with the terms of the booking rules agree

Сұлулық – мінсіз дене сымбаты, жақсы күтілген шаш, дұрыс макияж ғана емес. Ең алдымен сыртқы тартымды келбет – бұл сау және әдемі тері. Сондықтан, әрқашан тартымды болу үшін ең алдымен бет күтіміне көңіл бөлу қажет.

«Оқжетпес» ЕСК сіздің денсаулығыңыз  ғана емес, сұлулығыңыз үшін де қамқорлық жасайды.

Жазылу үшін:

+7 (701) 398 52 53

+7 (71636) 75 444

Біздің косметологиялық кабинет бет және дене терісін күтудің келесі әдістерін ұсынады:

«Christina» (Израиль)

SILK – ЖІБЕК ЖЕЛІСІ

Теріні жылдам тартудың тамаша әсері.

Емшара жібек құртының кокон талшықтарын теріге бастыру, ерітуге және осы гидролизаттың теріге сіңірілуіне негізделген.

Кәсіби желі 8 қадамды қамтиды – үш сатылы теріні тазарту, содан кейін теріге қажетті қоректік заттармен және дәрумендермен, антиоксиданттар мен ылғалдандыратын компоненттермен қамтамасыз ететін жұмсақ маскаларды қолдану. Рәсім жібек және бет терісін түзеу маскаларымен ерекшеленді, бұл теріні жылдам тарту әсерін береді. Рәсім теріге жібек сарысуын жағумен арқылы аяқталады.

Процедураның әсері:

  • Әжімдер тереңдігін және ауырлығын азайтады.
  • Тері тегістеледі, тартылады және нығаяды.
  • Ылғалдандыру ингредиенттері теріні серпімді етеді.
  • Терідегі оңтайлы рН деңгейін қалпына келтіреді.
  • Тері дәрумендермен қамтамасыз етіледі.
  • 10 минуттан кейін ең кішкене әжімдер 80%-ға азаяды.

«FOREVER YOUN» ЖАСАРТУ ЖЕЛІСІ

Сұлулық сеансы клиенттерге жайлылық пен рахат сезімін беріп, жағымды иісі бар нәзік консистенцияның нәзік жанасуымен жүреді. Әсері рәсімнен кейін бірден байқалады және ұзақ уақыт сақталады. Барлық ерлер мен әйелдердің тері түрлері үшін жарамды.

Қадамдары: «Мерло» шарабының негізінде Қызыл шарап пилингі, 22 сүт түрінен жасалған нәрлендіретін маска, жұмыртқа сарысының сығындысымен, өсімдік ақуызымен, микроэлементтер мен дәрумендермен лифтинг-маска, қазіргі заманғы табиғи ылғалдандырғыштармен «Ванна Влаги» маскасы және т.б.

CHRISTINA-дан Forever Young рәсімінің ұзақ уақыт әсері

  • Терінің ылғалдылығын жоғарылатады.
  • Жаусшалардың бөлінуін (митоз) ынталандырады.
  • Жасушаларды қалпына келтіреді.
  • Жасушалардың өсуін және жіктелуін ынталандырады
  • Эпидермисті қалыңдатады, түйіршіктелген қабатты жоғарылатады, беттің түсін жақсартады.

WISH

Терінің қартаю процесін баяулатуға және оның қартаюына әкелетін факторларды жоюға бағытталған косметикалық өнімдердің революциялық сериясы. (+ 40)

CHRISTINA-дан Wish рәсімінің дереу әсері:

  • Терінің тез және терең ылғалдануы, оның ішінде көздің қабақтары мен мойынның.
  • Терінің ұзақ уақыт бойы ылғалдануы, оның ішінде көздің айналасы және мойын. (8 сағат ішінде).
  • Әжімдерді азайтады.
  • Көз айналасындағы және мойын аймағындағы тері тегістеледі.
  • Теріні нығайтады, ағартады және «жандандырады».
  • Теріні ультракүлгін сәулелерінің зиянды әсерлерінен және қоршаған ортадан ластанудан қорғайды.
  • Еркін радикалдармен тиімді күресетін заттар теріге жеткізіледі.

БЕТ ЖӘНЕ ҚОЛҒА АРНАЛҒАН МИКРОДЕРМАБРАЗИЯ

Сүт және салицил қышқылымен, биомиметикалық пептидтермен, бетаиндермен қолға және бетке арналған микродермабразия. Ересек теріге арналған.

