15 қараша – ұлттық валюта – теңге күні және еліміздің қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.
1993 жылы дәл осы күні республикамызда ұлттық валюта енгізілген еді.
«Оқжетпес» ЕСК» АҚ Сіздерді Ұлттық валюта – теңге күнімен, ал қаржы жүйесінің барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтайды. Сіздерге шын жүректен, қымбатты достар, мықты денсаулық, бақыт, табыс пен жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!
Ұлттық валюта – теңгенің енуі Тәуелсіздіктің маңызды символы мен құралына айналды, экономикалық егемендікті, өз ақша-кредиттік саясатымызды жүргізуді қамтамасыз етті және реформаны тереңдетті.
15 қарашада «Оқжетпес» ЕСК» АҚ-да ҚР Ұлттық банкінің бірінші төрағасы Байназаров Ғалымжан Байназарұлы жұбайымен бірге демалды.
Ғалымжан Байназарұлы ұлттық валюта – теңгенің пайда болуының негізін қалады.
«Оқжетпес» ЕСК» АҚ қызметкерлері Сізге денсаулық, бақыт, күш-қуат, мол табыс, жанұяңызға амандық тілейді!