Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

Birge – Taza Qazaqstan

Біздің кешеннің қызметкерлері “Birge – taza Qazaqstan”республикалық экологиялық акциясын қолдады. Сенбілік аясында жаңа ағаштар отырғызылып, ауланың барлығы толығымен тазартылды.

Гирудотерапия жаңа медициналық процедурасы

Шипажайда гирудотерапия жаңа медициналық процедурасы іске қосылды
Гирудотерапия – денені сүліктермен табиғи емдеудің ең көне әдісі.

Бұл процедура біршама асқынуларды алдын алады. Сүліктер омыртқалы дискілердің арасына, зардап шеккен аймақтың үстіне және астына қойылады. Емшара массажбен, дәрі-дәрмектермен, дәрігер ұсынған диетамен бірге жүреді.

Сүліктердің саны мен емдеу ұзақтығын гирудотерапевт пациенттердің ауруының диагнозы мен сатысы бойынша тағайындайды.

Сүліктермен емдеудің пайдалы әсерін сезінгіңіз келсе, біздің шипажайға келіңіз!

Оттегі коктейльдерінің пайдасы

Адамға оттегі қажет екенін бәріміз білеміз. Бірақ, оттегі терапиясы Сұлулық пен денсаулықты сақтаудың тиімді әдісі болады деп ешкім болжай алмады. Ұзақ уақыт бойы ең танымал және өте дәмді әдіс – оттегі коктейльдерін қабылдау болды.

* Біздің фитобарымызда күн сайын біз қонақтарға ең пайдалы оттегі коктейльдерін дайындаймыз.

Курсты қабылдау кезінде:

– Оттегі тапшылығының тез орнын толтыру
– 250 мл оттегі коктейлі таза ауада серуендеудің 2-3 сағатын алмастырады
– Жүрек-тамыр жүйесі мен тыныс алу жолдарының жұмысы жақсарады
– Бауыр жұмысы жақсарады
– Аштық сезімі азаяды
– Шаш пен тырнақ терісінің жағдайы жақсарады
– Ағзаның жасаруына септігін тигізеді.

Сіздің денеңіз, әсіресе көктем мезгілінде, қолдауды қажет ететінін ұмытпаңы!
⠀⠀
Брондау бөлімінің байланыс номері: +7(702)-059-2020

Бассейн өз қонақтарын күтуде!

Құрметті қонақтар! Шипажай бассейні шағын жөндеу жұмыстарынан кейін қайта ашылғанын қуана хабарлаймыз!

Жұмыс уақыты:
• Сейсенбі мен жексенбі аралығында 8:00-ден 20:30-ға дейін;
Түскі үзіліс 14:00-15:00 аралығында;
• Дүйсенбі – санитарлық күн;
• Су температурасы 27 градус.

Брондау үшін:
+7 702 059 2020

«Сау омыртқа» сауықтыру бағдарламасы

Күні бойы отыру, аз қимылдау, жарақаттар біздің денемізге теріс әсер етеді. Әдемі қалыпта болу эстетикалық тұрғыдан ғана емес, денсаулықты жақсы жағдайда ұстау үшін де маңызды.

«Сау омыртқа» – біздің «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешеніндегі сауықтыру бағдарламаларының бірі.

Егер сізде:

*жатыр мойны, кеуде және бел остеохондрозы;
*радикулит;
*дискілердің жарығы;
*буындардың деформациялық артрозы;
*невриттер;
*плекситтер;
*невралгия болса, осы бағдарламадан өтуге кеңес береміз.

Сауықтыру бағдарламасынан қандай нәтиже күтуге болады?

*ауырсынуды жою;
*қозғалу белсенділігін қалпына келтіру;
*ремиссия кезеңін ұзарту.
*Омыртқаның қисықтығы, бүкірею сынды диагнозы бар адамдар *ауырсынуды жеңілдету үшін, сондай-ақ қозғалысты арттыру үшін *омыртқаға әсер ететін бұлшықеттерді ұзарту және нығайтуы керек.

