Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

ЕҢ ЖАҚСЫ ДЕМАЛЫС – ОТБАСЫМЕН САУЫҚТЫРУ ДЕМАЛЫСЫ!

Кейбір отбасылар үшін біздің шипажайға келіп, салауатты өмір салты мен сауықтыру демалысын отбасымен өткізу дәстүрге айналған. Бұл біз үшін үлкен құрмет! Ол үшін біз 55 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеміз және тағы да осынша жыл қызмет етуге дайынбыз!

 

Сізді де сауықтыру демалысында күтеміз!

+7 (716 36) 7-81-01

+7 (702) 059 20 20

ШИПАЖАЙ БАССЕЙНІ ӨЗ ҚОНАҚТАРЫН КҮТЕДІ!

20:30-ға дейін жұмыс істейді. Түскі үзіліс 14:00-15: 00-ге дейін.

 

Судың температурасы 27 градус;

 

Ұзындығы – 25 м;

Ені -12 м;

Тереңдігі – 1,7 м.

 

3 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға бассейнге ата-анасының қадағалауымен ғана кіруге рұқсат етіледі. 3 жасқа дейінгі балаларға шомылуға болмайды.

 

Сіздерді сауықтыру демалысында күтеміз!

 

Брондау үшін:

+7 702 059 2020

«ОҚЖЕТПЕС» ШИПАЖАЙЫ НЕСІМЕН ЕРЕКШЕ?

Ең бірінші – Қазақстанның інжу-маржаны Бурабайдың жүрегінде, Щучье-Бурабай курорттық аймағының ең әдемі көлінің жағасында орналасуы.

Радонды терапия. Меншікті бұлақтың радонды суын пайдалану арқылы жаңа медициналық қызмет көрсетуімен;

 

173 демалушыға арналған нөмірлік қоры бар. Жыл бойы жұмыс істейді, бұл дегеніміз, сіздің бізбен бірге сауықтыру демалысын өткізуіңіз үшін 365 күніңіз бар!

 

Физиотерапевтік кабинеттер, балшықпен емдеу, урологиялық, стоматологиялық, массаж және емшара кабинеттері бар;

 

Әр терапияның тиімділігі мен қауіпсіздігін бақылауға мүмкіндік беретін қуатты аспаптық негізге ие;

Мониторингтің ең маңызды әдістері – ультрадыбыстық, функционалды, электрокардиографиялық, зертханалық диагностиканы ұсынады;

Онымен қоса, «Оқжетпес» шипажайы Еуропалық стандарттарға сәйкес, жоғары сапалы қызмет көрсетуге ұмтылысы үшін «Еуропалық сапаға лайықты» халықаралық марапатына ие болған.

Сіздерді «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінде күтеміз!

ШИПАЖАЙҒА ӨЗІҢМЕН БІРГЕ НЕ АЛЫП КЕЛУ КЕРЕК?

Көптеген адамдар сауықтыру демалысына келер алдын өзімен бірге не алуға болатыны жайлы жиі ойланады. Біз сіздерге ең қажетті заттардың тізімін жасадық. Сақтап алуды ұмытпаңыздар!

Құжаттар (жеке куәлік, санаторлы-курорттық карта, ересектер мен 5 жастан асқан балаларға коронавирустық инфекция жоғын растайтын ПТР-тест анықтамасы (үш күн жарамды).

5 жасқа дейінгі балалар учаскелік педиатрдан эпидемиологиялық орта туралы анықтама және туу туралы куәлік);

Ыңғайлы киім және аяқ киім (Спорттық костюм, джинсы, кроссовки және бассейнге арналған аяқ киім);

Мейрамханаға немесе караоке-клубқа баруға арналған сәнді киім (қалауы бойынша)

Гигиеналық керек-жарақтар (тіс пастасы мен тіс щеткасы, сусабын мен кондиционер, сабын, тарақ, ұстара сынды керек-жарақтар);

Ұялы телефон, зарядтау құрылғылары, фотоаппарат (қалауыңыз бойынша)

Сіздерді сауықтыру демалысында күтеміз!

Толық ақпаратты сіз мына телефон арқылы ала аласыз:

+7 702 059 2020

ШИПАЖАЙДАҒЫ УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ЗЕРТТЕУ

Бүгінгі күні диагностикалық аспаптық процедуралардың ең қолжетімді түрі, диагноз қою диагнозды растаудың ең сенімді әрі қажетті әдісі ультрадыбыстық зерттеу – УДЗ болып табылады.

УДЗ барысында зерттелетін мүшелердегі құрылымдық өзгерістерді бағалауға және бақылауға болады. Ол дәрігерлерге дер кезінде ем тағайындап, науқастың өмірін сақтап қалуға үлкен мүмкіндік береді.

“Оқжетпес” емдеу-сауықтыру кешенінде емделушілерге арналған УДЗ-дің келесі түрлері бар:

Өт қабының, ұйқы безі және көкбауыр УДЗ

Кіші жамбас мүшелерін УДЗ

Қуық алды безін және қуықты қалдық зәрді анықтауға арналған УДЗ

Қалқанша безін УДЗ

Сүт бездерінің УДЗ

Бүйректі УДЗ

Процедураны “Оқжетпес” ЕСК-нің дәрігер-терапевты тағайындайды.

Демалысыңызды сауықтырумен бірге үйлестіріңіз!

Толығырақ ақпаратты сіз +7 (71636) 78-101, +7 702 059 20 20 телефоны арқылы ала аласыз.

ТӘНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ

Біздің шипажайда толық жабдықталған фитнес залы бар. Сіздің қолайлығыңыз үшін фитнес зал жылдың төрт мезгілінде де жұмыс істейді.

Спортзалда:

  • Жүгіру жолдары;
  • Power Plate тренажерлары;
  • Жаттығу велосипеді;
  • Жоғарғы блокты тартуға арналған тренажер;
  • Квадрицепс машинасы;
  • Спорттық құрал-саймандар бар (фитболлар, құрсау, степ платформалар, гантельдер, штангалар және т.б.).

Брондау бөлімімен байланысу үшін +7702-059-2020 номеріне хабарласа аласыз.

ДЕНСАУЛЫҚТЫ ҚЫСТА НЫҒАЙТАМЫЗ

Таза ауа, тамаша көрініс, құнарлы әрі дәмді тағам, қысқы ойын-сауық түрлері, бассейн, SPA, емшаралар…
Бұдан жақсы не болуы мүмкін?
Ал қысқы қар басқан орманда серуендеу – ерекше табиғаттан ләззат алып қана қоймай, Бурабайдың емдік аязды ауасымен дем алып, иммунитеіңізді күшейтуге мүмкіндік береді.
Кез келген ауа-райында көңіл-күйіңіз көтеріңкі және әл-ауқатыңыз мықты болуы үшін денсаулығыңызға қыста екі есе қамқорлық жасаңыз!
«Оқжетпес» шипажайында жолдама құнына кіретін қызметтер:
•Шипажайлық-курорттық емдеу
•4 мезгіл тамақтану + қымыз
•Бассейн, хамам, сауна
•Фитнес залы
•Балалар бөлмесі
•Бильярд
•Кинозал
Толық ақпаратты сіз мына телефондар  арқылы ала аласыз:  +7 (71636) 78-101, +7 702 059 20 20.

ДӘРІГЕР КЕҢЕСІ

Суық тию маусымы басталды. Біздің кешеннің емдеу-оңалту жұмысы жөніндегі басшысы Лаура Құсайынова сіздермен суық мезгілде иммунитетті нығайту және ауырмау туралы кеңестермен бөліскісі келеді.

Бұл мәселені кез келген талғамға сай шешудің 2 нұсқасы бар. Барлық әдістер тиімді.

Дәстүрлі емес әдістерге витаминдерді міндетті түрде қолдану жатады:

⦁ С дәрумені флавоноидамиядан кем дегенде 1000 мг;

⦁ Д3 дәрумені кемінде 10 мың бірлік;

⦁ Аскорбин қышқылы, тек дозасы сәйкес болуы керек, сонымен қатар біз оны құрамында итмұрын, қарақаты бар шайлар арқылы аламыз, оларда С витаминінің ең көп концентрациясы бар.

Екінші әдіс те тиімді. Еліміздің саясатының арқасында ҚР әрбір тұрғыны үшін мәртебесіне қарамастан тегін маусымдық тұмауға қарсы вакцинация егу қызметі бар. Бүгінгі күні вакцинация қарқынды жүріп жатыр, осы вакцинаны алу үшін тіркелген жері бойынша емханаға жүгінуге болады.

Баршаңызға зор денсаулық тілеймін! Деніңіздің сау болуы – қымбат нәрсе емес, еңбек және салауатты өмір салтына дұрыс көңіл бөлу!

МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ КҮНДЕРІ

2023 жылғы 6-10 қарашада Маңғыстау облысында «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» өтті.

 Сапардың негізгі мақсаты – денсаулық сақтау саласындағы жаңа медициналық технологияларды өңірлік медициналық мекемелерге енгізу, ауруларды алдын алуда, диагностикалауда және емдеуде қолданылатын заманауи әдістермен бөлісу, сондай-ақ ғылыми-клиникалық ынтымақтастықты арттыру.

Сапар барысында, Маңғыстау облысының Кәсіподақ орталығының базасында «Оқжетпес» ЕСК» АҚ біріккен санаторийлер қызметі өкілдері санаторийлер желісінде емдеуді ұйымдастырудың қызметтері мен шарттары туралы таныстыру презентациясын өткізді. Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

СУЫҚ МЕЗГІЛДЕ ҚАНДАЙ ЕМШАРАЛАР ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ?

Күзде және қыста, терезенің сыртындағы ауа-райы бізді қуантпаған кезде, ауа температурасы төмендеп, сыртта суық болғанда біздің “Оқжетпес” кешенінде сіздің қызметіңізге төрт фин саунасы, инфрақызыл сауна, түрік хамамына бара алсыздар. Оларға кез келген жастағы адам бара алады, себебі ол басқасына қарағанда салқындау және ең ылғалды моншалардың бірі.

⦁ Ал егер сіз жүзуді ұнатсаңыз, кешенде бассейн бар. Оның ұзындығы 25 м, ені 12 м, тереңдігі 1,7 м. Біздің бассейнге бару күні бойы сізге сергектік береді

⦁ Сондай-ақ, фитнес залы мен буын тренажерлары бар спорт залы бар, онымен қоса, демалыста да дене шынықтыруға көмектесетін кәсіпқой жаттықтырушылар бар

⦁ Саунаға немесе хамамға барғаннан кейін, спортпен шұғылдану біздің демалушылар фитобарда емдік шай іше алады.

Біздің кешенде сіз суық мезгілде демалушыларға арналған қызметтер мен процедуралардың барлық тізімін таба аласыз. Сіздерді “Оқжетпес” ЕСК – де күтеміз!

Брондау Онлайн төлем Оператор