Бұл косметологтардың көптен күткен рәсімі. Académie Scientifique de Beauté зертханасы қолға және бетке арналған микродермабразияның жаңа жылдам-бағдарламасын әзірледі,  ол терінің барлық түріне жарамды және тиімді күтіну мен әжімдердің, терінің қабыршақтануының алдын алу, фотоқартаю белгілерін емдеу және алдын алу, тамыр торларын емдеуге бағытталған.

Рәсімнің бірегейлігі қосарланған әсерде жатыр – бір рәсімде механикалық және химиялық пилинг біріктіріледі. Кремний және биомиметикалық пептидтерге негізделген түрпілі бальзамдар тері мен тері тесігін керемет тазартады. Лакто және салицил қышқылының рН шоғырлануы эпидермисті жарақатсыз қабыршақтауға (қабыршақтау, өлі жасушаларды жою) тиімді. Нәтижесінде тері жасарады, әжімдер көлемі мен тереңдігі азаяды, жасушадағы зат алмасу белсенеді, тіндердің серпімділігі жақсарады. Тері жұмсақ, сергек және түсі жарқырайды.

Рәсімнің барлық құралдары (оның ішінде маскаларға арналған қолғаптар) жеке бокста орналастырылған – өте ыңғайлы және гигиеналы. Academie мамандары әрқашан бәрін майда-шүйдесіне дейін ойластырады.

БАЛДЫРЛАР НЕГІЗІНДЕГІ МАСКАЛАР

Альгинатты ұсақ масқалар.

Салонда күтінуге арналған бірегей, тиімді ұнтақ маска. Жеке немесе ампулалы препараттармен немесе концентраттармен бірге пайдалануға болады. Табиғи ингредиенттер мен балдырлар арқасында теріні тез қалпына келтіреді. Олар дереу тегістеу және көтеру әсерін береді, терінің түсі мен құрылымын жақсартады, белсенді дәрілердің тиімді енуіне көмектеседі. Экспресс күтімде қажет. Маскалар әсіресе массаж рәсімінен кейін тиімді.

БЕТТЕГІ БЕЗЕУ. АКНЕ

Таза және тегіс терімен мақтана алатындар өте аз. Адамдардың барлығы дерлік өз терісін  таза, қалыпты деп есептемейді. Біреуде ол өте құрғақ, біреуде майлы немесе сезімтал. Біреудің әжімі бар. Бірақ, егер теріде жағымсыз көріністер, мысалы, безеу, тамырлы жұлдыздар немесе купероза пайда болса адам бұдан көп зардап шегеді.   Тері тесігі бітелген кезде безеу пайда болады. Егер май бездері қатты жұмыс істесе, олардың сіңіргіш түтіктері бітеліп қалса, май мен кірдің «тығыны» пайда болады.

Майлы безде бактериялардың көбеюі басталады, бұл қабынуды тудырады – безеу және бөртпелер. Алайда, безеу және басқа да терінің күрделі мәселелері пайда болу себептері тек тері тесіктері мен май бездерінің жұмысын жоғарылауынан ғана емес, ішек, эндокриндік жүйенің аурулары, әртүрлі инфекциялар жиі безеу пайда болуына әкелуі мүмкін.

Дәрігер тағайындаған емнен басқа, тазарту, пилинг және дезинфекцияны қамтитын сауатты тері күтімін ұйымдастыру керек.

Тері мәселесіне келесі күтімді ұсынамыз:

БЕТТІ ҚАНТПЕН ТАЗАРТУ

Әр адам күн сайын теріні тазалау қажет екенін біледі бұл беттің күтімін сақтап, жастықты ұзартуға көмектеседі. Бірақ тіпті үйде ең мұқият күтім терінің толық тазалығы мен тегістігін қамтамасыз етпейді. «Қара нүктелер», яғни камедондар теріге макияж жасауды қиындатады, ал бет жағымсыз көрінеді. Егер тері майлы, тіпті қабынуға бейім болса, оның салдары тез байқалады: құнарлы ортадағы бактериялар тез арада көбейе бастайды және оларды тазарту, емдеу қиынға соғады. Сондықтан, мұндай қиындықтарды болдырмау үшін, мезгіл-мезгіл терінің майдан тазарту қажет. Көптеген адамдар осындай рәсімнің нәтижелі екенін біледі, сарысулар мен кремдердегі қоректік заттар теріге терең еніп, әлдеқайда көп пайда әкеледі.

