with the terms of the booking rules agree

Қазақстанның үздік медицина қызметкерлері кәсіби мереке қарсаңында марапатталды

Медицина қызметкерлері күні кәсіби мерекесіне орай, бірқатар қызметкерлер Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау және нығайту ісіндегі көпжылдық және кәсіби еңбегі үшін жоғары марапатқа ие болды.

«Оқжетпес» ЕСК» акционерлік қоғамында 14 жыл мейірбике болып қызмет еткен  Завацкая Валентина Константиновна Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің “Еңбек ардагері” медалімен  марапатталды.

«Денсаулық сақтау ісінің үздігі»  төс белгісімен:

  • Емдеу-сауықтыру кешенінің бас мейірбикесі – Задорожная Галина Владимировна;
  • Емдеу-оңалту бөлімшесінің мейірбикесі – Усатова Галина Алексеевна марапатталды.

Емдеу-оңалту  бөлімшесінің мейірбикесі Дощанова Екатерина Ойратовна – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Емдеу-оңалту бөлімшесінің мейірбикесі Сулейменова Кулия Егинбаевна – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

Біздің қызметкерлерімізді осы жоғары наградалармен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл біздің санаторий мамандарының жоғары біліктілігінің тағы бір дәлелі болды. Демалу үшін бізді тандағанда, сіздер әрқашан қызмет көрсетудің ең жоғары сервисіне сенімді бола аласыз. Өз денсаулығыңызды – жоғары  білікті мамандарға сеніммен тапсыра аласыз!

Сізге деген махаббатпен, сіздің Оқжетпес!

Booking Online payment