Скандинавиялық жаяу жүріс – дене шынықтырудың бір түрі, түрлендірілген жұп шаңғы тіректерімен таза ауада жаяу жүру. Кейде «солтүстік жаяу жүріс» және «финдік жаяу жүріс» деп те аталады. прогулки на свежем воздухе с парой модифицированных лыжных палок. Встречаются также названия «северная ходьба» и «финская ходьба». Таяқпен серуендеудің артықшылықтары жүгірумен бірдей болады, жүгіруге қарағанда жарақат алу мүмкіндігі мүлдем жоқ.
«Оқжетпес» ЕСК» АҚ скандинавиялық серуен үшін табиғаттың айырықша табиғи күштері мен ауасы қолайлы климатты пайдаланады.
Ұзақ мерзімді медициналық зерттеулер таяқпен жүрудің денсаулыққа жағымды әсерін растады, бұл скандинавиялық серуендеуді жүрек және тамыр аурулары, тірек-қимыл аппараты, тыныс алу жүйесі, жүйке жүйесі және т.б. әртүрлі аурулардың алдын алу және емдеу әдісі ретінде кәсіптік пайдалануға серпін берді. Бүгінгі күні скандинавиялық жүріс кинезотарапия, яғни қозғалыс арқылы емдеу түрлерінің бірі болып табылады.
Таяқтармен жүрген кезде арқа және иық белдеуінің бұлшық еттері өте жақсы шынығады, ал жүгіру кезінде дененің жоғарғы бөлігінің бұлшық еттері аз қозғалады. Қарапайым серуендеуге қарағанда скандинавиялық спорттық серуендеу кезінде адам ағзасының бұлшық еттерінің 90% жоғары жүктемені көтереді.Екінші жағынан, таяқтарда тұру тізе мен жамбас буындарына, сондай-ақ өкше сүйектеріне түсетін күшті азайтады.
Бұл жағдай скандинавиялық жүрісті аяқ буын аурулары, өкше сүйелдері, құяң, (тұз жиналу аурулары) және т.б. аурулар кезінде сәтті қолдануға мүмкіндік береді. Себебі, скандинавиялық жүріс кезінде бұлшық еттердің көбі қозғалысқа түседі, сондықтан әдеттегі жаяу серуендеуге қарағанда шамамен бір жарым есе көп энергия жұмсалады.
Сондықтан таяқтармен жүруді семіздікке бейім және/немесе семіздікке ұшыраған адамдарға ұсынамыз.
Скандинавиялық жүрудің жоғары қуатты тұтынуы жүрек бұлшық етін жаттықтырады (жүректің жиырылу жиілігін минутына 10-15 рет соғуға дейін арттырады).«Окжетпесте» үнемі осындай дене шынықтырумен айналысу кезінде холестерин деңгейі төмендейді, ішектің жұмысы жақсарады, зат алмасу қалыпқа келтіріледі, улы заттар тез шығарылады, бұл әдетте дененің жасаруына ықпал етеді.
Қарттарға, бастауыш спортшыларға, омыртқа жотасының аурулары бар адамдар мен қозғалуы қиын семіз адамдарға ұсынылады.
Скандинавиялық жаяу жүру «Оқжетпесте» демалудың тиімді және болашағы мол құралы, дене белсенділігі мен толыққанды демалу болып табылады, демек сіздің денсаулығыңызға пайдалы әсер етеді.
Толығырақ мына телефон арқылы білуге болады: