with the terms of the booking rules agree

HAPPY NEW YEAR!

The team of JSC “Ok-Zhetpes” health and wellness complex wishes all the people of Kazakhstan a Happy New Year!

New Year is always associated with magic and we believe that all our wishes will come true in the new year. This holiday gives people hope and faith, brings joy and happiness, kindness and love.

May the New Year bring positive and friendly people into your life! We wish you good health and longevity, and pleasant emotions! Share happiness and give smiles to people around you, and just enjoy every single day. May your home be filled with joy regardless of the day of the week! And may this upcoming year become special and magical for you!

01.01.2020

Антигравитациялық кереует

«Оқжетпес»ЕСК» АҚ бұрын адамдардың көпшілігі  бастан кешпеген  жаңа сезімдерді ұсынады, Zerobody деп аталатын антигравитациялық кереует, ол  эндорфинді шығары  және адамды бақытты ету үшін жасалған. Мұндай керуетте жатып, сіз өзіңізді жеңіл сезініп және стрестен құтыла аласыз.

Zerobody –  бұл сізді жүзу сезіміне батырып, бірақ құрғақ күйде болатын, жылы су матрасы бар керует.  Сезім шынымен жеңілдікке өте жақын.  Zerobody-да жату психологиялық денсаулық үшін пайдалы. Сонымен қатар, құлаққаптағы арнайы тыныштандыратын аудиожазбаларды тыңдай отырып, ең үлкен рақаттандырғыш әсерге қол жеткізіледі.

Дене антигравитациялық кереуетте болғанда, ол гравитациялық құрылымды ұстамай, өз температурасын реттейді. Бұл ағзаға оңай эндорфинді босатуға және ешқандай дәрісіз эйфория сезімін сезінуге мүмкіндік береді.

 

Толық ақпаратты келесі телефон   арқылы ала аласыз:+7 (71636) 78 – 101+7 (702) 059 20 20.

25.12.2019

Шаңғы серуендер және қарлы төбешік денсаулықты нығайтудың тамаша тәсілі!

«Оқжетпес»ЕСК  барлық қонақтарына шаңғы серуені және қар төбешігін  дайындады!

Жеңіл аяз, Бурабайдың қысқы әдемі табиғаты, тамаша спорт үшін тамаша уақыт-шаңғымен жүру және төбешіктен сырғанау.

Шаңғы серуені-  бұл қысқы айлардан ләззат алудың қызықты тәсілі, таза ауа ағзаны оттегімен қанықтыра отырып, өкпеге белсенді жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шаңғымен жүру, нысанды қолдауға көмек береді, жүрек қантамыр жүйесін нығайтады, сүйек буынын жұмыс күйінде, жандандырады, қан ағымын белсендіреді, бұлшықеттердің барлық топтары қосылады, осылайша жалпы ағзаға оң әсер етеді.

Итерме тәрізді және жылжымалы қозғалыстар арқылы тірек-қимыл жүйесіне ерекше рөл бөлінеді. Кішкентай балаларға бұл сүйек қаңқасын дамытуға және үйлестіруге көмектеседі, жас және орта жастағы бұл артроздың және буындардың басқа да ауруларының алдын алу болып табылады. Егде жаста бұл скелетті қозғалмалы жағдайда ұстауға, сүйектердің жас ауруларымен және олардың нәзік ауруларымен күресуге көмектеседі. Иммундық жүйеге әсер етеді, оны айтарлықтай нығайтады.

Қар төбешігі-ежелгі заманнан бізге келген дәстүрлі ермек. Төбешіктен сырғанау тек қызықты ғана емес және пайдалы. Әсіресе балалар үшін.  Бұл жаттығу батылдықты, ептілікті, орнықтылықты талап етеді. Отбасымен бірге төбешіктен сырғанау –  балалар мен ересектерде қанша жағымды эмоциялар туғызады.

Толық ақпаратты келесі телефон   арқылы ала аласыз:+7 (71636)78 – 101+7 702 059 20 20.

22.12.2019

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ –ғы Жаңа жылдық «RED PARTY»

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ — арманды жүзеге асыру үшін ең жақсы орын! Жаңа жыл түнінде  сиқырлы және талғампаз  атмосферада  болуды  ұсынамыз.

Сіздерді Қазақстан эстрадасының танымал жұлдыздарымен әсерлі шоу-бағдарламалар, көңілді ойындар мен байқаулар, балалар аниматорлары, тосынсыйлар мен мерекелік дастархан күтуде.

Жаңа жыл барлық мереке қонақтарын өзінің қайталанбастығымен, кемелділігімен, әдемілігімен және тек жарық және жарқын эмоцияларымен қуантады. Қызыл түспен бәрі одан да керемет болады! Дресс- коды құпталады!

Бізде Жаңа жылда соңғы нөмірлер қалғанын хабарлағымыз келеді! Өзіңізге нөмір брондауға әлі де үлгересіз, жаңа жылдық түнді ерекше өткізгісі келетіндер үшін біз   мерекелік пакеттер дайындадық!

Нөмірді қалай брондауға болатыны туралы толық ақпаратты келесі телефон   арқылы ала аласыз: +7 (71636)78 – 101, +7 702 059 20 20.

21.12.2019

«Оқжетпестегі» демалыс» атты фотоконкурсы

Жылдың соңы – жарқын сәттерді еске алу уақыты! Біз сіздерге   бізбен бірге болып, Оқжетпес санаторийінен Жаңа жылға жағымды сыйлықтар алуды ұсындық!

