with the terms of the booking rules agree

6 ШІЛДЕ – АСТАНА КҮНІ

«Оқжетпес» ЕСК» »АҚ Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Астана күнімен шын жүректен құттықтайды!

Дәл осыдан 20 жыл бұрын елорданы ауыстыру – тарихи оқиға болды. Бұл әр қазақстандықтың есінде ұзақ уақыт бойы сақталатын күн.

Астананың туған күні – әрбір қазақстандық үшін бүкілхалықтық мереке. Елорда көпұлтты мемлекеттің достығы мен тұтастығы, жаңару мен Қазақстан халқының шоғырлану символы, рухани өсу мен жоғары жеңістерге қол жеткізудің көрінісі және қазақстанның жарқын арманының жүзеге асуы болды.

Астана – Тәуелсіздіктің көрінісі – елдің жаңа тарихының, халықтың, қоғамның жаңа бастауы. Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың ұлы саяси ерік-жігері, тарихи және маңызды шешімі жаңа қала құрылысының басталуын, таңғажайып қиялын, өзінің ұлылығын және ерекшелігін ескере отырып белгіледі.       Бүгінгі таңда Астана – әлемдегі ең әдемі және жас астаналардың бірі. Ол өзіне әртүрлі елдерден туристер мен қонақтарды тартады, ірі халықаралық іс-шаралар мен маңызды оқиғалардың орталығы болып отыр. Астананың бейбіт атмосферасы қайталанбас архитектуралық көрініспен, Шығыс пен Батыстың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерімен, Қазақстан халқының мәдениеті мен салтының барлық байлығымен ұштастырылады.

Осы маңызды мерекемен құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Біздің елордамыз гүлдене берсін, әр отбасының өмірі қуанышты оқиғаларға, шаттық пен болашаққа деген нық сенімге толы болсын!

Сіздерге зор денсаулық, мол табыс пен бақыт тілейміз!

05.07.2018

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ-дағы көше жаттығу құралдары

Салауатты өмір салтын ұстанушыларға және жаттығу үрдісін тоқтатқысы келмейтіндерге арналған «Оқжетпес» ЕСК-нің жақсы жаңалықтары: емдеу-сауықтыру кешенінің аумағында жаңа көше жаттығу құралдары бар, олар кез-келген уақытта, тамаша ауа-райында ересектер мен балалардың спортпен шұғылдануларына мүмкіндік береді.

Артық салмақан құтылу үшін тек күш қолданылатын спорт түрлерінің жеткіліксіз екендігін білеміз, майлардың «ыдырауы» үшін бұлшықетке оттегін жеткізу керек. Қарағайлы орманның таза ауасы ағзаның тез қалпына келуіне және дененің төзімділігін арттыра отырып, физикалық күш түсіру жаттығуларымен қолайлы  айналысуға көмектеседі.

Шуақты күндерде спорт алаңында жаттығып қана қоймай, сонымен қатар Д витаминін алуға, сондай-ақ, күйзеліс пен нашар көңіл-күйден арылуға болады.

Жаттығулардың көмегімен бұлшық еттеріңіз бен аяқ буындарыңызды нығайтасыз, дәнекер тіндердің серпімділігі артады, қол, іш, арқа бұлшық еттерін дамытуға болады.

Біз сізді өзіңізді сергек сезініп, ағзаңызға қажетті күш-қуат алуға шақырамыз!

18.06.2018

17 маусым – Медицина қызметкерлері күні

Құрметті медициналық қызмет көрсету саласының қызметкерлері!

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтайды және сіздер сыйлаған Денсаулық үшін алғысын білдіреді!

Ұлттың денсаулығы әрқашан мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық стратегия басымдылықтарының бірі болып табылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Салауатты өмір салтын ұстану және медицинаның дамуы әрбір қазақстандықтың өмір сүру ұзақтығын арттырады…» деп атап өтті.     Жыл сайын медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасы жетілдірілуде, жаңа медициналық нысандар ашылып, жұмысшылардың еңбек жағдайлары жақсаруда.

Бұл мамандыққа берілген адамдар біз үшін баға жетпес. Шын мәнінде, адам өмірінің күнделікті құтқарылуынан артық не болуы мүмкін. Өйткені дәрігердің жұмысы тек  жауапты және керекті ғана емес, кез келген адам үшін қажет. Адамдардың денсаулығын сақтаудаға көптеген істеріңіз сіздердің күнделікті еңбектеріңізге байланысты.

Осы тамаша күнде сіздерге қуаныш пен шаттық, денсаулық және сарқылмас күш-қуат, бақыт пен зор сүйіспеншілік тілейміз.

