуда. 1954 жылы туған. «Қиқыматтың хикаялары», «Ұя», «Жынды қаратайының қасіреті», «Ауылдың ақ самалы», «Алаш пен Манас», «Әзіл шуағы» «Деген екен», «Аңыз бен аспан», «Қиянатқа қарсылық» , «Өмірдің өзі…» деген сияқты 20-дан аса прозалық, ақындық, драматургиялық және әдеби сыни кітаптардың және «Шыршадағы шытырман» балаларға арналған өлеңдер жинағының авторы, Баянғали Әлімжанов «Аран», «Айхан» фильмдеріндегі сценарийші, режиссер және басты рөлді орындаушы, «Ән мен анаша», «Асау толқын» фильмдеріндегі режиссер және актер, «Қазақфильм» киностудиясында шығарылған «Сказители», «Ақын», «Балуан» деректі фильмдер сценарийінің авторы,  «Халық қазынасы», «Бес баспана» танымал телеарналарының және жыршылар жарыстарының жетекшісі ретінде белгілі.

Баянғали Әлімжанов 1984 жылдан 2004 жылға дейін 216 республикалық, халықаралық және облыстық айтысқа қатысты, жиырма екі Гран-приді жеңіп алды және бірнеше рет жеңімпаздар арасында, Жыршы-әңгімелесушілердің жарыстарында екі Гран-придің жеңімпазы болды. Қырғызстанда өткен және «Манас» эпосының 1000 жылдығына орай өткізілген «Манасчи» халықаралық байқауының арнайы жүлдегері.

1995 жылы Баянғали Әлімжанов Композиторлар Одағының және Қырғызстан Мәдениет министрлігінің А. Малдыбаев атындағы Халықаралық сыйлыққа ие болды.

«Оқжетпес» кітапханасына «Абылай хан мен оның батырлары», «Ұлы дала аңыздары», «Жалмауызды жеңген бала», «Қорасан қарақшының қолмергені» атты өзінің үш тамаша кітабын сыйға тартты.

15.09.2017

ҚЫМБАТТЫ ДОСТАР, «ОҚЖЕТПЕС» ЕСК» АҚ ҰСЫНАДЫ!

26 тамызда Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған шоу бағдарлама көрсетіледі!

Бағдарламада ұлттық аспаптарда әдемі би, эстрадалық әндер орындалады және виртуоздық ойындар көрсетіледі.

Елдің ең жақсы емдеу-сауықтыру кешені «Оқжетпесте» демалу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Тел.: +7(71636)78 101, + 7(702) 059 20 20

06.09.2017

«Алтын кезең» акциясы

Достар, күз мезгілінде және қыстың алдында күш-қуат жинау және денсаулықты нығайту қажет! Сіздерді «Алтын кезең» акциясына қатысуға шақырамыз және тұру үшін 20%-ға дейін жеңілдік ұсынамыз.

Акция шарттары:

  • 10% жеңілдік 3 тәулікке дейін тұру кезінде;
  • 15% жеңілдік 4-7 тәулік тұру кезінде;
  • 20% жеңілдік 8 тәуліктен артық тұру кезінде

Акция оң жақтағы брондау нысаны арқылы немесе Оқжетпес ЕСК-нің брондау бөліміне телефон арқылы хабарласып нөмірді брондаған жеке тұлғаларға әрекет етеді;

Балалар жолдамаларына және қосымша ересектер орындарына таралмайды.

Акция басқа жеңілдіктер мен акциялармен бірге  жинақталмайды.

Акцияның жарамдылығы: 20 қыркүйек –  20 қазан 2017 жылғы.

Жайлы демалыңыз!

01.09.2017

Құрбан айт

«Оқжетпес» ЕСК Сіздерді әрбір мұсылман үшін үлкен маңызы бар мейраммен шын жүректен құттықтайды.

Құрбан Айт – адамдардың бірі-біріне ізгі ниеттер тілейтін, әрдайым күш-қуат беретін, оң және нәтижелі жолға ұмтылдыратын мереке.

«Оқжетпес» Сізге мықты денсаулық, бақыт және махаббат теңізін тілейді.Есіңізде болсын, осы өмірде не нәрсе де жайдан жай болмайды, бірақ бәрі де Алланың еркі екенін ұмытпау керек.

Мерекеңізбен! Әрдайым шыдамды, мейірімді және жомарт болыңыз. Мерекені қуанышты да лайықты өткізіңіз!

31.08.2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

«Оқжетпес» ЕСК»АҚ сіздерді басты және шын мәнінде жалпы халыққа ортақ мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен шын жүректен құттықтайды.

1995 жылы қазақ халқы өзінің тарихи таңдауын жасап, мемлекетті одан әрі дамыту жолын анықтады. Бұл барлық қазақстандықтар үшін жаңа қоғамның құрылуына сенімді негіз болған ерекше оқиға болды.

Конституция, егемендік кепілі ретінде, біздің бірлігімізді нығайтты, тұрақтылық пен үйлесімділіктің негізі болды, жаратылыстың символы және ұлы істердің бастауы мен қазіргі жеңістердің көзі болды.

Қазақстан Республикасының Конституция күнімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыз!

Мемлекеттегі демократиялық үдерістерді дамыту мен одан әрі қалыптастыруда жетістіктер мен табыстар тілейміз, олардың ең құндылықтары – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандығы. Мықты денсаулық және бейбіт болашақ тілейміз!

29.08.2017
Booking Online payment operator