Міне бүгін фотоконкурстың қорытындысын шығару күні!

Біз жеңімпаздар есімдерін атауға   дайынбыз!

1-орын – Сагадат Расул

2-орын – Аблайсова Гуля

3-орын – Толегенова Жанар

Бірінші жеңімпаз сүйікті гаджеттерді зарядтау үшін қуатты брендтелген Power Bank алады!

Екінші жеңімпаз біздің логотипі бар стильді фитнес-кружка алады.

Ал үшінші жеңімпаз біздің санаторийден естелікке брендтелген флешкаға ие болады!

Құрметті жеңімпаздар, жеңістеріңіз құтты болсын және сіздерді келе жатқан мерекелермен шын жүректен құттықтаймыз!

Бізге демалысқа келіп, достарыңыз және жақындарыңызбен фотосуреттермен бөлісіңіз.

Нөмірді қалай брондауға болатыны туралы толық ақпаратты келесі телефон   арқылы ала аласыз: +7 (71636)78 – 101, +7 702 059 20 20.

20.12.2019

Қазақстан президенті Қайрат Беркінбаевты «Барыс» орденімен марапаттады

Тәіелсіздік күнінен орай ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені» акционерлік қоғамының президенті Қайрат Шерәліұлы Беркінбаев  еліміздің  президенті жарлығымен  ІІІ дәрежелі «Барыс»  ордені  мемлекеттік марапатымен марапатталған.

Бұл орденмен Қазақстан Республикасының мемлекеттілігі мен егемендігін күшейтуге, бейбітшілікті қамтамасыз етуге, қоғам мен Қазақстан халқының бірлігін біріктіруге, мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметке және халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, ұлттық мәдениеттерді жақындастыруға және өзара байытуға, мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтуға ерекше сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік және қоғам қайраткерлері марапатталады.

Құрметті Қайрат Шерәліұлы,  шын жүрекетен Сізді құттықтаймыз!

Жылдың  керемет ақталуы!

18.12.2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН!

«Оқжетпес»А ЕСК» АҚ Сіздерді ұлттық мерекесі- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтайды!

Бұл мереке біздің Отанымыз үшін мақтаныш, бауырластық пен еркіндікті білдіреді. Ортақ үйімізде бейбітшілік  пен тыныштықты, бәріміз бірге болып   жаңа  мақсаттарға ,  игілік пен  өркендеуге,    дәстүрлі құндылықтарды  қорғауға,     жаңа белестерге жоғарлауын тілейміз! Мерекені күні  Сіздерге денсаулық, сәттілік, туыстармен мен жақындарыңыздың қолдауын  тілейміз!

16.12.2019

Оқжетпес санаторийі “НК Казахтуризм” АҚ нұсқасы бойынша ең үздік

“National Tourism Awards 2019” туризм саласындағы ұлттық сыйлық аясында “Үздік санаторий” номинациясы бойынша I орын Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының “Оқжетпес” емдеу-сауықтыру кешеніне берілді! Сыйлық құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және “Kazakh Tourism “Ұлттық компаниясы”АҚ болып табылады. Біз үшін дауыс бергендердің барлығына рахмет, біз сізді жақсы көреміз және қолдау үшін алғыс айтамыз!

Бізді өз  ісіміздегі ең үздік деп санағандарыңыз үшін өте қуаныштымыз және  үміттеріңізді әрдайым ақтаймыз!

07.12.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиналыс!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өту аясында  «Оқжетпес» ЕСК» АҚ-ның  ұжымының  салатанатты жиналысы өтті.

Іс-шараны аша отырып, санаторий  президенті барлық қатысушыларды Қазақстан  Республикасының Тұңғыш  Президенті күнімен құттықтап, бұл атаулы күннің  әрбір қазақстандық  үшін ерекше маңызы бар екенін атап өтті.

” Тәуелсіз Қазақстанның   қалыптасуы  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің есімімен байланысты. Өз көшбасшысын-Нұрсұлтан Назарбаевты сайлай отырып, Қазақстан халқы басым тұрақтылықты, даму мен кәсібилікті анықтады”.

Салтанатты жиын аясында Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың  жас, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы рөліне  арналған деректі фильмнің тұсаукесері өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының пленарлық отырысында “Қазақстан Республикасындағы  мерекелер туралы “ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы”заң қабылданды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Республика алдындағы ерен еңбегін атап өтуге және мойындауға арналған.

03.12.2019

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні !

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті  күнімен  шын жүректен құттықтайды. Бұл салтанатты күні әрбір қазақстандыққа мықты денсаулық, бейбітшілік пен жақсылық тілейміз.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні-Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы айтулы күн, бұл жалпыұлттық бірлік күні. Жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық қазақстандықтар мойындаған және халықаралық қоғамдастықтың құрметін алған  жаһандық бастамалардың авторы.

Сіздерге және   отбасыларыңызға зор денсаулық, бақыт, шығармашылық шабыт, Отанымыздың игілігі үшін жемісті еңбек тілейміз!

Біздің мемлекетке бейбітшілік пен одан әрі өркендеу, бақыт және әрбір қазақстандыққа амандық тілейміз!

Отанымыз – Қазақстан Республикасы әрдайым гүлдей берсін.

01.12.2019
Booking Online payment operator