Биік асулардан асып, мақсаттарыңызға жете беріңіздер!

15.06.2018

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ-да менингиттің алдын алу бойынша күшейтілген шаралар жүргізілуде

Менингит – бұл мидың жұмсақ қабыршағының қабынуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Менингит бактериялық, вирустық, саңырауқұлақ, протозоидтық немесе паразиттік – әр түрлі инфекциялық қоздырғыштар арқылы туындайды.

Менингитті қалай жұқтырады?

Менингит бір мезгілде ауа-тамшы және жанасу арқылы (лас қолдар мен заттар арқылы) тасымалданады. Менингит тыныс алу жолдары мен ЛОР мүшелерінің аурулары кезінде жиі пайда болады.

Қазақстан Республикасындағы менингит бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты «Оқжетпес» ЕСК» АҚ-да менингиттің алдын алу және аурудың пайда болуын болдырмау үшін күшейтілген шаралар жүргізілуде. Жұқтыру жағдайында нақты әрекеттер алгоритмі әзірленді. Емдеу-оңалту бөлімшесінің дәрігерлерімен демалушылар арасында менингит симптомдары, таралу жолдары және ең бастысы менингиттың алдын алу туралы әңгімелесулер күнделікті жүргізіледі.

Емделушілерге арналған демалыс аймақтарында (холдар, фитобар) тақырыптық бейнероликтер көрсетіледі, ақпарат пен оқу материалдары (АОМ), «Менингит» тақырыбындағы буклеттер, парақшалар таратылады.

«Оқжетпес» ЕСК»АҚ емдеу-оңалту бөлімшесінде «Өзіңді және балаларды менингиттен қорға!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Қатысқан демалушыларға АОМ таратылды, мәселелерді талқылау барысында туындаған сұрақтарға түсініктеме берілді.

12.06.2018

ЩБКА жиналысы

5 маусымда Бурабай ауданында аймақтың туристік кластер өкілдерімен Ақмола облысы әкімінің кездесуі өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты Ақмола облысының бірегей туристік әлеуетін алға тарту, Қазақстанның туристік компанияларының өзара іскерлік байланыстарын кеңейту және туристік бизнестің өзекті сұрақтары мен мәселелерін талқылау. Кездесуді Ақмола облысының Әкімі Мәлик Мұрзалин сәлемдесу сөзбен ашты. Өңір  басшысы ЩБКА-ны дамыту жоспары мен перспективасы туралы егжей-тегжейлі әңгімеледі.

Бұдан әрі біріккен санаторийлерді таныстырумен «Оқжетпес» ЕСК» АҚ-ның өкілі сөз сөйледі. Осы іс-шараға аймақтың демалыс және орналастыру нысандарының көптеген өкілдері қатысты.

07.06.2018

4 маусым — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні

«Мемлекеттік рәміздер біздің мемлекетіміздің, егемендігіміздің берік негіздерінің бірі болып табылады. 2007 жылғы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заң қабылданды. Осы Заңға сәйкес 4 маусымда жыл сайын Қазақстан Республикасында мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі.

АО “ЛОК “Оқжетпес” ЕСК» АҚ ұжымының жұмыс күні  Қазақстан Республикасының мемлекетік әнұранын орындаудан басталды.

Барлық қазақстандықтарға шын жүректен өркендеу пен ашық аспан тілейміз! Қазақстанның халқының бірлігін бейнелейтін еліміздің көгілдір түсті туы мақтанышпен желбірей берсін!

04.06.2018

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ Сіздерді Балаларды қорғау күнімен құттықтайды!

Ұлы  классик Жан-Жак Руссо айтқандай: балалық шақты сүйіңдер – балалық шақ – бал шақ. Балалық шақтың бал дәмін сезінген бұл кездің ең бақытты шақ екенін ұмытпайық. Бара-бара, есейген кезде сол балдәурен балалық шағымызды сағынатынымыз белгілі.

«Бала туғанда ақ қағаздай тап таза болады, оның үстіне шимайда қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай тәрбиелесең ол солай тәрбиеленеді». Олар – біздің болашағымыз, балалардың балалық шағын өз жастарына сай ұйымдастырып, жүзеге асыру біздің негізгі міндетіміз.

Біздің емдеу-сауықтыру кешенімізде демалыс кезінде сіздің балаларыңыздың денсаулығы мен өмірі үшін барлық жағдай жасалған.

Әрине, баланың сенімді қорғанышы – бұл салауатты, тату-тәтті және мықты отбасы. Мемлекет отбасын және отбасылық құндылықтарды нығайту, аналықты қорғау, баланың өмір сүру құқығын қамтамасыз ету үшін көп нәрсе істеп келеді.

