«Оқжетпес» ЕСК» АҚ барлық қазақстандықтарды мемлекеттік мереке – ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтайды!
Республика жетістіктері Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты. Мемлекет басшысының елдің саяси егемендігін нығайту, әлемдік қоғамда әлеуметтік әділдік пен саяси егемендікті қамтамасыз ету, халықаралық саяси әріптестермен неғұрлым терең және берік байланыстар құру жөніндегі қызметі – осының барлығы біздің Президентіміздің шынайы көшбасшылығының нақты мысалы болып табылады.
Жас елдің болашағы үшін жауапкершілікті өз мойнына ала отырып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев оның тұрақты дамуының маңызды басымдықтарын – тұрақтылық пен бірлікті айқындады.
Қазақстан – түрлі ұлттардың жылы, достық қарым-қатынасы, қоғамдық өмірде келісім, экономика, ғылым және мәдениет тұрақты дамып келе жатқан мемлекет. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні-Ұлт Көшбасшысының халықпен бірлігінің нышаны.
Бұл күні Сіздерге мықты денсаулық, отбасылық амандық, кәсіби қызметте табыс, бейбітшілік пен жақсылық тілейміз!