Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІМЕН!

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ Сіздерді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтайды!
Наурыз – барлық қазақстандықтарды бір шаңырақ астында біріктіретін ең көне және құрметті мерекелердің бірі. Жаңа жылды қарсы алу ғана емес, сонымен бірге көктемгі күннің теңесуімен қатар, бұл көктем мерекесі, тіршіліктің оянуы, табиғаттың жаңаруы.
Наурыз адамзатты біріктіріп, бейбітшілікке, ізгілік пен өзара көмекке деген ұмтылысты түп-тамырымен жандандырады.
Наурыз әр үйге бейбітшілік, тыныштық пен амандық әкелсін!
Сіздерге денсаулық, бақыт, адал достар, мықты отбасы, еңбекте жеміс, көктемгі көңіл-күй мен өмірлік қуаныш тілейміз!

Қол мен аяққа арналған механикалық массаж

«Marutaka Hand» аппараты қол мен аяқты тыныштандыратын, косметикалық және профилактикалық әсері бар мықты аппарат ретінде шипажайда ұсынылады.
Күнделікті 15 минуттық қол массажы жалпы денсаулыққа жағымды әсер етеді және қолдардың жас көрінуіне мүмкіндік береді.
«Marutaka Hand LWG» акупунктуралық әсерінің нәтижелері:
– Қол мен білек бұлшықеттерінің икемділігі жақсарады;
– Белсенді жұмыстан немесе спорттан кейін қолдың ауыруы жойылады;
– Қолдың терісі жасарады;
– Буындардың икемділігін қалпына келтіреді;
– Қол және білек бұлшықеттерінің серпімділігін нығайтады;
Сіздерді сауықтыру демалысында күтеміз!
Брондау бөлімінің байланыстары: +7(702)-059-2020

КӨКТЕМ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ЕРЕКШЕ КЕШ

Біз әдемі әріптестерімізді 8 наурыз мерекесімен құттықтап, мерекелік кеш өткіздік.
Бізбен бірге осы құттықтаудың бір бөлігі болуды және сүйікті әйелдеріңізді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтауға шақырамыз! Біз әрқашан құлпырып жүрулеріңізді, әрдайым сүйіспеншілік пен жарқырап жүрулеріңізді тілейміз!
Ең бастысы, денсаулықтарыңыз мықты болсын!

ҚҰРМЕТТІ ХАНЫМДАР, МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН!

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ ұжымы Сіздерді жылдың ең нәзік мерекесі-Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды!

Сіздерге барлық армандарыңыздың орындалуын, көңіл-күйіңіздің әрқашан көтеріңкі болуын тілейміз! Сіздердің нұрлы жүздеріңізді ешқашан мұң шалмасын, дендеріңіз сау, бауырларыңыз бүтін, отбасыларыңыз аман болсын!
Көктемнің жарық күніндей өміріңіз сәнді болғай!

Ағза диагностикасы 5 минутта

Қалай ойлайсыз, қысқа мерзімде денені толық тексеру мүмкін бе?
«МЕДСКАНЕР БИОРС-04» аппаратымен әрине мүмкін.
Медициналық аппарат пациент денсаулығының негізгі аспектілерін көрсетуге және диагностиканың 10 түрін, терапияның 8 түрін және дәрі-дәрмек тестін өткізуге мүмкіндік береді. Біздің шипажай жағдайында сіз бар емдік базаны ескере отырып, оңалтуға байланысты сапалы іс-шараларды жеке өткізе аласыз. Бұл, әрине, тамаша нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Артықшылықтары:
– Толық ағза диагностикасы 5 минутта;
– Жеке тәсіл және сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру ;
– Нәтижелерді бақылау;
– Сауықтыру барысын уақтылы түзету;
– Емдеу стратегиясын құру;
Сіздерді сауықтыру демалысында күтеміз!
Брондау бөлімінің байланыс номері: +7(702)-059-2020

КӨКТЕМНІҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІМЕН!

Көктем — табиғаттың оянып, жаңаратын сәті. Шабыт пен гүлдену уақыты. Бұл мезгіл – сұлулық, тазалық, жылулық, жарық және махаббат сыйлайтын кез. Сондықтан, өзіңіз бен өз денсаулығыңызға ерекше назар аударыңыз!
Баршаңызды көптен күткен көктемнің басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат және көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!

Терапевт дәрігермен тікелей эфир

Құрметті достар! 1 наурыздан бастап біз шипажай дәрігерлерімен бірігіп, пайдалы тікелей эфирлер өткізуді бастаймыз.
Бірінші эфирді сейсенбі күні сағат 19:00-де терапевт-дәрігер, PhD ғылым докторы @sholpanabaltabaeva және біздің кешеннің баспасөз хатшысы @dinaoraz -бен өткіземіз
Егер сұрақтарыңыз болса, жазыңыздар! Тікелей эфирде кездескенше!

Әріптесімізді құттықтаймыз!

Біздің шипажайда әр кеш пен мереке күндері қонақтарымыздың көңілін көтеріп, әсем әндерімен қуантатын әріптесіміз Гүлнұр Аймахан облыстық ән фестиваліне қатысып, үздіктер қатарынана еніп, марапатталды.
Әріптесімізді шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!

ТЫНЫС АЛУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ИНГАЛЯЦИЯСЫ

Көктем – бұл суық тию мен тұмаудың уақыты. Cондықтан осы маусымның барлық “сыйлығынан” аулақ болу үшін тыныс алу жолдарының ингаляциясын жиі жасауға кеңес береміз.
Ингаляция әсіресе коронавирустық инфекциядан кейінгі оңалту аясында маңызды және пайдалы.
Емдік компоненттер ретінде біз шөптерді, минералды суды, эфир майларын қолданамыз.
Біздің кешенде басқа оңалту процедураларымен бірге ингаляция курсынан өтуге болады.
Қосымша ақпарат: +7(702)059 20 20

Емшаралар қалай тағайындалады?

Шипажайға келген күні сізді міндетті түрде емдеуші дәрігердің қабылдауына жібереді. Дәрігер сіздің денсаулығыңызға қатысты ақпарат арқылы емшаралар тізімін тағайындайды. Ол тізімге міндетті түрде жолдама құнына кіретін қызметтер де кіреді.
Уақыты мен күні сіздің санаторлық-курорттық картаңызда көрсетіледі.
Толық ақпаратты +7 (71636)78 – 101, +7 702 059 20 20 телефондары арқылы ала аласыз.
Емдеу-сауықтыру кешенінде жүздескенше!

Брондау Онлайн төлем Оператор