Шипажайдың басты міндеті – өмір сүру деңгейін арттырып, ағзаны аурудан қорғау, енді ғана басталып жатқан әлсіздікті басу.
Мұнда тыныс алу органдарының, жүрек-тамыр жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының ауруларынан кейін сауықтыруға басымдық беріледі. Біз Майбалық көлінің минералды суын, Балпашсор көлінің балшығын емге қолданамыз. Балпашсор көлінің балшығы тірек-қимыл аппараты ауруларын, артрозды, артритті, омыртқа остеохондрозын емдеуге көмектесетін биологиялық белсенді балшық болып есептеледі. Бұл тірек-қимыл аппаратының ауруларын емдеп қана қоймай, қабынуға қарсы әсер етеді.
Мұндағы радон суы жұрт мақтап жүрген Ресейдегі Пятигорск радон суларына тең. Радон терапиясы – радон сәулесімен емдеуге негізделген және денені қорғанысқа бейімдеуге көмектесетін, перифериялық қан айналымына, жүйке-бұлшықет аппаратына әсер ететін терапияның бір түрі.
Шипажайдың су емханасында ваннаның бес түрі бар: су массажы, қылқан жапырақты ванна, панта бұғауы, төрт камералы ванна мен минералды ванна. Мұнда тіпті себезгінің де бірнеше түрі бар: душ-Шарко, дөңгелек душ, душ-массаж және субұрқақ душ. Сонымен қатар, емдеу блогында физиотерапияның бүкіл түрі, хирудотерапия (сүліктермен емдеу) бар. Дәрігердің нұсқауы бойынша келушілер шөп тұнбаларынан бұқтырылған шәй түрлерін, оттегі коктейльдерін іше алады.