with the terms of the booking rules agree

Минералды су – денсаулық кепілі!

Минералды су бұл әдеттегі химиялық заттардан басқа көп мөлшерде минералдар мен микроэлементтерден тұратын табиғи текті су. Мұндай су өте пайдалы және оны шығаратын ұңғыма неғұрлым тереңірек болса, ол таза әрі құнды болып есептеледі. Адам ағзасында жетіспеген микроэлементтерді минералды судың көмегімен толтыруға болады.  Минералды судың химиялық құрамы хлор (Cl), натрий (Na), магний (кальций), кальций (Ca), сульфат (SO4) және гидрокарбонат (HCO3), осы 6 негізгі компоненттен құралған әртүрлі комбинациядан тұрады. Сондықтан минералды сулар гидрокарбонатты, сульфатты, хлоридті және басқа да минералды суларға бөлінеді.

Минералды судың пайдасы:

  • зат алмасуын жақсартады;
  • иммунитетті нығайтады;
  • қалқанша безінің жұмысын жақсартады;
  • сүйектерді берік етеді;
  • жөтелді сауықтырады;
  • ағзадан улы заттарды шығарады;
  • қандағы гемоглобиннің деңгейін жоғарылатады;
  • асқорыту жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіреді;
  • ойлау қабілетін жақсартады.

Әртүрлі минералды судың өзінің емдік қасиеттері болады.

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ-да «Құлагер-Арасан» сульфатты-хлоридті натрийлі-магнийлі минералды су қолданылады. Оның құрамында «арнайы компоненттер» жоқ, аралас анион-катионды, сәл минералданған, емдік-асхана суы ретінде қолданылады. Маңызды артықшылығы – биологиялық белсенді микроэлементтердің жиынтығы: йод, селен, мыс, мырыш, кобальт, марганец, фтор, бром. Терапиялық әсері өттің бөлінуін және өтімділігін белсендіретін сульфатты және магнийлі иондардың болуымен ерекшеленеді. Сульфат иондары асқазанның көп мөлшерде сөл бөлуін айтарлықтай төмендетеді, ішектердің толқи жиырылуын күшейтіп, тағамдық заттардың аш ішектің бойымен сіңірілуін жоғарылатады, асқазандағы шырыш қоюланады. Натрий мен калий иондары су-тұз алмасуын реттейді.

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ-да минералды  су қабылдау күніне 2 рет және тұру құнына кіреді.

Көрсеткіштері: созылмалы өт жолының қабынуы, созылмалы ұйқы безінің қабынуы, асқазан мен 12 елі ішектің жарасы, асқазан-ішек жолдары қызметінің бұзылуы, зат алмасуының бұзылуы (семіздік), созылмалы шаршау белгілері.

Толық ақпаратты +7 (71636) 78 – 101, +7 702 059 20 20 телефондары бойынша алуға болады.

Booking Online payment operator