Бүгін шипжай концерт залында Медицина қызметкерлерін марапаттау рәсімі мен кәсіби мерекеге арналған мерекелік кеш өтті. «Оқжетпес» шипажайының Президенті Беркінбаев Қайрат Шерәліұлы ҚР ПІБ МО атынан берілген алғыс хаттар мен арнайы медалді жеке табыстады.
Емдеу-сауықтыру кешенінің барлық ұжымы атынан барлық Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге игі және қажетті еңбекте үлкен табыстар тілейміз!
Емшалардан бос уақытта қайықпен, катамаранмен серуендеп немесе жағажайда күн сәулесімен рахаттана аласыз.
Әсіресе бүгін, ауа температурасы +30-дан асып тұрған кезде 🌞
Таңертең WhatsApp мессенджеріне қонақтарымыздан әуесқойлық бейнежазба келді. Кадрда жас бұландар біздің шипажайдың жағажайына шыққан. (Бейнежазбаны мына сілтеме арқылы көре аласыздар: https://fb.watch/v/ 89phey_3r/ ) Бурабайда бұлан жануары өте сирек кездеседі. Бұл дегеніміз, олар өздерін біздің шипажай маңында қауіпсіз сезінген.
Бұлан – бұғылар тұқымдасына жататын ең ірі өкілдері. Мамандардың айтуынша, видеода аналық бұландар мен төлдері. Бірі екі жылдық, екеуі өткен жылы туған жас бұландар.
Осындай ерекше кадрлармен сіздермен бөліскіміз келді 🙂
1992 жылы егемен республиканың ресми атрибуты – Ту, Елтаңба және Әнұран боп бекітілді. Олар тәуелсіз елде тұратын халықтардың бірлігі, бостандығы, келісімі, дәстүрлері мен құндылықтарын бейнелейді.
Биыл еліміз мемлекеттік рәміздердің 29 жылдығын атап өтуде.
«Оқжетпес» ЕСК» АҚ ұжымы барлық азаматтарды мемлекеттік мерекемен құттықтап, барша тұрғындарға денсаулық пен ашық аспан тілейді!
Кеше опера әншісі Нұржамал Үсенбаева мен белгілі композитор Төлеген Мұхамеджанов қонақтарға арнап шығармашылық кеш өткізді. Еліміздің еңбек сіңірген қайраткерлері біздің кешенде сауықтыру демалысында.
⠀
Сенім мен керемет концерт үшін алғыс айтамыз!
Сіздерді тағы да қуанышпен күтеміз!
Сіздерді ертең (4 маусым күні) өтетін ҚР Мәдениет қайраткері, сазгер Төлеген Мұхаммеджанов пен опера әншісі Нұржамал Үсенбаеваның шығармашылық ән кешіне шақырамыз!
Өтетін жері: Шипажай акт залы
Басталу уақыты: 20:30
Бүгіннен бастап «Ессентуки 4» емдік минералды суының «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешеніне тікелей жеткізу жүзеге асырылып жатқанын қуана хабарлаймыз!
Минералды су шипажай қонақтарына денсаулықты нығайту мақсатында тағайындалады. Бұл адам ағзасына, әсіресе ас қорыту жүйесінің күйіне жағымды әсер етеді.
«Ессентуки 4» емдік суының негізгі құпиясы – судың пайдалы құрамында.
Сауықтыру демалысында жүздескенше!
Брондау үшін:
+7 702 059 2020
Бүгін біз кішкентай қонақтарымызды тамаша жазғы мерекемен құттықтап, күні бойы ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырдық. Толығырақ видеоны инстаграм парақшамыздан көре аласыздар.
Балалар ғана емес, ата-аналар да бақытты!
Тағы да мереке құтты болсын, біздің сүйікті балапандар!
Балалар – біздің болашағымыз. Әр бала бақытты болуға лайық, ал ересектер бұған ықпал етуі керек. Жаздың алғашқы күінмен қатар келген жарқын мереке құтты болсын!
Мерекеге орай «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің event-менеджерлері ұйымдастырған ойындарға балалар мен ата-аналарды қуана күтеміз!