«Астана» медициналық университетінде 5 қазанда «ҚР БҒМ «Ғылыми қор» АҚ, «Азия Су Компаниясы» ЖШС-нің қолдауымен «Жеңіл су» – өмір сапасы мен ұзақ өмір сүру негізі. Теория және практика» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Конференцияны ұйымдастырушылары– ҚР Қазақ тамақтандыру академиясының Тамақтану мәселелері институты және «Көкшетау минералды сулары» АҚ болды.
ҚР ПІБ Медициналық орталығы басшысының орынбасары А.Н. Дөкенов, ҚР Қазақ тамақтандыру академиясының Тамақтану мәселелері институтының директоры Е.Д. Даленов, сондай-ақ ҚР ДМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Санитариялық-гигиеналық қадағалау басқармасының басшысы М.Т. Рахымжанова сөз сөйледі.
Конференция барысында Ресей Федерациясының, Венгрияның отандық және шетелдік ғалымдары баяндамалар жасады. Тұсаукесерлердің негізгі тақырыбы ауыз суға арналған дейтерийдің маңызы, организмнің биологиялық процестеріне төменгі детерийлі заттардың әсері, ВЖТД ауруларының дамуына әсері және т.б.
Конференцияға біріккен санаторийлерді таныстырумен, медициналық оңалту бөлімінің меңгерушісі Коноплева Любовь Васильевна қатысып, Бурабай кентіндегі «Оқжетпес» ЕСК» АҚ-ның радон мен минералды бұлақтарының пайдалы қасиеттеріне ерекше назар аударды.
6 қазанда конференцияның шетелдік қонақтары Бурабайдағы «Оқжетпес» сауықтыру кешенінде болды, онда шипажай қызметі, меншікті радонды бұлақпен таныстырылды. Сондай-ақ қонақтар үшін Щучинск-Бурабай курорттық аймағының көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды.