with the terms of the booking rules agree

Шаңғы тебу -денсаулықты нығайтудың керемет жолы!

Көп ұзамай шаңғы тебу барлық «Оқжетпес» ЕСК қонақтары үшін қол жетімді болады!

Жеңіл аяз, Бурабайдың әдемі қысқы табиғаты тамаша спорт -шаңғы тебудің нағыз уақыты.

Шаңғы серуендері – қыс айларынан ләззат алуының керемет тәсілі, таза ауа өкпенің белсенді түрде жұмыс істеуіне әсер етіп, ағзаны оттегімен қанықтырады. Шаңғы тебу дене сымбатын сақтауға көмектеседі, жүрек-қан тамырлар жүйесін нығайтады, сүйек буындарының жақсы жұмыс істеуіне көмектеседі, барлық бұлшықет топтарын шынықтырып, қан ағысын белсендіреді, осылайша бүкіл денеге оң әсер етеді.

Сілкімелі және сырғымалы қозғалыс есебінен тірек-қимыл аппаратына ерекше рөл беріледі. Кішкентай балалар үшін сүйек қаңқасын дамытуға және қозғалыс үйлесімділігін дамытуға көмектеседі, жас және орта жастағы адамдар үшін артроздың және басқа да буын ауруларының алдын алады. Қарт адамдарда сүйек қаңқасының қозғалысына, сүйек ауруларымен күресуге және сүйектердің морттығын болдырмауға көмектеседі. Иммундық жүйеге әсер етіп, оны айтарлықтай күшейтеді.

Шаңғы тебу – спорт жарысының, демалыстың және саяхаттаудың бір тәсілі.

Қыста шаңғы тебу сияқты оң және оңай қол жетімді спорт жоқ. Шаңғымен сырғанау кез келген жастағы барлық адамдар үшін пайдалы. Біздің қонақтарымызға арналған шаңғы тебу жабдықтары толықтай ақысыз беріледі және «Оқжетпес» ЕСК»АҚ-ның кәсіби нұсқаушылары сіздің жеке ерекшеліктеріңізді ескере отырып, әрқашан дұрыс жабдықтарды таңдауға көмектеседі.

Толық ақпаратты +7 (71636)78 – 101, +7 702 059 20 20 телефондары бойынша алуға болады.

Booking Online payment operator