Қазақстанда алғаш рет Pandhy’sTM бренді бетті қантпен тазартуды ұсынады. Бұл СПА рәсімі, ол жайлылық және толық босаңсу сезімін береді. Глюкоза мен судан тұратын қант пастасын пайдалану бетті тазарту пен пилингті бір мезгілде жасауға мүмкіндік береді. Бет тазалау мүлдем жеңіл болады және сонымен бірге жақсы нәтижеге қол жеткізесіз – тері тегістеліп, барқыттай болады.

РОЗ ДЕ МЕР ПИЛИНГІ

  • Белсенді безеудің барлық ауырлық дәрежесін және кез келген аумағын емдеу.
  • Безеудің алдын алу және емдеу: кеңейген тері тесігі, пигменттену, тыртық, инфильтрат, тоқырау дақтары және т.б.
  • күннің әсерінен терінің зақымдалуы: лентиго, кератоз, серпімділік жоғалуы және т.б.
  • кез-келген этиологиялы гиперпигменттену: пилингтен кейінгі (ANA, TCA, фенол, лазер), гормональды, зақымдардан кейінгі және т.б.
  • ерте тері қартаюы: әжімдер, тонус және тургордың жоғалуы және т.б.
  • Купероза және басқа тамырлы зақымдар.
  • стриялар, тыртықтар, терінің салбырауы, соның ішінде жүктілік кезінде.
  • мойынның, декольте мен қолдың терісін жасарту.

COMODEX

Майлы және аралас безеулі және оның салдарына ұшыраған теріге арналған күтім желісі.

  • Comodex рәсімі дереу әсер етеді:
  • артық майдан тазартады.
  • майдың өндірілуін азайтады.
  • Бетті тазартады және комедондарды жұмсартады, бет күтімін тиімдірек етеді.
  • Жоғары белсенді бактерияға қарсы ингредиенттер бактериалды пролиферацияны болдырмайды.
  • Тыныштандыратын ингредиенттер бет қызаруын азайтады

CHRISTINA Astrigent Porcelan Mask майлы және күрделі теріні құрғататын бетке арналған маска

Маска кеңейген тері тесігі және безеулі теріге арналған. Ол теріні зарарсыздандырады, өңдейді және ағартады (каолин – Жапонияның ақ сазы, мырыш оксиді, биологиялық күкірт, камфор). Триклосанның қабынуға қарсы айтарлықтай әсері бар. Теңіз коллагені мен гиалурон қышқылы ылғалдандырады, ал мимозаның сығындысы мен эвкалипт майы теріні тыныштандырады. Маска қышқыл-негіз балансын қалпына келтіреді, май бездерінің секрециясын қалыпқа келтіреді. Қолдану: аптасына 1-2 рет қолданыңыз: препарат тазартылған бетке қолданылады, кепкеннен кейін жылы сумен жуылады.

Құрамы: деионизацияланған су, каолин, цитил спирті, глицерил стеараты, мырыш оксиді, спирт-40, цетерил октаноат, титан, натрий лаурил сульфаты, күкірт, полисорбат-80 PVP, камфора, розин, аллотин, метилпарабен, пропилпарабен, триклосан, салицил қышқылы, теңіз коллагені, мимозаның сығындысы, эвкалипт майы

ПИГМЕНТТЕНУ

Меланин, гемосидерин сияқты пигменттердің көп бөлінуінен шырышты қабық пен тері бетінің белгілі бір түске боялуы. Біркелкі тегіс емес тері ең әдемі тұлғаның да өңін бұзуы мүмкін. Әрине, бұл кейде сүйкімді етіп көрсететін сепкілдер туралы емес, күн сәулесінің әсерінен немесе безеуден кейінгі терінің әртүрлі бұзылыстары. Олар, әрине, ешкімді әдемі көрсетпейді!

Пигменттену кезінде, не істеу керек?

Мұны жеңуге болады! Пигменттенумен күрес келесі емшараларды қолдана отырып жүргізіледі:

FLUOROXYGEN+C

Терінің жасаруы мен пигментті ағартудың керемет нәтижесі!

