Біздің емдік-сауықтыру кешенімізде қонақтарға арналған қолжетімді магнитті лазерлік терапия технологиялары бар. Олар мына жағдайда өте тиімді болады:
Сіздерді сауықтыру демалысында күтеміз!
2012 жылдан бері қыркүйектің үшінші жексенбісі елімізде Аналар күнін тойлайды. «Оқжетпес» ЕСК барша аналарды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтайды! Әр перзентіне шексіз сүйіспеншілік, қамқорлық және нәзіктік сыйлайтын ардақты аналарымызға шексіз алғыс!
Сіздерге зор денсаулық пен амандық, сарқылмас күш-қуат, тыныштық пен келісім тілейміз! Ауру-сырқау, қайғы-мұң сіздерді тек айналып өтсін! Барша армандарыңыз орындала берсін!
2019 жылдың мамыр айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ассамблеясының 72-ші жыл сайынғы сессиясында 17 қыркүйек «Дүниежүзілік пациенттер қауіпсіздігі күні» деп бекітілді. Осы күннен бастап жыл сайын бүкіл әлемде пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету күні атап өтіледі.
COVID-19 пандемиясы қазіргі уақытта әлем мен адамзат алдында тұрған ең үлкен проблемалар мен қауіптердің бірі. Осының салдарынан денсаулық сақтау ұйымдары пациенттердің қауіпсіздігі саласындағы ең үлкен дағдарысты бастан кешіруде.
Біздің ЕСК-де короновирустан емделген кез келген адам COVID-19-дан кейінгі оңалтудан өте алады. Біз үшін әрбір демалушының денсаулығы маңызды! Өзіңізге және жақындарыңызға абай болыңыз! Сіздерді сауықтыру демалысында күтеміз!
Әр перзент үшін ең маңыздысы – ата-ана денсаулығы. Бізді таңдап, бізге сенгеніңіз үшін рақмет!
Қонақтарымыздың пікірі:
«Анам ауруханадан шыққаннан кейін, қал-жағдайы туралы сұрақтарыңызға жиі жауап беретінмін. Жасы да жетпіске жақындап қалды. Қант диабетін қоса алғанда көптеген аурулары бар және де коронавирустың ағымы өте қиын болды.
Ауруханадан шыққаннан кейін екі айдан соң анам әлсіздік пен тыныс алудан зардап шекті. Ол үйден шықпады, тек кейде үлкен ағасына қонаққа баратын. Сонда үйде оңалту жеткіліксіз екені түсінікті болды.
Созылмалы аурудан қалпына келтіруге қандай шипажай көмектесе алатындығын зерттей бастадым және таңдау @okzhetpes.borovoe емдеу-сауықтыру кешеніне түсті. Дәл сол жерде, менің ойымша, қажетті мамандар мен заманауи жабдықтардан бастап, емдік ауаға дейін қарастырылған. Осы жерде анам тез арада қалыпты өмірге оралуы үшін қажет нәрсенің бәрі бар екенін түсіндім.
Әкемді серік үшін қоса жібердік, оған да көптеген процедуралар кедергі болмайды. Өзі сондай жерлерге барғанды ұнатады. Таңертең өзі серуендеп, үйректерді бақылап, маған видео жібереді. Ата-аналарымызды аялайық. Өзім толығырақ білгеннен кейін қалпына келтіру туралы мәліметтерді кейінірек жазамын, өйткені қалпына келтіру курсы енді басталды!»⠀
Әлішер Елікбаев.
Белгілі қазақстандық PR-маман және кәсіпкер.
Күз езгілінде күн салқындап бастаған соң бәріміз жылулық пен жайлылықты аңсаймыз!
Салқын ауа-райында ыстық саунада жылынудан жақсы не болуы мүмкін? Онымен қоса, сергітетін бассейнде жүзу мен түрлі процедуралмен толықтырсаңыз ше? Фитобардағы шөптен жасалған емдік шаймен жылыну тіпті бөлек әңгіме.
Сіздің жайлы демалысыңыз үшін біздің шипажайда:
Сіздерді сауықтыру демалысында күтеміз!
2013 жылы ҚР Президенті жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні» деп бекітілді. Биыл бұл мереке 13 қыркүйекке келіп тұр. «Оқжетпес» ЕСК ұжымы баршаңызды құнды мерекелердің бірі – отбасы күнімен шын жүректен құттықтайды!
Отбасы – мейірім мен махаббаттың бастауы, жанашырлық пен бауырмалдықтың қайнар көзі, тәлім-тәрбиенің ортасы, сыйластық пен жан тыныштығының ордасы. Отбасы – шағын мемлекет. Сол мемлекеттің әр тұрғыны аман, дені сау, жүзі жарқын болсын!
Күні бойы отыру, аз қимылдау, жарақаттар біздің денемізге теріс әсер етеді. Әдемі қалыпта болу эстетикалық тұрғыдан ғана емес, денсаулықты жақсы жағдайда ұстау үшін де маңызды.
«Сау омыртқа» – біздің «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешеніндегі сауықтыру бағдарламаларының бірі.
Егер сізде:
Сауықтыру бағдарламасынан қандай нәтиже күтуге болады?
Омыртқаның қисықтығы, бүкірею сынды диагнозы бар адамдар ауырсынуды жеңілдету үшін, сондай-ақ қозғалысты арттыру үшін омыртқаға әсер ететін бұлшықеттерді ұзарту және нығайтуы керек.
Сіздерді сауықтыру демалысында күтеміз! Толық ақпаратты +7 (71636) 78-101, +7 702 059 20 20 телефоны арқылы алуға болады
«Оқжетпес» шипажайында 1 тамыздан бастап, Covid-19 індетінен кейінгі арнайы оңалту бағдарламасы іске асып келеді. Бағдарлама 14 күнге лайықталған және оған:
Онымен қоса, терапевт, отоларинголог, диетолог, ультрадыбыстық диагностика мен зертханашы дәрігерінің қабылдауы жүргізіледі. Қажет болған жағдайда басқа мамандардан кеңес алу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ тамақтану тәртібі мен құрамына ерекше назар аударылады. Әр қонақтың ағзасы мен қалауына қарай жеке мәзір, жеке емдеу курсы қарастырылған.
Физиотерапия жаттығулары, оның ішінде тыныс алу жаттығулары – бұл оңалту бағдарламасының негізгі бөлігі әрі денсаулығыңыздың толық қалпына келуіне ықпал ететін тағы бір фактор.
Төмендегі сілтеме бойынша өтіп, Covid-19 бойынша оңалтудан өткен қонақтарымыздың пікірін көре аласыздар.
https://www.instagram.com/p/CETqqohHdSP/
https://www.instagram.com/p/CEvXawBneOO/
Біз үшін әрбір пікір маңызды! Емдеу-сауықтыру демалысына сізді де күтеміз!
Бағдарлама бойынша толық ақпаратты +7(716 36) 78-101 нөмірі бойынша алуға болады.
ҚР президентінің 2020 жылғы 20 тамыздағы жарлығы бойынша «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен «Оқжетпес» ЕСК бас есепшісі Тюлюпова Исинбике Жақиқызы марапатталды.
Исинбике Жақиқызы «Оқжетпес» ЕСК» акционерлік қоғамында 2011 жылдан бері қызмет етеді. Кешеннің бас есепшісі Исинбике Жақиқызын жоғары марапатпен шын жүректен ұжым атынан құттықтаймыз! Бұл біздің шипажай мамандарының жоғары біліктілігінің тағы бір дәлелі. Еңбектеріңіз бағалана берсін!
«Оқжетпес» ЕСК баршаңызды білім күнімен шын жүректен құттықтайды! Жаңа оқу жылы жаңа белестер, пайдалы білім мен жақсы дағдыларды, берік достық пен сенімді достарды әкелсін!
Жаңа шыңдарды бағындыру жолында сіздерге мықты денсаулық тілейміз!