Сіздерді сауықтыру демалысында күтеміз! Толық ақпаратты +7 702 059 20 20 телефоны арқылы алуға болады

Қасиетті Рамазан айында шипажайда тамақтану

Барлық ораза ұстаушылар үшін бізде арнайы мәзір бар.

Тамақ – энергия, дәрумендер, макро-және микроэлементтер көзі. Қасиетті Рамазан айында ораза ұстау кезінде дұрыс тамақтану өте маңызды

Ауызашардағы мейрамханада біз өз қонақтарымыз үшін барлық ережелерді сақтай отырып, сондай-ақ тағамдардың қажетті құнарлығын ескеріп, аспазшыларымыз жасаған арнайы мәзірді ұсынамыз.

Онымен қоса, біздің қонақтар үшін кешкі астан кейін сәресіне арналған тағамды нөмірлеріне арнайы жеткіземіз.

Аяққа арналған жаңа медициналық аппарат

Жақсы жаңалықпен бөлісуге асықпыз! Біздің шипажайда аяққа арналған терапия әсерімен «Сапоги» жаңа аппараты іске қосылды.

Бұл аяқ денсаулығына арналған бірегей аппарат. Бұлшықет тонусын жоғарылатуға, жүйке жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіруге көмектесетін көптеген функциялары бар. Осындай аппараттың көмегімен лимфа дренаждық массажының әсеріне қол жеткізеді.

Денсаулыққа пайдалы нағыз релаксацияны сезінгіңіз келе ме? Онда біздің шипажайға сауығу үшін келіңіз!

Байқау жеңімпазы біздің шипажайда сауықтыру демалысында

Өткен жылдың соңында біз шипажай аккаунтында инста-байқау өткіздік. Бас жүлде біздің кешенге 2 жолдама болды.
Байқаудың жеңімпазы біздің оқырманымыз @mahi_tmd анықталып, жақында жолдасымен бірге сауықтыруға келді.

Қонағымыздың сауықтыру демалысы туралы пікірімен төмендегі сілтеме арқылы бөліскіміз келеді. https://fb.watch/ct3ja2n0XG/

Қатысқан барша оқырмандарға алғыс айтамыз! Келесі кездескенше!

Маңызды ақпарат!

Құрметті қонақтар!

2022 жылғы 28 наурыздағы жарлыққа сәйкес шипажайға келер алдын ПТР-тестін тапсыру енді қажет емес екенін және «Ashyq» қосымшасы арқылы кіру күшін жойғанын хабарлаймыз.

Біз үшін ең бастысы – сіздің денсаулығыңыз. Сізге деген қамқорлықпен, «Оқ-Жетпес»!

ДЕНЕНІ ҚАЛАЙ СЕРГІТУГЕ ЖӘНЕ ЖАЙЛЫ ДЕМАЛУҒА БОЛАДЫ?

SPA – бұл керемет демалудың, толықтай босаңсу, жан-дүниенің үйлесімділігіне жету, күш-қуат пен денсаулықты қалыпқа келтірудің бірегей мүмкіндігі. Сіздердің назарларыңызға «Ай және Күн» – азиялық массаж сфералары бар сергіткіш SPA-күтімін ұсынасыз.

Бұл процедура тәніңіз бен жаныңызға нағыз рахат сыйлайды әрі теріні қалпына келтіреді. Ол екі түрлі сфераны қолдана отырып, екі массаж әдісін біріктіретін күтім.

Қызғылт сары “Күннің” жылуымен толтырылған сфералар бұлшықет кернеуін жеңілдетеді.

Индиго түсінің «Ай» сфералары үйлесімділік пен тыныштық сезімін қайтарады. Күн мен Айдың бұл одағы әрқайсымызға ерекше күш пен жұмсақтықты символдық түрде біріктіреді.

Нәтижесінде өмірлік энергия мен тері тонусы қалпына келеді, бүкіл денеде сергектік пен жеңілдік сезімі пайда болады. Сонымен қатар, теріні тез ылғалдандыратын әсері бар.

Сіздерді сұлулық пен сауықтыру демалысында күтеміз!

+7(702)059 20 20

Брондау Онлайн төлем Оператор