Желі препараттарында танымал және дәлелденген косметикалық ингредиенттердің комбинациясы пайдаланылады: гликоль қышқылы, сүт қышқылы, койе қышқылы, ретинол, тұрақты формада және оңтайлы концентрацияда С витамині, өсімдік сығындылары мен энзимдер. Желінің әрбір өнімі нақты міндетті шешеді және теріні емшараның келесі кезеңіне дайындайды. Бірегей шешім ұсынылады – опаны теріге қолданар алдында C дәруменімен және энзимдермен дереу белсендіру. Бұл препаратты сақтау кезінде аскорбин қышқылының белсенділігін сақтауға мүмкіндік береді.

CHRISTINA-дан Fluoroxygen+C емшарасының дереу әсері:

  • Тері майын кетіреді, өлі жасушаларды қабыршақтайды.
  • Тері тесіктерін терең тазартады.
  • Фибробластарды ынталандырады.
  • Коллаген мен эластин синтезін жоғарылатады.
  • Гиперпигментацияны ағартады және терінің түсін тегістейді.
  • Меланин өндірісін баяулатады.

Шаршаған, күйзеліске ұшыраған тері

Біз шаршаған кезде теріміз де шаршайды. Шаршаған тері біздің дұрыс емес өмір салтымыздың нәтижесі. Шаршаған бет терісі – теріге сұр түс беретін қан айналымының бұзылысы. Соның нәтижесінде көздің астында қара шеңберлер пайда болады, себебі тері өзінің токсиндері арқылы жаңарады. Теріге оттегі жетіспейді. Атония – бұл тері тонусының болмауы, халық арасында оны «қалталанған тері» дейді.

Шаршаған терінің белгілерінен зиянды әдеттері барлар, мегаполис тұрғындары, сондай-ақ еңбекқор адамдар зардап шегеді. Терінің шаршауына қарсы күреске арналған негізгі рецепт – жаман әдеттерден бас тарту және қала сыртындағы жиі таза ауаға сапарлар. Ұйқы, жаттығу, ваннаның кез-келген түріне барып, витаминдермен және минералды кешендермен тамақтану қажет.

Теріге арналған антиоксиданттар (витаминдер А, С, Е) және токсиндерді шығаратын заттар терінің жай-күйін жақсартуға көмектеседі. Шаршаған терілерге арналған арнайы желі бар.

MUSE

Muse желісінің негізіне раушан гүлдерінің әртүрлі сорттарынан алынған белсенді заттар жатады.

MUSE рәсімінің нәтижесі:

  • гидролиз мантиясын қалпына келтіреді және липидті тосқауылды күшейтеді;
  • иммунитет пен антиоксиданттың әлеуетін арттырады;
  • Дренаждық әсері бар және уытсыздандырады.

UNSTRESS

Стресстік жағдайлар терінің нәзік гормоналды балансын бұзады және қабыну, қышу, әжімді құрғақ тері, тері түсінің сұрлануы, экземаның артық майлылығы, жоғары сезімталдық және басқа күрделі белгілер сияқты дерматологиялық бұзылулардың көрінісіндегі басты факторлардың бірі болып табылады. Стресс сондай-ақ тиімді иммундық жүйені төмендетеді, бұл оны қоршаған ортаның жағымсыз әсерлеріне сезімталдығын туғызады.

“CHRISTINA” компаниясы  күйзеліске қарсы “UNSTRESS” препараттар жиынтығын әзірледі, олар теріні қажетті  барлық элементтермен қоректендіреді және күйзеліс белгілерін жойып, терінің жағдайын бақылауға алады.

Емшара мына жағдайларда көмектеседі:

  • қабыну,
  • тітіркену,
  • жасуша қызметін жақсартады және терінің су теңгерімін реттейді.

КУПЕРОЗ (тамырлы жұлдызшалар)

Купероза кезінде тері бетінде тамырлы торшалар пайда болады. Оның негізгі пайда болу орындары – бет (жақ, мұрын қанаттары) және аяқ. Купероз терінің кез-келген түрінде болуы мүмкін, бірақ көбінесе құрғақ немесе сезімтал теріде жиі пайда болады.Оның пайда болуының себебі –  қан тамырларының төменгі тонусы салдарынан капиллярлардың кеңеюі болып табылады. Куперозадан тек косметика арқылы ғана құтылу мүмкін емес. Оны болдырмау және қан тамырларының қабырғаларын нығайту үшін  рәсімнің                6 курсынан өту қажет (аптасына 1 рет). Алдын алу шарасы ретінде сеансты айына 1-2 рет қайталау ұсынылады.

