Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

Балаларды қорғау күні

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Оқжетпес» шипажайында кешеннің кішкентай қонақтарына арналған мерекелік күн өтті.
Мереке 10:00-де «Көңілді старт» бағдарламасымен басталды. Тимбилдинг: спорттық ойындар, эстафета;
– «Асфальттағы түрлі-түсті әлем» суреттер байқауы;
– «Ало, біз таланттарды іздейміз» шығармашылық концерті;
– Ертегі және мультипликациялық кейіпкерлердің қатысуымен «Бақытты балалық шақ» анимациялық бағдарламасы, – Флеш-моб
– Аниматорлармен фотосессия
– Балаларға базарлық – балмұздақ таратылып, белсенді балақайлар мараппаталды.
16:00-ден бастап, ойын-сауық бағдарламасы басталды.
– Аниматорлармен белсенді ойындар
– Би жарыстары
– Аквагрим
– Қызықты байқаулар
– «Көңілді карусель» эстафетасымен жалғасты.
18:00-де Мультфильм көрсетілімі өтті.
Ал, 20:00-де «Super star» балалар караокесімен аяқталды.
Балалар бақытты болса, біз де бақыттымыз!

Оңалту және релаксация

Ароматерапия және музыкалық терапия арқылы оңалту. Бұл терапия шипажайдың жасыл аймағында орналасқан киіз үйде өткізіледі. Онда сіз табиғатпен бірлікті сезініп, жайлылықты сезініп, демала аласыз.
Киіз үйде сізді жайлы дивандар мен креслолар, жағымды тыныштандыратын музыка, жеке құлаққаптар мен жағымды хош иіс күтеді.
Біздің ұлттық тұрғын үйіміздің әсемдігі мен Бурабайдың сөз жетпес табиғаты нағыз үйлесімділік. Бұл, әрине, адамның эмоционалды және физикалық жағдайына оң әсер етеді.

Шипажайдағы тамақтану

Тамақтану – бұл емдеу процесінің маңызды компоненттерінің бірі. Сондықтан біз сіздер үшін дұрыс тамақтануды ұйымдастыруда ерекше назар аударамыз.⠀
Біздің емдеу-сауықтыру кешенінде төрт мезгіл тамақтану режимі, сондай-ақ қымыз қабылдау рәсімі ұйымдастырылған. Медициналық көрсеткіштер бойынша жиі тамақтануды қажет ететін қонақтар үшін дәрігерлердің тағайындауы бойынша қосымша тамақтану белгіленеді немесе жеке тамақтану тәртібі тағайындалады.
Сіздерге ыңғайлы болуы үшін өз таңдауыңыз арқылы келесі күні алдын-ала тапсырыс беру жүйесін қолданамыз. Тамақтану жиілігі емдік кезеңге және диетолог тағайындаған диетаға байланысты төрт, бес немесе алты рет болуы мүмкін.
Тамақтану тұру құнына кіреді, ал мәзір әр түрлі және оны өзіңіз таңдай аласыз.
Сіздерді сауықтыру демалысына күтеміз!
+7(702)059 20 20

Ультрадыбыстық терапия

Заманауи медицина соңғы жылдары қарқынды алға жылжып, ағзаны емдеудің көптеген түрлері пайда болды. Бүгін біз сіздерге ультрадыбыспен емдеу туралы ақпарат дайындадық.
Ультрадыбыстың адам ағзасына қабынуға қарсы, анальгетикалық, қалпына келтіретін, десенсибилизаторлық әсері бар.
Ультрадыбысты қолдана отырып, теріге ультрафонофорез препараттарын енгізуге болады.
Біздің шипажайда ультрадыбыстық емдеу ағзаның көптеген ауруларына қарсы қолданылады, мысалы, артрит немесе артроз, гинекологиялық, урологиялық аурулар, жарақаттар, перифериялық жүйке жүйесінің аурулары және т.б.
Өз денсаулығыңызға қамқор болыңыз, сауықтыру демалысында кездескенше!

Климаттық терапия

Біздің шипажай Щучье-Бурабай курорттық аймағында орналасқан. Бұл біздің еліміздегі бірегей аймақ.

Себебі, мұнда кешенді емдеудің маңызды құрамдары жинақталған: «Май-Балық» көлінің бірегей минералды суы, Балпаш-Сор көлінің балшығы, меншікті радонды бұлақ көзі, оның ішінде ауыз су, қымызбен емдеу пантамен емдеу бар.
Бурабайдың саф ауасы, қарағайлы орманы – мұның бәрі адам ағзасына тек пайдалы әсерін тигізеді.
Климаттық терапия арқылы біздің кешенде төмендегі ауруларды алдын алып, емделеді:
• Жүрек-тамыр жүйесі;
• Тыныс алу органдары;
• Ас қорыту;
• Эндокринді жүйе және зат алмасу;
• Урологиялық және гинекологиялық аурулар;
• Жүйке жүйесі.
Күйбең тіршіліктен бір сәт демалып, сауықтыру шараларынан өткіңіз келсе, бізге келіңіз!

Халықаралық медбикелер күні

Бүгін Халықаралық медбикелер күні. Еліміздің және біздің шипажайдың медбикелерін кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгін әлеуметтік желідегі парақшаларымыздың барлық шығарылымдарын сіздерге арнаймыз! Сіздерге деген ерекше құрметпен, «Оқжетпес»!

Мүсіндік массаж

Егер бетіңіз шаршаңқы көрініп, көз астында қара шеңберлер пайда болса және бетіңізді мүсіні өзіңізге ұнамаса, онда сізге мүсіндік бет массажы процедурасын өтуге кеңес береміз.
Біздің шипажайда массаждың бұл түрін білікті маман жасайды. Массаж құны 20 минутқа созылатын процедура үшін 2700 теңгені құрайды.
Сауықтыру демалысында кездескенше!

ЖЕҢІС КҮНІМЕН!

«Оқжетпес» шипажайының ұжымы бүгін барлық қонақтарды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады. Мерекеге орай, ашық алаңда барлық сақтық шараларын сақтай отырып, мерекелік кеш пен ас берілді.
Барша оқырмандарымызды да Ұлы мерекемен шын жүректен құттықаймыз! Көк туымыз көгімізде мәңгі желбірей берсін!

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН!

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ барлық ерлер қауымын және біздің шипажайдың мықты, ақылды қорғаушыларын шын жүректен мерекемен құттықтаймыз!
Сіздердің әрқайсыларыңыз – өз Отанын, өз отбасын, өз ошағын қорғайтын азаматтарсыздар. Сіздердің қаруларыңыз – ақыл, кәсібилік пен қолдау көрсете алу! Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын!

Шипажайдағы хамам моншасы

Хамам моншасының ағаза пайдасы туралы баршаға мәлім. Бұл монша біздің де шипажайлк бар. Ондағы ауа температурасы 35-тен 50 градусқа дейін өзгереді.
Шипажайдағы хамам түрік моншасы жолдама құнына кіреді.
Моншаның тірек-қимыл аппараты үшін үлкен пайдасы бар. Тұз жиналу, артрит, ревматизм, бұлшықет созылуы және басқа аурулар кезінде хамамға 2-3 рет барғаннан кейін ұзақ уақыт бойы сізді мазаламайды. Хамам суық тию ауруларын емдеуге көмектеседі.
Сауықтыру демалысында кездескенше!

Брондау Онлайн төлем Оператор