Осы керемет мерекелеріңізбен біздің ыстық құттықтау лебізімізді қабыл алыңыздар! Бұл күн бәрімізге қуаныш әкеліп, ересектердің жауапкершілігін арттыра түссін! Сіздерге денсаулық, табыс пен тыныштық тілейміз!

31.05.2018

Энергетикалық салаға арналған АВВ семинары

«Оқжетпес» АҚ-да «АВВ» серіктестік семинары өткізілді. Қатысқандар: «Станция электр желілері» департаменті басшысы Д. Байструков, Қытайдан, Ресейден, Германиядан АВВ зауыттарының өкілдері, сондай-ақ Самрұқ Энерго, «AЖK», «Қазцинк», «Aстан Рэk», «Keгок», «Қазақмыс» және т.б.

Семинар энергетикалық жүйелердегі АВВ жабдықтарын пайдалану тақырыбында өткізілді. Компания қызметкерлері оның құрылымы мен функционалдық мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді, сондай-ақ қызмет көрсету мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.

Семинарға жобалау, пайдалану және реттеу ұйымдарының атынан 48 адам қатысты. Жаңа өнімдерді тікелей енгізу және жабдықтарды ұсынудан басқа, іс-шараның көпшілігі «сұрақ-жауап» түрінде, сондай-ақ достық әңгіме және тәжірибе алмасу түрінде өтті. Семинар барысында қатысушылар спикерлермен белсенді араласып, іс жүзінде қызықтырған барлық сұрақтарын қойды.

Біз әріптестермен тәжірибе алмасуға, көптеген қызықты және жаңа нәрселерді үйренуге болатын іс-шараларды өткізуге қуаныштымыз.

18.05.2018

9 Мамыр – ЖЕҢІС КҮНІ

Құрметті ардагерлер-жеңімпаздар «Оқжетпес» ЕСК» АҚ Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтайды!

Бұл ұмтылмас ұлы күн Отанын қорғаған адамдардың ерлігі, батылдығы мен қаһармандығын білдіреді. Бұл ата-бабаларымыздың даңқын арттыру үшін, соғыссыз бейбітшілік үшін күресуге шақыру!

Отанға деген адалдық пен мінсіз қызмет етудің символы болып табылатын Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне ризашылығымызды білдіреміз.

Тәуелсіз еліміздегі бейбітшілік пен тыныштық өмір үшін Сіздерге алғыс айтамыз! Мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!

Бүгінгі күні сіздің немерелеріңіз мен шөберелеріңіз сіздердің істеріңізді жалғастыруға лайық, олар да елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға өз үлестерін қосады.

Осы күнді еске алу біздің халқымыздың ортақ жаудың алдында бірігуге , қиын күреске қарсы тұруға және фашизм әлемін жоюға мүмкіндік беретін ескерту болсын.

Батырларымыздың арқасында  біз бейбіт аспан астында өмір сүріп жатырмыз, олардың ерлік істерін ешқашан ұмытпаймыз!

09.05.2018

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ қызметкерлері ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады

Соғыс күндері неғұрлым артта қалған сайын, сол күндердің куәгерлері соғұрлым азайып барады, сондықтан соғыс пен Жеңісті есте сақтау біз үшін өте маңызды.

9 мамыр қарсаңында «Оқжетпес» ЕСК» АҚ қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңіс күнімен дәстүрлі түрде құттықтады. Салтанат иелеріне махаббатқа толы шексіз алғыс сөздер айтылып, құттықтау қағаздары мен брендті сыйлықтар, сондай-ақ азық-түлік өнімдерінің сыйлық жиынтықтары ұсынылды.

Бурабай ауданы бойынша 11 ардагер-майдангер қалды. «Оқжетпес» ЕСК» АҚ «Ешкім де еш нәрсе ұмытылмайды!» атты жыл сайынғы салтанатты дәстүрін жалғастыруда.

Санаторийдің қызметкерлері дәстүрлі түрде ардагерлердің үйлерін аралады:

  • Тарасова Вера Ивановна;
  • Садчикова Нина Петровна;
  • Анна Безрученко Никаноровна;
  • Бакарасова Екатерина Андреевна.

Біз осы қасиетті, ұмытылмас естеліктерді әрдайым есте сақтап, бағалаймыз.

Біз өзімізді осындай бейбіт өмірге жеткізіп, тамаша, жаңа елордада ұрпақ өсіруге мүмкіндік әперген аталарымыз бен әкелеріміздің ерлігі алдында басымызды иеміз.

Барлық қазақстандықтарды осы тамаша мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

04.05.2018
Booking Online payment operator