«BIO-PHYTO» БАРЛЫҚ ТЕРІГЕ АРНАЛҒАН ПИЛИНГ РӘСІМІ

Пилинг терінің эстетикалық күрделі мәселелерін тиімді және нәзік жолмен шешуге мүмкіндік береді:

  • бозарған, шаршаған бет терісі
  • текстура және түс ақаулары
  • безеу кейінгі тыртықтар
  • пигменттену
  • купероза («тамырлы жұлдызшалар»)

CHRISTINA Bio Phyto Anti Rougeurs Mask био-фито купреозаға қарсы бетке арналған маска

Талшын, қырықбуын, балдырлар сығындылары және герань, жаңғақ, қырмызыгүл майлары бар маска қан тамырларының қабырғаларын нығайтады, қан айналымын белсендіреді, қабыну мен ісіну қарқынын азайтады. Ол жасқа байланысты қан тамырлары зақымдануына, күн эритемасына және басқа да терінің қызаруы үшін тиімді. Бетіңізге балғын, тыныш және жарқын көрініс береді. Қолданылуы: Масканы тазартылған бетке (6-8 мл) жағу қажет, 15-20 минуттан кейін шаю кезінде жұмсартатын жұмсақ шүберек қолданылады. Аптасына 2-3 рет қолдану қажет.

CHRISTINA Bio Phyto Soothing Zaatar Mask био-фито тыныштандыратын бетке арналған маска

Ерекше тыныштандыратын әсері бар. Құрғақ себореяны, тітіркенген, сезімтал теріні емдеу үшін тиімді, себебі оның құрамында нәлім (треска) балығының бауыр майы бар. Механикалық тазалаудан кейін қызаруды және ісінуді басады. Құрамына енгізілген дәрілік өсімдіктердің сығындылары (қына, шайқурай, майоран, жебіршөп) қан айналымын жақсартады және қабынуға қарсы, сіңіру, бактерияға және қышымаға қарсы әсерге ие.Әсері бірінші рәсімнен кейін байқалады. Қолданылуы: алдын-ала тазартылған теріге жағады, 15-20 минуттан кейін жылы сумен жуылады. Құрамы: минералды су, глицерил стеараты, мырыш стеараты, сквален, мырыш оксиді, темір оксиді, тасшөп майы, ара балауызы, нәлім балығының бауыр майы, қына сығындысы.

Құрғақ, сусызданған тері

Кез-келген қиындықты жеңуге болады, теконың себептерін білу қажет. Бет терісі құрғақ болғанда, дереу дымқылдандыратын кремдер жағуға болмайды, құрғақтықтың себебін түсініп, сол кезде ғана әрекет ету қажет.Құрғақ теріге екі себебі бар: Біріншісі – табиғатынан тері майының өндірісі бұзылған тері. Екінші себеп – терінің сусыздануы. Құрғақ тері тез қартаюға әкеледі. Тері дұрыс күтім жасамағаннан кебеді. Ыстық сумен жуу жиі зат алмасу процестерін бұзады. Механикалық тазалау (пилинг, лазер және фототерапия) терінің беткі қабатын бұзады, бұл да оның дегидратациясына және қорғаныш функцияларының жоғалуына әкеледі.Бет терісінің қабыршықтануы немесе терінің тартылу сезімі пайда болу, бұл – эпидермистің ішіндегі липидті үдерістің бұзылғанын білдіреді, сондықтан оны қалпына келтіру қажет. Техногендік процестің дәуірінде косметология бір орында тұрмайды, сондықтан теріні ылғалмен қанықтыруға көмектесетін көптеген кремдер мен маскалар бар.

CHRISTINA Sea Herbal Beauty Mask Carrot кортинолды (сәбізді) бетке арналған маска

Нәрлендіреді, терідегі қолайсыз сезімді жояды, теріні жасартады (сәбіз тұқымының майлы сығындысы, E дәрумені), терідегі су теңгерімін (сквален, гидролизделген эластин) қалыпқа келтіреді, теріні қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайды (мырыш оксиді, титан диоксиді) . Қолданылуы: тазартылған теріге жұмсақ уқалай отырып жағылады. 15-20 минуттан кейін сумен шайып тастау қажет.

CHRISTINA Sea Herbal Beauty Mask Vanilla құрғақ бетке арналған ванилді маска

Әсері: Кристина фирмасының ванилді маскасы – құрғақ теріні қажетті қоректік заттармен қанықтыратын тамаша дымдайтын және нәрлендіретін өнім. Өнім табиғи сығындылардың толық жиынтығын қамтиды және қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен қорғайды. Кристина маскасы жағымды хош иіске ие. Қолданылу тәсілі: Масканы бетке жұқа қабатта жағады және 10-15 минуттан кейін жылы сумен шаю қажет. Рәсімнен кейін қоректендіргіш немесе ылғалдандырғыш кремдерді қолдануға кеңес береміз. Құрамы: сквален, бидай және итмұрын майы, линол, линолен майы, аскорбин қышқылы, түймедақ, қырыққабат, шырмауық, ваниль, тримус, Өлі теңіздің тұзы. Шығарылған елі: ИзраильНәтижесі: Кристина маскасын қолданғаннан кейін тері тегіс және нәзік болады, қоректік заттармен қаныққан және қоршаған ортаның теріс әсеріне қарсы тұрушылығы жоғарылайды.

CHRISTINA Porcelan Masque Moisture бет терісінің барлық түріне арналған ылғылдандырғыш, фарфорлы маска

Әсері: жұмсақ сергіткіш маска құрамында майлы компоненттердің пайызы төмен, ал ылғалдандырғыштардың (теңіз коллагені, гиалурон қышқылы, амин қышқылдары кешені, несепнәр) пайызы жоғары. Ол терінің сау физиологиялық жай-күйін қолдайды. Жебіршөп сығындысы дермадағы қан айналымын арттырады және теріні сергітеді, антисептикалық әсерге ие.Маска жасуша регенерациясын тудырады және коллагеннің синтезін ынталандырады, ағартатын әсерге ие. Балғындық пен барқыт сезімін туғызады, қолдануға және жууға оңай.Құрамы: тазартылған су, изопропилпальмитат, пропиленгликоль, цетил спирті, глицерин стеараты, глицерин, несепнәр, гидролизат сахароза (глюкоза және фруктоза), магний аспартат, глицин, аланин, креатинин, каолин, титан диоксиді, cosbiol, ланолин, БГБ-40 стеараты , минералды май, сорбитанстеарат, имидозолиден, метилпарабен, пропилпарабен, қоспалар, динатрий ЭДТА, gidroksitoluen бутоксида, 2-бром-2-nitropropane-1,3-диол, гиалурон қышқылы, теңіз коллагені, тимьян сығындысы. Пайдаланылуы: аптасына 1-2 рет жағу қажет: маска тазартылған бетке қолданылады, 10-15 минуттан кейін жылы сумен жуылады.

Қажет емес түктерден тазарту

ШУГАРИНГ — ҚАНТТЫ ДЕПИЛЯЦИЯ

Қантты эпиляция (шугаринг) – түктерді қантты пастаның көмегімен тазалау. Қантты эпиляция бүгінгі күні ең көп сұранысқа ие биоэпиляция.
Шугарингтің артықшылықтары:

Қантты эпиляцияның балауызды эпилияциядан бірқатар ерекшелігі бар:

  • ауыртпайды,
  • теріде дақ қалдырмайды,
  • аллергия туғызбайды,
  • түктерді өсірмейді (жеке дерматологиялық ерекшеліктерді қоспағанда),
  • қаннты эпиляциядан кейін пилингтен кейінгідей тері тегістеледі, тазарады, ,
  • балауызды эпиляцияға қарағанда түктер қайтадан кешірек шығады,
  • қантты паста тері бетінен оңай алынады және егер байқаусызда киімге жұғып кетсе киімді бүлдірмейді.

ҰсынымдарТүктің ұзындығы 5 мм-ден кем болмауы тиіс.

Бірінші тәулікте күн көзіне шығуға, солярийге, бассейнге және саунаға баруға болмайды.

Қарсы көрсеткіштер:

  • жеке көтере алмаушылық,
  • қант диабеті,
  • терінің іріңді және қабыну аурулары
Booking Online payment operator